Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:02, курсовая работа

Описание работы

Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».
Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2011 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................18

III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................21
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Pirma_1171_anbetova_Sayazhan.doc

— 219.50 Кб (Скачать)

Инфляцияны төмендету  проблемаларының бірінші блогы  экономикалық тұрақтандырудың бүкіл  жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің  үәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту  мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Сауда – делделдық  сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі  қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған мехынизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау  монополияға қарсы шараларды  жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы  мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен  жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл  пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің  нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды  жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы  тарапынан инфляцияны төмендету  шаралары оның құрлымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық – импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инфляцияны реттеу үшін 2008 жылы бірқатар нормативтік құжаттар әзірленді. Атап айтқанда, наурыз айында - Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды. Құжатқа сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстандағы инфляцияның себептеріне талдау жұмыстарын, инфляциялық үдерістерге мониторингтер жүргізуде. Негізгі күш-жігер халық тұтынатын тауарлар мен қызметтердың негізгі тобына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, ішкі рынокты бірінші кезектегі қажетті тауарлармен толықтыру жөніндегі шараларды қабылдауға, алақол бәсекелестіктің, рынокта өзінің басымдылық жағдайын теріс пайдаланушы субъектілердің жолын кесуге, өнім өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы арағайындарды қысқартуға бағытталуда. Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатының аясында 2008 жылы сондай-ақ, астық экспортына тыйым салынды, өсімдік майлары мен тоңмайлардың, күріштің қорын толықтыру жөніндегі шаралар жүргізілді. Үкіметтің ағымдағы жылдың мамыр айында мұнай экспортына енгізген кедендік баж салығы жанар-жағармай материалдарының қазақстандық рыногындағы жағдайды орнықтыруға сеп болуы керек. Оған қоса, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына берілген тапсырмаларға сәйкес, Ұлттық банк 2008 жылы Үкіметпен бірлесе отырып елдегі бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды жоспарлауда. Әлемдік экономика баяулаған және бірқатар экспорттық тауарлардың бағасы төмендеген жағдайда жүзеге асырылатын тұрақтандырушы іс-қимылдардың жедел жоспары талдап жасалынды. Ұлттық банк өз тарапынан 2008-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары аясында қаржы секторын қолдау және бағаның тұрақтануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдауда. Қысқа мерзімдік ноталар (құнды қағаздар) шығару, банктерден депозиттер тарту, қайта қаржыландыруға заемдар беру - қаржы рыногындағы сыйақы ставкаларын реттеу мен банк ликвидтілігінің (төлем қабілеттілігінің) негізгі операциялары болып табылады. Ұлттық банк мемлекеттік құнды қағаздардың кепілдемесімен қайтарма РЕПО операциялары түрінде банктерге қайта қаржыландыру заемдарын беруді жалғастырады. Қажет болған жағдайда қаржы рыногының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтіледі. Бұл жағдайда Ұлттық банк қомақты көлемдегі тікелей ұзақ мерзімдік көмек беруден қалыс қалады.

    Инфляцияны  төмендету проблемаларының бірі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

   Біріншіден, еңбек  өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын,  оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тәкелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

   Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және тағы сол сияқты жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.

   Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберіндегі бағамен жалақыны бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

   Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазіргі инфляцияның  себептерін нарыққа өту дейінгі  инфляцияны тудыратын факторлардан  іздестіру керек. Олардың ең  бастысы-шаруашылықты басқарудың  жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығындағы  материалды ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шекізеді. Әсіресе:

ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның  негізінде инвестициялық саясат жүргізу;

құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

     Дағдарыстан  шығу үшін өндірістің құлдырауын  тоқтатып, экономиканы тұрақтандыру қажет екені даусыз. Ол үшін алдымен бүгінгі күні күйреп жатқан ақша-қаржы жүйесін сауықтыру және инфляцияны ауыздау керек.

    Негізінен  мемлекет тарапынан осы инфляцияны  болдырмау шараларын жүргізу  қажет. Мемлекет экономиканы көтеру үшін инфляцияны қатаң бақылау керек. Біз болашақ қаржыгерлерміз осы дағдарыстан шығудың жолдарын да, сол үшін атқарылатын істің түрлерінде жеткілікті түрде қарап, анықтап отыруымыз қажет. Инфляцияны болдырмау шараларын жан-жақты іздестіруіміз керек.

    Мен Қазақстан  экономикасының бүгіні мен болашағының  өркендеуіне нық сеніммен қараймын. 

 

 

 

Жылдар

Көрсеткіштер

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Резервтік активтер

2003

2096

2508

3141

4962

9280

7070

19113

Жалпы сыртқы қарыз

12081

12685

15157

18251

22920

32946

43539

73455

Сыртқы қарыздағы резервтер  үлесі, %

17

17

17

17

22

28

16

26

Қысқа мерзімді сыртқы қарыз

1805

1021

1366

2360

3771

3941

8020

7253

Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша  резервтер үлесі, %

111

205

184

133

132

235

88

264

ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, %

-1.41

2.00

-6.28

-4.16

-0.88

1.34

-0.97

-2,3

Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, %

175

123

148

157

153

145

142

177




ҚОСЫМШАЛАР

 

 

Жылдар

Көрсеткіштер

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Сыртқы активтер

2391

2599

4613

6117

9322

14284

23071

30159

Ішкі міндеттемелер

3596

3669

15727

19192

23056

29042

38773

50436

Нетто-позиция

-1205

-1070

-11114

-13075

-13735

-14758

-15702

-20277

Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, %

-3866

11

-939

-18

-5

-7

-6

-29




 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдар

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Қаржылық  база (резервтік ақшалар)

126749

134416

174959

208171

316962

577841

662971

1501500

Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, %

55,7

6,0

30,2

19,0

52,3

82,3

14,7

26,5

МО (айналымдағы  қолма-қол ақша)

103486

106428

131175

161701

238730

379273

411813

600800

М1

162115

195442

224234

287293

411646

680632

799401

874502

М2

237260

290643

337980

498071

692844

1175491

1515962

1754861

М3 (ақша жиыны)

273880

397015

576023

764954

971213

1650115

2065340

3716000

Өткен кезеңдермен  салыстырғандағы өзгерістер, %

84,4

45,0

45,1

32,8

27,0

69,9

25,2

79,9

Информация о работе Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері