Бәсекелестік және монополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:43, лекция

Описание работы

Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.

Работа содержит 1 файл

Бәсекелестік және монополия.docx

— 18.02 Кб (Скачать)

Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:

- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;

- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;

- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;

- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;

- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;

- еркін, реттелген.  Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;

- шет ел инвестициясын  ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;

- экспорт-импорт  операцияларына лицензия беру;

- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.

Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

- дербестік және тәуелсіздік;

- экономикалық ынталылық;

- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

- жаңашылдық.

Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:

1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;

2. Адамдар ресурсы  – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.

Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.

Тауарлар екіге  бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.

Информация о работе Бәсекелестік және монополия