Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа
1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.
Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет
Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы
мен қарқынды
дамуының
және қоғамды
жаңаша
реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер.
Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі
кезеңінде
Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол – қазақстандық жолды қалыртастырды.
Елбасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің бай
тәжірибесін
таразылай отырып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұсқап және жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып,
оны жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында егжей-тегжейлі
баяндап келеді. Сонымен бірге Президент
тәуелсіздіктің толыққанды
шежіресін жазу міндетін де ұлт зиялыларының алдына талап етіп қойды.
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық жас
мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұлан-ғайыр
еңбегін,
дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай
мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.
Кітаптың бірінші томы еліміздің тағдыры үшін
және
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке басы үшін орасан зор маңызы
болған
тәуелсіз
мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының құрылуы
мен орнығу
тарихының
алғашқы жылдарындағы мемлекеттік
мүдде, ұлттық қауіпсіздік,
аймақтық және әлемдік
шынайы келбеті мен бағыт-бағдары сияқты өзекті мәселелерге арналған.
«Тәуелсіздік шежіресіне» Елбасы қол қойған мемлекеттік
маңызы
бар құжаттар
– Жарлықтар,
Заңдар, Өкімдер, Қаулылар
енгізілген.
«Елбасы жолдады
– елі қолдады» делінетін серияда
Президенттің 1996–2008 жылдар аралығындағы Қазақстан
халқына
Жолдаулары толық қамтылған.
"Елмен сырласу”
Елбасының Қазақстан
Республикасы Парламенті отырыстарында,
баспасөз
конференцияларында, ел алдында сөйлеген
сөздері,
көгілдір
экранда тікелей эфир арқылы еліміздің көркеюі жолындағы көкейкесті мәселелерді көтерген баяндамалары, сөздері,
ел және
шетел журналистеріне берген сұхбаттары жинақталған.
І.
“ҚАЗАқСТАН-2030”
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫғЫ – ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ
БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП,
ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ
СЕНІМДІ ҚАДАМ
БАСУДА
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен
бірге дәйектілікпен құрып
жатқан
Жаңа Қазақстан өзінің дербес
даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе
отырып, алға қарай
нық
сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік
іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам
бастық.
Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын
тұрлаулы,
осы заманғы
және
болашағы
зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік
негізге қоюға мүмкіндік
береді.
Бүгін мен сіздерге еліміз
бен қоғамымыздың одан әрі дамуы
жайындағы өз пайымымды
баяндамақпын.
Ойға
алғанымызды
орындау Қазақстанның шын
мәнінде
тарихи ауқымдағы аршынды
самғау
жасауына мүмкіндік туғызады.
Әңгіме
еліміздің әлемдегі
бәсекеге қабілетті
елу елдің
клубына қарай
ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында
алдыңғы
Жолдауда да айтылған еді.
Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы