«Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:38, курсовая работа

Описание работы

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі...........................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау.................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі...............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар..........................................

Работа содержит 1 файл

басқару дипломная.doc

— 706.50 Кб (Скачать)
="justify">     Кәсіпорынның  шығындары туралы түсінік үш маңызды  жағдайға негізделеді:

  • шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

     Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері нарық жағдайлары  мен шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын  тауарлардың мөлшері және  оның  бағасымен байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына  кіретін нақты шығындар.  Бұлар шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның ішінде  кәсіпорынның өз  меншігіндегі  
сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.

     Кәсіпорын  табысы  екі  түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

  • өнім  бағасы;
  • өнім  өндірісіне жұмсалатын шығындар. 

     Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағдайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен болмайды, ол  автоматты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар - өндіріс  шығындарына қарағанда  басқаша түрде болады.  Олар  тұтынылатын еңбектік немесе  материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына және  басқа факторларға байланысты  өсуі  немесе төмендеуі мүмкін.  
Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

      Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және  басқа да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

      Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

  • ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды  қолдану;
  • өндірісті дайындау  және  үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);
  • рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;
  • өндірістік  процеске  қызмет  ету;
  • өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқа да еңбек құралдары және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда ұстау,   
    санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;
  • қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;
  • өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты 
      қызметкерлерінің, фирма және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін,  
    іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б;
  • кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;
  • мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

           Кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

     Материалдық  құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет  көрсету адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

      Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге аударылған,  өзіндік құнға қосылғандар оларды  өткізу  бағасында өткеріледі.  
Осылайша, өзіндік  құн - кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді. Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.   
Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

      Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құны  саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

      Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті - жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші.  
Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы - ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына  
сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес қорларға  аудрымдар жүргізеді - бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

      Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды  
шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

      Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға  байланысты болады. Олар бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

      Өнімнің  өзіндік  құны - синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

  • өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі;
  • өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды;
  • өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

      Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  екі  түрлі негізгі белгілер  бойынша жіктеледі:

  • шығындардың  алғашқы элементтері бойынша;
  • пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

      Шығындарды  экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

  • еңбекке төлем шығындары;
  • әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
  • мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
  • амортизация;
  • басқа шығындар.

      Қарастырылып  отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

      Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары  бойынша  топтау, яғни  өндіріс  процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

      Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар  бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша  шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген:

  • шикізат және материалдар;
  • жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; 
  • өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы;
  • технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
  • әлуметтік сақтандыруларға аударым;
  • цехтық шығындар;
  • жалпы шаруашылық шығындар;
  • коммерциялық шығындар;
  • жалпы өндірістік шығындар.

      Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді.  
Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

      Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

     Қарастырылатын  құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу.  
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды. 

     Шығындарды  есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

     Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты  басшыларға дұрыс, негізделген шешім  қабылдауға көмектесу. Сол себепті  шығындар жіктемесі процесінің мәні - бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

     Нарықтық  экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.  
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару үрдісінде шығындарды басқару функциялары бойынша бөлу 1-ші кестеде берілген.
 
 

     Кесте 1

     Шығындардың басқару функциялары бойынша  жіктемесі

Жіктемелік  белгілері бойынша Басқару функцияларына  байланысты шығындардың түрлері
1 Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша - нақты және  баламалы;

    - релевантты, релевантты емес;

  • - тиімді және тиімсіз.
2 Болжау  үрдісі
  • қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік
3 Жоспарлау үрдісі
  • жоспарланатын және жоспарланбайтын
4 Мөлшерлеу үрдісі
  • стандарттар, нормалар мен нормативтер және олардан ауытқуы
5 Ұйымдастыру үрдісі
  • пайда болу орны мен аясына қарай;
  • қызмет функциялары мен жауапкершілік орталықтарына қарай
6 
Есептеу үрдісі
  • бір элементті және кешенді;
  • калькуляция баптары мен экономикалық элементтері бойынша;
  • тұрақты және өзгермелі;
  • негізгі және үстеме;
  • тікелей және жанама;
  • ағымдық және бір мерзімдік.
7 Бақылау үрдісі
  • бақыланатын және бақыланбайтын
8 Реттеу  үрдісі
  • реттелетін және реттелмейтін
9 Ынталандыру үрдісі
  • міндетті түрде ынталандырушы және қызықтырушы
10 Талдау  үрдісі
  • нақты, болжау, жоспарлау;
  • сметалық;
  • стандартты;
  • жалпы және құрылымдылық;
  • толық және жеке

Информация о работе «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру