Халықаралық экономиканың қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 12:29, реферат

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастар.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын )

Работа содержит 1 файл

ХЭК Канабекова М..DOC

— 94.00 Кб (Скачать)

     Халықаралық экономикалық ұйымдардың түрлері: 

  1.  Халықаралық  әмбебап және арнайы экономикалық  ұйымдар

(ЭКОСОС, ЭСКАТО, ОЭС, БКҰ, ЮНКТАД, ОПЕК, ДСҰ). 

  1. Халықаралық аймақтық экономикалық ұйымдар мен Одақтар

(ТМД, НАФТА, АСЕАН, МЕРКОСУР). 

  1.  Халықаралық  валюта – қаржылық ұйымдар

(ХВҚ, БӘБ, ХДА, МБРР, АДБ). 

     Қазіргі таңда, нарықтық экономика заманында, біздің алға қойған негізгі мақсатымыз – туған жерімізді жан-жақты, оның ішінде тұрақты экономикалық және әлеуметтік жағынан дамыту, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына қосу, халқымыздың жоғары сапалы өмірін қамтамасыз ету болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» (2004 жылғы 19 наурыз), «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» (18 ақпан, 2005 ж.), «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (28 ақпан, 2007 ж.), «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (ақпан, 2008 ж.) сияқты барлық Жолдаулары мен «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі», «Қазақстан - 2030» Стратегияларындағы басты басымдылық – Қазақстанды бәсекеге қабілетті елге айналдыру, ол үлкен мақсатқа жету үшін шағын және орта бизнесті дамыту алға қойылуда. Ал ол үшін еліміздің экономикасын тиімді ұйымдастырудың маңызы зор, оның ішінде қазіргі таңдағы нарықтық экономиканың заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескеру экономиканы ілгері жылжытушы болып табылады.

     Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасы  нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін  жүйе болып саналады. Ол бірнеше  ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

     Нарық мәселесі төңірегінде осы күнге  дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен  зерттеулерде “нарық” деген терминнің  мәні осы күнге дейін толық  ашыла қойған жоқ. Нарық төңірегіндегі сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен тәжірибесінде алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.  
Біздің республикамыз пайдалы қазба байлықтарымен, ауқымды ауыл шаруашылық саласымен, білікті мамандарымен, өндірістік потенциялымен ерекшеленеді. Бүгін Қазақстан нақты жұмыс істейтін нарықтық экономикаға ие.  
Осы тақырыптың өзектілігі - біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынастары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.  
Курстық жұмысты жаза отырып мына мақсаттарды көздеймін: 

     - Қазақстанда нарықтық экономикалық  жүйенің қалыптасуы мен дамуының мәселелерін ашу;

     - Нарықтық экономикалық қалыптасу  Қазақстандық моделін сипаттау;

     - Нарықтың тиімді және тиімсіз  жақтарын, нарық инфрақұрылымын, нарықтық  экономиканық ерекшеліктерін, мемлекеттік  макроэкономикалық бағдарлауын зерттеу;

     - Қазақстан Республикасының нарықтық  экономиканы жетілдіруінің үдерістерін қарастыру.

     Экономиканың жылжу бағыты республикадағы экономикалық саясаттың тиімділігіне тікелей байланысты. Себебі, бұл саясатта нарықтық экономиканың қыр-сыры толық ескерілуі керек: нарықтың негізі – жекеменшік шаруашылығы, шектелген ресурстармен шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыруды ұйымдастыру, нарықты реттейтін заңдар жасау, т.б. Қажетті шарттардың барлығы неғұрлым дұрыс орындалса, соғұрлым көп пайда түсіп, өнімділік артып, барынша бәсеке туындайды, ал бәсеке – нарықтық экономиканың басты элементі. Бұл еліміздің экономикалық гүлденуі.

     Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-маусым айларында 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен  салыстырғанда  44,7%-ға артты.

     Көрсетілгендей, есеп кезеңіндегі бөлшек сауда көлемі 1 928,8 млрд. теңгені (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 12,4%-ға артты.

     Есеп  кезеңіндегі көтерме сауда көлемі 5 153,1 млрд. теңгені құрады және 2010 жылғы  қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 15,3%-ға артты.

     Азық-түлік  және сусындар жеткізу бойынша қызмет көрсету көлемі есептілік кезеңіне 94,2 млрд. теңгені құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 15,1% -ға артты.  

     Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері, ұйымдастырылмаған сауда есебінсіз) 2011 жылғы қаңтар-маусым айларынд $61 559,0 млн. құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 44,7%-ға артты, оның ішінде экспорт - $44916,3 млн (51,8%-ға артық), импорт - $16642,7 млн (28,4% -ға артық).

     Дүниежүзілік  экономиканы құрайтын қлттық шаруашылықтар  бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз  байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

     Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық  экономикалық қарым-қатынастардың  ең байырғы түрі — сыртқы сауда  қатынастары орнай бастады. Дамыған  елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-каржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.

     Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың  сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

     Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

     Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық  сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

     XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік  сыртқы саудада дамыған 25 ел  жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

     Сыртқы  сауданы халыкаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда  жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде кқрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.

                                    Қазақстанның сыртқы саудасы

2008 жылы  Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортка тиесілі болды.  Еліміздің сыртқы саудасының  географиялық құрылымы соңғы  онжылдықта едәуір өзгеріске  түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардыңүлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген.. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық қцрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байла- нысты едөуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мүнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралыгында кемірді сыртка сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік күралдарын сатып алуға жүмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Қазакстанның сырткы саудасының тауарлық құрылымы 50-сызбанүсқада көрсетілген. Сонымен, дцниежцзілік сыртқы сауда — халықаралың географиялық еңбек бөлінісі негізінде ірлттық шаруашылыцтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы курделі жуйенің қурамдас бөлігі болып табылады.  

Информация о работе Халықаралық экономиканың қалыптасуы