Бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Содержание

Кіріспе
1 Бәсекелестіктің теориялық негіздері 5
1.1 Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы 5
1.2 Бәсекенің түрлері 6
1.3 Бәсекелестікке қабілеттілік 9
2 ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері 12
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі 12
2.2 Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау 13
3 Антимонополиялық саясат 21 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

БӘСЕКЕ 333.doc

— 220.00 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

      Кіріспе

1  Бәсекелестіктің теориялық негіздері 5

1.1 Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы  5

1.2  Бәсекенің түрлері 6

1.3  Бәсекелестікке қабілеттілік  9

2  ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері  12

2.1  Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі  12

2.2  Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау                                     13

3  Антимонополиялық саясат              21 Қорытынды

          Қолданылған әдебиеттердің  тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

    Экономиканың  дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

    Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

    Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық  кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары  елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.

    Қазақстанның  осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс  істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

    Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі  дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан тамақ өнеркәсібінің кондитерлік саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.

    Экономиканың  тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқару  қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

    Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

    Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен  бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.

    Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы  кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

    «...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің  пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...» деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

    Осыған  байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет. Міне, осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 Бәсекелестіктің теориялық негіздері 
 

    1. Бәсекелестік  түсінігі, мәні, маңызы
 

    Бәсекелестік- бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы  үшін, тауарды дұрыстап сату мен  сатып алу үшін бақталастық.

      Бәсекелестік- экономикалық күрес, оқшауланған өндірушіредің өнім, жұмыс, қызмет көрсеті үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыстадағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетуменбайланысты.

      Бәсеке-тауар  өндірушілердің капиталды ыңғайлы  салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат  көздері үшін өзара  жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.

      Бәсеке  қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер  бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі  бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының  азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.

      Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестін бағалық  тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы  жоғарғы және монополиялы төмен  бағаларды қолдану жатады. Бағалық  тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация  тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен  нарықтық бағалар).

      Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың  дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының  әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы  монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабьылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қоғауымен жүзеге асады.

Бәсекелестік  күрестің баға еместік тәсілі де пайда  болуда. Бәсекелестіктің баға еместік  тәсіліне мыналар жатиады: тауар  сапасының, жануаруын, дизайнын жақсартумен  байланыстылығы, оның өте ұлкен асортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте  жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.

      Өнім  үшін бәсеклестік-бәсекелестің сала нарығының  бір бөлігін алып қоюға ұмтылды  және ол жаға ассортименттә әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бәр және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады. Мысалы, АҚШ-да бір мезгілде үнның 10 мың сорты, консервеленген жүгерінің 4- мыңнан астам түрі, ашылықтың 50 сорты сатылады.

      Сату  шарты бойынша бәсекелестік- сатып  алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс- әрекеттерді қолданалы. Бұл бісекелекке жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.

      Бәсекелестің  баға еместік ерекше тәсіліне тауарды  ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз. Соңғысы өндіріс құралжабдығын пайдалануды көрсетеді және оларды (өндіріс құрал жабдығын) меншікке алудың орнына, яғни машина мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндіріске берілетін жабдықтарды ұзақ мерзімге жалгерлікке беру. Мұның классикалықжалгерліктен айырмашылы лизинг кезіндегі өзара қатынастар сатып алу- сату келісімі жағдайына қүрылады.

      Нарықтық  қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардын бірі-бәсеке (латын сөзі конкурро-түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір- бірімен нарықтағы тауар ұсыныны мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені- нарықтағы бағаны, сқраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз.

      Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде  белгілі. Бәсеке нарық субъектісінің  тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы  өткізу үшін өзара экономикалық жарысын  көрсетеді немесе қаржыны өте  пайдалы жұмсау.

      Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқытарын нарықта  өктем жүргізеді.

      Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен моноролия  бір біріне кері ұғымдар. батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда- саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады. 
 

          1.2 Бәсекенің түрлері  

    Бәсеке  негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.

    Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады.

    Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.

    1990-шы  жылдары бәсекенің мүлдем басқа  анықтамасына негізделген теориялық  тұжырымдамалар пайда болды. 

    Бәсеке  ұғымының дамуына ресейлік және қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған  Қазақстанда шаруашылық жүргізу  жағдайларының түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы дәлел болып отыр.

    Бәсеке  пайда болып дамитын жерде  бәсекелестік артықшылықтар туындайды.

    Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды  қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.

    Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.

    Бәсекеге  қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып  табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика  қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады.

    Ел  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі  – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

    Бәсекеге  қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.  

Информация о работе Бәсеке