Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 23:01, курсовая работа
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.
Кіріспе 3
1 Ақша реформасының маңыздылығы 5
1.1 Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы 5
1.2 Ақша реформасының мазмұны 6
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары 8
2 Қазақстандағы ақша реформалары 15
2.1 1947 жылғы ақша реформасы 15
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы 16
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
3 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа жіберілуіне және экономиканың дамуына, ІЖӨ-нің өсуіне (1999-2004 жылдары – 167,4 пайызға өсуі) байланысты болды. Егер 1999 жылға дейін инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде монетарлық емес факторлар әсер етті.
Қазақстан
макроэкономикалық тепе-
Президенттік
басқару институты осындай
Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Соның ішінде негізгісі – ауылшаруашылық, қайта өңдеу салалары сапасының төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуі. Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық шаралардың салдарынан тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы рыноктарының қалыптасуымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ІЖӨ-нің 8,2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. 1993 жылы қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды.
1997-1999
жылдары экономиканы
Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде ІЖӨ-нің 2,7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің 13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейдегі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар негізінде құрылған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленді.
Сондықтан
Ұлттық банк алдағы уақытта Қазақстанның
БСҰ-ға кіруін ескере отырып, банк секторының
бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша
жұмыс жүргізуде.
2.3
Қазақстан Республикасының
1993 жылғы ақша реформасы
Бір
адамның ауыстырылатын
1991
жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта
салымдарды беруге де шек қою
енгізілді. Салымдарды тек
«Павловск»
реформасы нәтижесінде
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық –түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті: 1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге.
1990
жылы нақты ақшаның эмиссиясы
25 млрд рубльді қрады, бұл 1981-
1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100рубльдік ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валтасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақтез қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдрған соң ақшаны дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.
КСРО республикалырының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір біріне тәуелсіз түрде орталық банктер рөлін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жаты. Мысалы, Украина ұлттық банкі 1992 жылы маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындарды міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталанды. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды. 1992 жылы айында рталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрыңғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы маусым шілде айларындаЭстония, Латвия; 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. Бұл жерде соңғы болып енгізілгендер қатарына (1995 жлы Тәжікстанды қоспағанда) Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, молдова және Қазақстан (1993ж қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 жылы рубльдік банкноталарды жаңартуларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 жылы 9 қазанда ТМД елдерімен қол қойылған «Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісім ақша-несие және валюта саясаты туралы» соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты мемекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қана қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа да елдерімен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 жылы айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 жылдың маусымында алғаш рет Ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралыры шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жылдары кеңес ақшалары, 1992 жылы кеңес үлгісіндегі (200,500,1000 рубль) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жарытысында шығарылған реселік ақшалар жүрді.
1993 жылы 23 шілдеде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 ж.ж Кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5000 және 1000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын соммалар жатты.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992
жылдың бірінші жарытысында
1993
жылы 12 қарашада Қазақстан
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қаршада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимидтен асқан қаражаттың шығу тегінің заңдылығын арнайы ұрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен бұрын босатылады.
15
қарашадан 18 қаршаға дейін аралықта
халық теңгемен және рубльмен
де есеп айырыса алады.
Информация о работе Қазақстандағы ақша реформаларын себептері