Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:06, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.
Бұл тақырып ел экономикасы үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстаннның барлық әкімшілік – экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Инфляцияға қарсы саясатты
сипаттағанда, екі әдістемені бөліп
айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде
белсенді бюджет саясаты жүргізіледі
– сұранымға ықпал жасау
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемлді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) келісімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу керек.
III. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар.
3.1 Инфляцияның 2010 жылға дейінгі даму барысы.
Қазақстан экономикасында сақталып
отырған жақсы жағдайға байланысты
Қазақстан республикасының
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.
1-кестедегі мәліметтерде
берілгендей, соңғы жылдары
2002 жылдан бастап Ұлттық
Банк өзінің ең басты мақсатын
ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі
еуростандарттарға жақындауға
Таргеттеу (ағыл. targeting –
бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық
саясатта – бұл ортамерзімдік
перспективада негізгі
Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (3 сурет). /12, 57б./
Ең бірінші болып инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті.
3 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы
Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.
Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының
деңгейіне жақын болуы
Қазақстандағы болжамды және нақты инфляция деңгейі
2-кесте.
жылдар |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
орта жылдық инфляция, % (болжам) |
5-7 |
4-6 |
5-7 |
4-6 |
4-6 |
орта жылдық инфляция, % (нақты) |
5.9 |
6.4 |
6.9 |
7.6 |
- |
ортажылдық базалық инфляция, % (болжам) |
- |
- |
4-6 |
3-5 |
3-5 |
периодтың соңына инфляция деңгейі, % (нақты) |
6.6 |
6.8 |
6.7 |
7.8 |
- |
Инфляцияның даму барысының болжамын келесі 3-кестеден көруге болады. /12, 58б./
Ортамерзімдік инфляция көрсеткіштері, 2003-2010
3-кесте
жылдар |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
нақты |
болжам | |||||||
Период соңындағы инфляция деңгейі, % |
6,8 |
6,7 |
7,6 |
6,9 |
7,1 |
6,4 |
5,9 |
5,5 |
Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:
Ұлттық Банктің инфляциялық
таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің
терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен
тұратын инфляциялық
Күшті жақтары.
Соңғы жылдардың қорытындылары
бойынша Қазақстан бұрынғы
2004 жылдан бастап қаржы
нарығындағы бақылаушы және
Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.
Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін қазіргі таңда аса маңызды және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.
Ақша-кредит құралын қолдану
деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі
инфляциялық таргеттеуді
Соңғы жылдары теңге енгізілгені
кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың
АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны
байқалды және ол Қазақстанның бүкіл
қаржы секторында көрініс тапты.
Ұлттық валютаның ревальвациясы
коммерциялық банктердің депозит базасының
деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып
отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта
Қазақстан экономикасын дедолларизацияға
әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі
жайлы жағдайдың сақталып отыруы
пайыз ставкаларының процесін құрудағы
маңызды рөлін атқарып
Әлсіз жақтары. Қазақстанның
шикізатқа бағытталған
Қазақстанның қаржы секторы реалды секторға қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.
Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.