Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:12, реферат
Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика сонымен қатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды.
Негізгі бөлім: 1. Инфляция: мәні, себептері және түрлері
2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы
4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ»
Орындаған: Құдайбергенова Дана
Оқытушының аты-жөні : Касенова Акбота Солтанбековна
Алматы, 2013
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
зардаптары
3. Жұмыссыздық: мәні, себептері,
түрлері. Оукен заңы
4. Инфляция мен жұмыссыздықтың
өзара байланысы. Филлипс қисығы
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі кездегі ауқымды
өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық
саласын жан-жақты қамтуда
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол
экономиканың кез – келген үлгісінде
орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы
ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ
кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы
ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде
– де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің
көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты
тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай
болса , оларға жұмыс жасайтын ақшаның
да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде
айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі
артық болып шығуы мүмкін . Тап осындай
жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де
туады. Ақша айналымын жеделдету , басқа
жағдайлары бірдей болғанда, айналымға
қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
1. ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ
Инфляция – елдегі жалпы
баға деңгейінің тұрақты өсуінен ақшаның
құнсыздануы. Бірақ бұл барлық тауарларға
баға өседі деген емес. Инфляция деңгейі
өте жоғары болғанының өзінде кейбір тауарларға
баға тұрақты болады.
Инфляция кешенді себептерден туындайды,
олардың ең маңыздылары мыналар болып
табылады:
Инфляцияны болу себептеріне
байланысты сұраныс инфляциясы және
ұсыныс инфляциясы бөледі.
Сұраныс инфляциясы –
тауар көлеміне байланысты артық ақшаның
пайда болуы. Бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстың бір біріне сәйкес келмей, сұраныстың
ұсыныстан артып кетуі. Мұны кей жағдайда
«аз тауардың соңынан көп ақшаның жүруі»
деп те атайды. Тауарларға сұраныстың
өсуі бағаның өсуіне әкеледі. Мәселен,
тауарға сұраныс өскенде AD қисығы AD1 қисығына
жылжиды, нәтижесінде баға Р деңгейінен
Р1 деңгейіне өседі (43-сурет)
Ұсыныс инфляциясы
– өндіріс шығындарының өсуіне байланысты
бағаның көтерілуі. Шығындардың өсуі шикізатқа
бағаның өсуіне, мемлекеттің саясатына,
кәсіподақтардың іс әрекетіне байланысты
болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорындардың
іс-әрекетіне келетін болсақ олар жалақыны
көтеруді талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда
кәсіпорынның шығындары өседі де кәсіпкер
тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Суретте ұсыныс AS –дан AS1 жағдайына жылжығанда,
баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі (44
–сурет)
Құрылымдық инфляция сұраныс инфляциясы мен ұсыныс
инфляциясының ортасындағы аралық инфляция
болып табылады. Ол салааралық сәйкестіктің
бұзылу жағдайында туады. Жетілдірілген
жаңа шикізаттардың, тауарлардың пайда
болуынан сұраныс бір саладан басқа салаға
ауысады. Ол сала нарықты толық қанағаттандыра
алмағандықтан, саладағы тапшылық тауарлардың
қымбаттауына әкеледі
Шведтік экономист Б.Хансен инфляцияны
ашық және басылыңқы (жасырын) деп бөледі.
Ашық инфляция –
бағаның тұрақты өсу жағдайында байқалады.
Басылыңқы инфляция –
баға мен жалақы мемлекеттің қатаң бақылауында
болғанда пайда болады. Ол тауар тапшылығында,
өнім сапасының төмендеуінде, көлеңкелі
экономикада, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Инфляцияны қарқынына байланысты бірнеше
түрге бөледі:
Инфляция деңгейі баға индексі арқылы өлшенеді.
Инфляция деңгейі
= ТБИаж – ТБИбж
мұндағы ТБИ аж(бж) – ағымдық
жылдың (базалық жылдың) тұтыну бағасының
индексі.
Инфляция деңгейін сандық есептеудің
тағы да бір тәсілі «70 санының ережесі». Бұл
әдіс баға деңгейінің екі еселенуіне қажетті
жылдарды жылдам есептеуге мүмкіндік
береді. Ол үшін 70 санын жылдық инфляция
деңгейіне бөлу қажет.
2. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
зардаптарына ең алдымен инфляциялық
салықты жатқызады. Ол заңды түрде белгіленбесе
де, барлық халық үшін міндетті төлем.
Халық үшін инфляциядан келетін зиян оның
болжануына байланысты болады. Соған орай
инфляцияны болжанатын және болжанбайтын
деп бөледі.
Болжанатын инфляцияны адамдар
алдын ала біліп отырады. Сондықтан оған
дайын болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық
субъетілер жылдық инфляция деңгейі 10
% болады деп жорамалдайтын болса, онда
олар өздерінің атаулы (номиналды) табыстарын
өзгертеді: келісім-шарттарда жалақысын
көтеруді, аренда ақысын өсіруді алдын-ала
қарастырады. Банктік операцияларда атаулы
пайыздық мөлшерлеме нақтыға қарағанда
10% -ға өседі.
Болжанбайтын инфляция күтпеген
жағдайда тосын пайда болады. Ол бағаның
кенеттен өсіп кетуі салдарынан туындайды.
Болжанбайтын инфляцияның әкелетін салдарлары:
Инфляцияның қоғамға әкелетін экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
7. Халықаралық қатынастарды,
жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады,
экономикалық қылмыстар мен астыртын
экономикалық дамуын жеделдетеді.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық
қатынастарға көшу терең эқономикалық
дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің
құлдырауы экономиканың барлық салаларында
жүріп жатты.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі
инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға
болады:
Реформаның барлық кезеңінде
инфляция экономикалық дағдарыстың
дәлелді сипаты болып табылады. Тұтыну
бағалары 1992 ж. – 3006 %-ды, 1993 ж. – 2266 %-ды
құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне
30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында
ол 55 %-ға жетті. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде
инфляция деңгейі 1993 ж. Осы мерзіммен салыстырғанда
608 %-дан 759 %-ға көтерілді.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық
саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция
айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның
жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының
индексі 1997 ж. – 11,2 %%; 1998 ж. – 1,9%; 1999 ж. –17,8%;
2000 ж. – 9,8%; 2001 ж. – 6,4 %, 2006 жылы 8,7 %-ды құрады.
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ. ОУКЕН ЗАҢЫ
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін
еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен
қамтылмауы.
Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:
^ Жасырын жұмыссыздық
- өндірісте және мемлекеттік аппаратта
артық жұмысшалардың қолдануы. Қазіргі
болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
^ Фрикциондық жұмыссыздық
– адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа,
бір жерден басқа жерге жұмыс іздеу мақсатында
ауысуы. Сондай-ақ мұндай жұмыссыздық
жас мамандардың оқу бітіргеннен кейін
уақытша жұмыссыз қалғанда пайда болады.
^ Маусымдық жұмыссыздық
– жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде
жұмыс жасауы. Бұл кейбір ауыл шаруашылығы
өндірісі саласында кездеседі, әсіресе
қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.
^ Құрылымдық жұмыссыздық
- өндірістік қуаттың жетіспеуінің
нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының
кері пропорционалды болуынан және ескі
саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың
нәтижесі ретінде қараймыз.
^Технологиялық жұмыссыздық
– адамдарды машинамен ауыстырудың
нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе
басқа мамандықты игеруді талап етеді.
^ Циклдық жұмыссыздық
- өндірістің құлдырауынан туындайды,
яғни экономиканың циклдық дамуымен байланысты.
ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары М.Фридмен
мен Э.Фелпс «ресурстардың толық қамтылуы»
және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі»
деген теорияларды ұсынды.
Ресурстардың
толық қамтылуы – жұмысқа қосылмаған
өндіріс қуатының деңгейін 10 -20 % деңгейінде
ұстап тұру.Жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі – жұмыспен толық қамтылған
жағдайдағы жұмыссыздық деңгейі, ол жалпы
жұмыс күшінің 5,5 - 6,5 пайызын қамтиды. Айтылған
көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
Толық жұмысбастылық деген жұмыссыздық
мүлдем жоқ деген түсінік емес. Толық жұмысбастылық
– циклдық жұмыссыздықтың болмауын білдіреді.
Оның деңгейі фрикциондық және құрылымдық
жұмыссыздықтың қосындысын құрайды.
Жұмысыздық
деңгейі - жалпы жұмыс
күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын
үлесі.
Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей өрнек
арқылы анықталады:
мұнда ЖД – жұмыссыздық
деңгейі; ЖС – жұмыссыздар саны; ЖК - жұмыс
күшінің саны.
Жұмыссыздық нәтижесінде еңбекке қабілетті
адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса
алмайды. Нәтижесінде қоғамға зиян келеді.
Осы зиянның экономикалық бағасы циклдық
үзіліске әкеледі. Циклдық үзіліс-
ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлуетті ЖҰӨ көлемінен
аз болуы. Әлеуетті ЖҰӨ көлемі дегеніміз
- жұмыспен толық қамтылған жағдайда өндірілген
өнім көлемі.
Циклдық үзіліс = әлуетті ЖҰӨ - нақты
ЖҰӨ
Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың
нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға
асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5%
құрайды. Оукен заңын мынадай теңдеу
арқылы көрсетуге болады:
мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ
көлемі; Ү – нақты ЖҰӨ көлемі; u – жұмыссыздықтың
нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі; ? – Оукен коэффициенті.
Егер нақты жұмыссыздық табиғи жұмыссыздықтан
1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс
көлемі әлеуеттіден ?пайызға төмен
болады.
4. ИНФЛЯЦИЯ
МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. ФИЛЛИПС
ҚИСЫҒЫ
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы
кері тәуелділікті “Филлипс қисығы”
көрсетеді (46-сурет).
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат
өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны
бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің
көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі
U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді)
өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету
үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие
шараларын қолданады, олар өз кезегінде
сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына,
жаңа жұмыс орындарының пайда болуына
әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне
дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде
инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды
Мұндай жағдайлар экономиканың
дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін,
сондықтан үкімет несие беруді тежеу,
мемлекеттік бюджеттің
ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде
Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни
бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның
болу жағдайлары байқалды. Экономикалық
теорияда бұл құбылысты стагфляция деп
атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция
арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке
ауысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Крымова В. «Экономикалық теория»
- Алматы, 2003ж.
2. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/
Алматы 2002ж
3. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық
Алматы: экономика, 2001ж
4. Халықаралық Қазақстан сайты (www.kazakh.ru)
5. Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ., Ескендіров
Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова
А. Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/
Алматы: экономика 2002ж