«Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:38, курсовая работа

Описание работы

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі...........................7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау.................................................16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі...............................................23
2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41
3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55
Қорытынды.................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59
Қосымшалар..........................................

Работа содержит 1 файл

басқару дипломная.doc

— 706.50 Кб (Скачать)
 

      Жоғарыда  келтірілген 10-шы кесте мәліметтеріне орай, отандық кәсіпорындарда шығындарды есептеу процесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады. Біздің ойымызша, олардың арасында маңыздылары келесілер: вэрибл-кост жүйесінің біздің экономикада жоқ аналогиясын енгізу және стандарт-костинг жүйесімен салыстырғандағы нормативті тәсілдің артықшылықтары. Бұл тәсілдер теориялық тұрғыда әдебиеттерде кең таралған, бірақ, өкінішке орай қазіргі таңда өндірістің осы немесе басқа спецификасы мен салалық ерекшеліктерін ескере отырып оларды тәжірибелік қолданудың методологиялық нұсқаулықтары жоқ. Оған қоса, аталған жүйелерді тәжірибелік қолданудың шешімі кәсіпорындағы үлкен аналиткалық жұмыстар болуы қажет.

      Осылайша  біз шығындарды есептеу әдістерін  жетілдірудің негізгі бағыттарын қарастырдық, ендігі кезекте кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау  және оңтайландыру шараларын қатастырамыз. 
 
 
 

      3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру 

      Әрбір кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысыныда үлкен пайда алу мүмкіндігін  көздейді. Осыған орай, әрбір кәсіпорын  алдында өндірістің өнім көлемін ұлғайту факторларымен қатар, өндіріс шығындарын үнемдеу проблемасы туындайды.

      Шығындарды  үнемдеудің маңызды жолдары еңбек  және материалдық өндірісте тұтынылатын  ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу  болып табылады. Өндіріс шығындарының құрылымының маңызды бөлігін еңбек өтем

ақысы алады. Сол себепті шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өндірілімділігінің өсуін, әкімшілік-қызмет көрсететін персоналдың санын төмендету сияқты мідеттер өзекті болып отыр.

     Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, еңбек  өндірімділігінің өсуіруге әр түрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірісті механизациялау мен автоматтандыру,  прогрессивті, жоғары өндірістік технологияларды құру және қолдану, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Бірақ, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жақсартусыз қолданылатын техника мен технологияларды жетілдіру шараларын жүргізу қажетті нәтиже бермейді.

     Еңбек өндірілімділігін жоғарылату үшін маңызды  жағдай оны ұйымдастыру, яғни жұмыс орынын дайындау, алдынғы қатарлы әдістерді қолдану және  жұмысты қабылдау және т.б.

     Өнім  өндірісіде шығындар құрылымында  материалдық  ресурстар 3/5 бөлігін құрайды. Бұл жерде ресурс жинақтаушы технологиялық прооцестерді қолдану мәселесі орын алады. Жеткізіп берушілерден келіп түсетін шикізат пен материалдардың, бұйымдардың сапасын бақылау және талаптарды күшейту де маңызды мәселелер болып отыр.

     Сатып алынатын шикізаттардың, материалдарың  легі қаншалықты көп болса, орташа жылдық қор көлемі және де осы шикізат  пен материалды қоймаға орналастырумен байланысты болатын (қойманы жалға алғаны үшін төлемдер, ұзақ уақыт бойы сақтаудан болған жоғалтулар, инфляциямен байланысты және т.б. ) шығындар көлемі де соншалықты көп болады.

     Өзіндік құнды жоспарлаудың негізгі мақсаты  өндіріс шығындарын үнемдеудің бар резервтерін анықтау мен қолдану және ішкі шаруашылық жинақтарды жоғарылаты.  Өзіндік құн бойынша жоспарлар еңбектің прогресивті шығындар нормасынан, құрал-жабдықтарды қолданудан, шикізат, материалдар жанармай және энергия шығындарын ескере отырып туындауы қажет. Шығындарды тек қана ғылыми ұйымдасқан нормалау кезінде өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға және қолдануға болады.

     Өнімнің бір түрін шығару кезінде осы  өнім бірлігінің өзіндік құны оны  өндіруге кететін шығын деңгейі  мен динамикасын көрсететін көрсеткіш болып табылады.Әр түрлі өнім түрлерінің өзіндік құнын сипаттау үшін жоспарлар мен есептеулерде салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құнын төмендету көрсеткіші мен тауар өнімінің  1 тенгеге шығын көрсеткіші қолданылады.   
 

      3. 3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар 

     Аз  шығындар жұмсай отырып көп пайда  табу, еңбектік, материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдеу кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету сұрақтарын  шешуімен байланысты болады.

     Өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау кәсіпорынның кешенді технико-экономикалық талдау жұмысына жүгінуі қажет: өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін зерттеу, өндірістік күштер мен негізгі қорларды, шикізат пен материалдарды, жұмыс күшін, шаруашылық байланыстарды қолдану.

     Өзіндік құнның нақты төмендеуін негіздейтін  үнемдеу келесі факторлардың құрамы бойынша есептелінеді:

     1 Өндірістің техникалық деңгейін  арттыру. Бұл жаңа прогрессивті  технологияларды енгізу, өндірістік процестердің механизациялануы мен автоматизациялануы; шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін қолдану мен тұтынуды жақсарту; өндірістің техникалық деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар. Өзіндік құнды төмендету басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдануда, қалыптасқан техника мен технологияларды модернизациялау мен жетілдіруде барысында болуы мүмкін. Шығындар өндірісте қалдықтарды толық қолдануда, экономикалық алмастыруларды қолдануда және шикізатты кешенді қолдану нәтижесінде азаяды. Үлкен резервтер өзіне өндірісті жетілдіруді, оның еңбексыйымдылығы мен материал сыйымдылығын төмендетуді, машиналары мен құралдарының салмағын азайтуды және т.б. қосады.

     2 Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды  жетілдіру. Өзіндік құнды төмендету өндірісті ұйымдастыпудағы өзгерістердің, өндірісті мамандандырудың дамуындағы еңбек формалары мен әдістерінің, өндірісті басқаруды жетілдіру мен оған кететін шығындарды азайтудың, негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың, материалдық-техникалық жарақтануды жақсартудың, транспорттық шығындарды азайтудың, өндірісті ұйымдастыру деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар нәтижесінде жүруі мүмкін.

     Ағымдағы  шығындарды төмендету негізгі өндіріске қызмет көрсетуді жетілдіру нәтижесінде жүргізіледі (мысалға, нақты өндірісті дамыту, өзгеру коэффицентін жоғарылату, технологиялық жұмыстарды ретке келтіру, құрал-жабдықты шаруашылықты жақсарту, өнім мен жұмыс сапасына бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру).

     3 Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа) салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады. Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді.

  1. Табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту. Бұл жерде мыналар ескеріледі: шикізаттың сапасы мен құрамының өзгерісі; табиғи шикізатты алу әдістері, шикізат пайда болған жердің өнімділігінің өзгеруі, басқа табиғи жағдайлардың өзгеруі. Осы факторлар табиғи жағдайлардың ауыспалы шығындар көлеміне деген әсерін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнын төмендетуге олардың әсерін талдау өңдейтін өндіріс саласының салалық әдіснамасы негізінде жүргізіледі.
  2. Салалық және басқа да факторлар. Оларға келесілер жатқызылады: жаңа цехтарды, өндірістік бірліктер мен өндірісті енгізу және игеру; кәсіпорындарда және қызмет етуші бірлестіктерде өндірісті дайындау мен игеру; басқа да факторлар. Өзіндік құнды төмендету резервтерін жоғары техникалық негізде жақсы экономикалық көрсеткіштермен ескірген цехтарды ликвидациялау мен жаңа цехтарды енгізу нәтижесінде талдаудан өткізу қажет.

     Бұл шаралар кәсіпорынның шығындарын азайтып, пайданы ұлғайтуға көмектеседі, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының нығайтуға көмектеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

       Кәсіпорын қызметі барысында жоғары қаржылық нәтижеге жету, өндіріс тиімділігін арттыру мен пайданы максималдауға өнімді өткізу мен өндірісте шығындарды тиімді басқарусыз мүмкін болмайд, шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестікте алға шығу шарттарының бірі болып табылады.

       Шығындарды  басқару - бұл өндірісті қысқартуға алып келетін шығындарды минималдау болып табылмайды, ол кәсіпорынның қорларын тиімді қолдану, оларды үнемдеу. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін құрудың мәні  шығындарды тану, оларды есептеу, болашақта талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін оларды жайлы түрде ұсыну және топтастыруда жатыр.

       Шығындарды  басқару - бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің міндеті болып саналады, ол шығындарды нормалану, жоспарлау мен бақылауды жүзеге асырады. Бірақ, қате пікір болып саналады. Экономикалық қызмет мәліметтерді шоғырландырып, оларды тексетуі қажет, бірақ өзіндік құнды қалыптастыруда кәсіпорынның барлық бөлімшелері қатысады, олардың көлеміне деген жауапкершілік кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларына бөлініп ұсынылуы керек. Шығындарға жауапты адамдар шығындарды азайту процесін шығындар пайда болған бөлімшелерде жүргізуі қажет.

       Шығындарды  басқарудың басты мақсаты ресуртарды үнемдеумен пайда мен рентабельділікті арттыру және өнімнің өзіндік  құныны төмендеті үшін оларды қолданудың тиімділігін арттыру.

       Шаруашылық жүргізуші субъектісінің шығындарын басқарудың маңызды міндеттері:

  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
  • басқарудың негізгі функциялары бойынша шығындарды анықтау;
  • жалпы кәсіпорын бойынша және жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша шығындарды есептеу;
  • өнім бірлігіне (жұмыс, қызмет) - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға кеткен шығындарды есептеу;
  • шаруашылық шешімдерді қабылдау мен таңдау кезінде шығындарды бағалауға мүмкіндік беретінақ параттық базаны дайындау;
  • шығындарды өлшеу мен бақылаудың техникалық тәсілдері мен құралдарын анықтау.

       Шығындарды  басқарудың жоғарыда аталған барлық міндеттері кешенді ұйымдастырылуы керек, осы талаптарлды орындау  кәсіпорын жұмысының тиімділігінің  жылдам өсуіне көмектеседі.Осылайша, кәсіпорында  шығындарды басқару бірегей кешен жүйесіне келесі басқарушылық әсерлерді қосады: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, түзету енгізу және реттеу, іске асыру және ынталандыру, есеп, шығындарды талдау және басқару.

        Шығындарды басқару кәсіпорынды басқару теориясына негізделеді және динамикалық процесті көрсетеді, оның мақсаты - кәсіпорын қызметінде жоғары экономикалық нәтижеге қол жеткізу. Басқарудың барлық кезеңдерінде шығындар туралы мағлұматтарды шешім қабылдауда маңызда рөл атқаратын және соңында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фактор ретінде ұқыпты қолдану керек. Басқару процесінде туындайтын осы және басқа да  проблемалардың жауабы ретінде тәжірибеде шығындарды басқауда әр түрлі өңдеу мен қолдану жүйесі қарастырылды. Кез келген шығындарды басқару жүйесінің негізінде әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі жатыр ,ол осы немесе басқа да шығындарға мүмкін болатын әсер ету деңгейін бағалау немесе осы және басқа да шығындардың  кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне  әсер ету деңгейін анықтауға қажетті.  

       Кәсіпорындарда өндіріс шығындарын азайту үшін жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасында тиімді экономикалық байланыс құру арқылы тасымалдау шығындарын азайту, тапсырыс берушілер мен тұтынушылар талаптарын ұтымды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады,. Кәсіпорындардың мүмкіншіліктерін және нарықтағы орнын анықтау үшін маркетингтік зерттеу және инновациялық өнім өндіруге қажетті шығындарды көбейтуге талпыныс жасап, экономикалық оң нәтижеге жету жолдарын басқару шараларын жан-жақты қарастырумен қатар, ұйымдастыру басты мақсат болуы керек.

       Нарықтық  экономика кезінде шығындарды басқару  үлкен маңызды мәселе болып саналады. Тек қана шығындар есебінің жүйесін  өзгерту арқылы табысқа тікелей  әсер етуге болады. Шығындарды басқаруда  ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу  үшін кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатын бағалау қажет.

       Өнім  бірлігін шығаруға шығындарды азайту бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді -айтарлықтай төмен немесе икемді баға қолдау береді.

       Жалпы шығындарды тиімді басқарудың артықшылықтары келесілер:

  • аз шығын жұмсап, төмен бағаны ұстап тұру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
  • жеке өнім түрлерінің өзіндік құны туралы нақты және сапалы ақпараттың болуы және олардың нарқтағы басқа өндірушілермен салыстырғанда жағдайы;
  • икемді баға қалыптастыру мүмкігдігін қолдану.

       Кәсіпорында шығындарды басқару жолдарын жетілдіру  үшін келесілер ұсынылды:

Информация о работе «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру