Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 15:33, статья

Описание работы

Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физио¬логия-лық нормаларын және демографиялық өсуді қана¬ғат¬тандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».

Работа содержит 1 файл

Омарова Толкын Статья 11.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

Садуллаева  А.П.

Есеп жән  аудит мамандығының 2-курс студенті

Омарова Толқын

 

Азық-түлік  қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде

 

Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына  айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».

Тәуелсіз еліміздің  әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының  тұрақтылығын, оны негізгі тамақ  өнімдерімен кепілді толтыруды  және экологиялық таза өнімдермен сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге  толықтай мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз жасалған. Алайда әлемдік нарықта туындаған азық-түлік дағдарысы Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Мұның көрінісі ішкі нарықта азық-түлік тапшылығының білінуі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы мәліметтері бойынша, Қазақстан 40%-ға жуық сүтті, 29% етті және 43% көкөністерді сырттан әкеледі. Бұл көрсеткіштер елімізде азақ-түлік қауіпсіздігі деңгейінің төмен дәрежеде екендігін білдіреді.

Ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы  өнімдерінің 80 % шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Сонымен қатар қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 % ең бай елдер мен 20 % ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік қайшылықтарды туғызып отырғаны факторлардың бірі. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Еліміз майлы  дақылдардың 75%, жеміс-жидектердің 30%, ерте пісетін жеміс-жидектердің 4%, қант қызылшасының 6%, тауық етінің 33%-ын өзі  өндіреді. Еттің, сүттің 70-80%-ын сыртқа импорттайды. Мұндай көрсеткіштерге қарамастан, елімізде азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мынадай мәселелер туындап отыр. Олар:

    • отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі нарық алаңына жетпеуі;
    • мемлекет бөлген субсидиялардың қайтарымсыз қалуы;
    • еліміздегі азық-түлік өнімдерінің 60%-н сырттан тасымалдауы;
    • қайта өңдеу кәсіпорындарының әлі күнге дейін ескі технологиямен жұмыс істеуі;
    • өндіріске халықаралық сапа стандарттарының енгізілуінің баяу жүруі;
    • отандық азық-түлік өнімдерінің бағасының шарықтауы.

        Ресми деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанда азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Жыл басынан инфляция 8,3 пайызды еңсерді. Ал, азық-түлік бағасы 12,4 пайызға өсті. Бұған бірнеше фактор әсер етті деп хабарлайды сала мамандары. Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2012 жылдың ақпан айына елдегі азық-түлік бағасы 0,6 пайызға өсті. Қаңтар айынан аталған көрсеткіш 7,8 пайыз қосты. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 12,6 пайызға жетті. Осы кемшіліктердің барлығы бөлінген қаржыларды тиімді, керек жерлерге нақты жұмсамаудың салдарынан болып табылдады.  
       Азық-түлік тапшылығын сезіне бастағаннан-ақ әлемнің барлық елдері бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейе бастады. Әсіресе, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр. Осыған орай, біз де әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы күрделі мәселелерді қайта қарап, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына жаңа қырынан келіп, өзгерістер енгізуіміз қажет. Бұрын жасалып, қазір жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.

       Әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдай шиеленіскен қазіргі уақытта мемлекеттің реттеуші рөлін күшейтпейінше еліміздің қайта өңдеу кәсіпорындарының қарқынды дамуы мүмкін емес. Мұны қамтамасыз ету үшін ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған кешенді шараларды жалғастыру қажет.

     Бұл шараларға әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын өндіруді ынталандыруды; олардың резервін жасақтап, тұрақтандыру қорын құруды; ұтымды кедендік тариф саясатын жүргізу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорты мен импортын реттеуді; азық-түлік тауарлары бағасының қалыптасу барысын қадағалауды жатқызуға болады. Мұндай шараларды қазір әлемнің барлық мемлекеттері қолданып жатыр. Қайта өңдейтін кәсіпорындар бәсекеге төтеп беретін өнімдер өндіру үшін оларды ең алдымен ауыл шаруашылығы шикізаттарымен қамтамасыз ету қажет.

     ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметі бойынша, бұл мәселе қазіргі таңда оң шешімін табуда. Өкінішке қарай, отандық өндірушілер өндіретін майлы дақылдар, жеміс-жидек пен бақша өнімдері, қант қызылшасы еліміздің қайта өңдеу кәсіпорындарының сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл мәселені тиімді шешу үшін аталмыш өнімдерді өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі ұлғайтылуда. Бұдан бөлек, егіншілік саласын әртараптандыруға айрықша назар аударылып, ылғал сақтайтын технологияларға өту көзделуде. Осы орайда, алдағы 4-5 жылдың ішінде дәнді-дақылдар егілетін барлық алаңдарды ғылым ұсынып отырған осындай технологияға көшіру міндеті қойылып отыр. Мал шаруашылығында өндірісті ірілендіру, малдың генетикалық әлеуетін арттыру, орта және ірі тауарлы фермаларды құру есебінен саланы өнеркәсіптік негізге көшіру арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын отандық сапалы шикізаттармен қамтамасыз ету – агроөнеркәсіптік кешеннің басты міндеттерінің бір бөлігі болып табылады.

      Қазір іске асырылып жатқан және жаңадан енгізілген бюджеттік бағдарламалардың барлығы ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға бағытталған жүйелі шараларды мемлекеттік қолдауға және ынталандыруға жұмылдырылып жатыр. Мысал келтірер болсақ, қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаржысын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің өсімін тікелей субсидиялау бағдарламасы одан әрі жалғасуда. Бұған қоса, агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының ИСО және ХАССП халықаралық сапа стандарттарын өндіріске енгізу, әзірлеу және сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын 50 пайызға дейін субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламасы одан әрі жалғасын тауып келеді.

    Сөз соңында мына бір пікірді де айта кеткен жөн болар. Жер бетінде ең халқы көп Қытай елі бұл күнде тек өзін ғана емес, басқаларды да асырап отырғанда, әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін біздің елге ауылшаруашылық өнімдерін импорттау тиімсіз болып табылады. Сондықтан мына шараларды іске асырса, азық-түлік тапшылығын көрмейміз:

  • ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан қаражат жылдан-жылға өсіп отыруы, оны тиімді жұмсау;
  • ауылдық мекендерде жылыжайларды көптеп салу;
  • жергілікті халықты сол жерде оқытып, жермен жұмыс істеуге үйрету;
  • әлемдегі ең озық технологияларды пайдалану;
  • азық-түлік өнімдерін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялауды арттыру;

     Елімізде Қытайдағы сияқты озық тәжірибе тез қолға алынса, азық-түлік саласында еліміздің ішкі сұраныстарымен қатар әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мүмкіндігі де қазіргі жағдайға қарағанда еселене түсер еді.

 

      

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Ауыл Министрлігі – www.minagri.kz
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж. 26 маусымдағы№ 233-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3. Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігі – www.stat.kz
  4. ҚР Ауыл шаруашылығын 2010-2014 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы.

 

 

 

 

 


Информация о работе Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде