Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Төртіншіден, “Самұрықөзінің стратегиясын қамтамасыз ету үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының, даму институттарының және қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жеке инвесторлардың қаражатын тартудың айқын схемасын әзірлеуге тиіс. 

Қазына”

Қазына” өзінің құрамына кіретін барлық институттар мен ұйымдар қызметінің ортақ стратегиясын тұжырымдап, іске асыруы керек. Бәрінің мақсаты бірыңғай болуға тиіс, ол – Қазақстанның шағын, орта және ірі бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін көмек көрсетілуі мен ынталандырылуын, халықаралық “серпінді” жобаларды қамтамасыз ету және экспорттық “тауашаларды” қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдарды дамыту. 

Біріншіден, “Қазына” қоры келешегі зор кәсіпкерлер мен өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспортына қолдау жасау үшін қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудан бастап, қазақстандық тауарларды сыртқы және ішкі рыноктарға орнықтыруға дейінгі осы заманғы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс. Қор экспортқа сервистік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттің операторы болуы керек. 

Екіншіден, “Қазына” экономиканың басым секторлары мен тиісті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында жаңа технологиялардың енгізілуі мен қолданбалы ғылымның дамуын қалай ынталандыратынын айқындап алуы керек. 

Үшіншіден, “Қазына” қорының өзіміздің озық кәсіпорындарымызға, бастысы, өнім өндірмейтін өнеркәсіпке, соның ішінде қаржыландыруды құрылымдау, экспорттық кредиттер, экспорттық сақтандыру және т.б. арқылы сыртқы сауда-саттық жасауына жағдай туғызуға және экспорттың қолжетімділігін жәрдемдесуге кеңейткен жөн. 

Төртіншіден, халықаралық рынокта өз “тауашасын” тауып, ондағы берік тұғырларын сақтай алатын жаңа өндірістерді конкурстық негізде венчурлық қаржыландыру үдерісін жан-жақты зерделеген жөн. Бүгінгі таңда “Қазына” Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті жаңа өндірістері мен секторларын жасақтау үшін саналуан құралдарды иеленуі тиіс. 

Бесіншіден, Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі тиісті халықаралық компанияларды экспорттық әлеуеті мол бірлескен өндірістерге тарту болуы керек. 

Алтыншыдан, Қор барынша экспорттық бағытта құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға, технопарктерге отандық және шетелдік бизнесті белсене тартуға тиіс. 

Жетіншіден, биылғы жылы Қорлар қорын соның ішінде шетелдік қаржы институттарының қатысуымен құру қажет. 

ҚазАгро”

ҚазАгро” ұлттық холдингі жұмысына да осы тәріздес қадамдар енгізілуі тиіс. 

Біріншіден, “ҚазАгроның” негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу. 

Екіншіден, “ҚазАгро” алға қойылған міндеттердің ауқымында ауыл шаруашылығының барлық салаларына сапалы талдау жүргізіп, бірінші кезекте өркендету қажет болатын бағыттарды айқындауға міндетті. Мәселен, бүкіл дүние жүзінде жедел дамытыла бастаған ауылшаруашылық өнімдерінің жаңа рыногы пайда болды, бұлар – экологиялық таза өнімдер, жаңа өндірістер және басқалары. 

Үшіншіден, “ҚазАгро” таяу уақыттың ішінде экспорттық әлеуеті бар қолданыстағы және жаңа ауылшаруашылық өнім өндірушілерін қаржыландыру жүйесін әзірлеп, іске асыруға тиіс. Мұндай қаржыландыру нысаналы болуы тиіс әрі ескірген агротехнологияларды алмастыруды және жоғары технологиялық агроөнеркәсіп құруды қарастыруы қажет. Бәлкім, бұл үдеріске операторлар ретінде екінші деңгейдегі банктерді тарту қажет. 

Барлық мемхолдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялар мен басқа ұйымдардың басты міндеті корпоративтік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесін, есептілік пен ашықтықты енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып қала бермек. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы