Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 10:59, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1БӨЛІМ.БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ………………………………………………….......................................4
1.1 Жетілген бәсеке………………………………………………………….........6
1.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке…………………………………….........11
2 БӨЛІМ.БӘСЕКЕНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ.........................................13
2.1 Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері.............................................................................…………………16
2.2 Кәсіпорынның жетілген бәсеке нарығындағы іс-әрекеттері..........……….18
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................…………………………………………
• коммерциялық;
• қаржылық;
• несиелік;
• проценттік.
Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.
Қаржылық қауіп-қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда болады.
Несиелік қауіп – қарыз алушының қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.
Проценттік қауіп-қатер –процент нормасының өсуіне байланысты құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.
Әдетте, мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі, осы әрекетке қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.
Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік) – фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші немесе сатып алушы бағалардың ұнамсыз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.
Фьючерстік контракт деп тауарды кейін (болашақта) жеткізу туралы келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хеджирленуді мақсат етеді – жеткізуші немесе сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.
2.2 Кәсіпорынның жетілген бәсеке нарығындағы іс-әрекеттері
Кәсіпорынның қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп-қатер факторының болуы өте зор стимул болып табылады.
Қауіп-қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық түрлері болады.
Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке алынады, сөйтіп осы деректерге сүйене отырып, қауіп-қатердің ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.
Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.
Есептеу-аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді.
Кәсіпорындардың көбіне қауіп-қатерлік мәселелерімен айналасатын менеджер болады. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің барысында қауіп-қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды.
Өзін-өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны кәсіпорынның барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:
• жалпы кәсіпорынның және оның мбөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
• тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу;
• баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысын анықтау;
• жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу проблемасын табу.
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық өызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов
Кәсіпорын экономикасы
Алматы, «Экономика»,2003.
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.Жанайдаров
Экономикалық теория
Астана,2002.
3. Экономикалық теория
Алматы, «Санат»,1998.
4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов
Экономикалық теория
Алматы, «Экономика»,2003
5. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова
Микроэкономика
Алматы, «Экономика»,2000.
6. Қ.Р.Нұрғалиев
Қазақстан экономикасы
Алматы, «Қазақ университеті»,1999.
Информация о работе Бәсеке және оның турлері. Бәсеке және монополия