қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:47, реферат

Описание работы

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ.docx

— 21.33 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ

 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты  – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс-қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта – ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының бір қыдыру мәселерін қамтиды.

Әлеуметтік саясат пен  жалпы әлеуметтік дамудың түпкі  мақсаты - қай елде болсын, қоғамның әл-ауқатын барынша жақсартуға қол жеткізу. Қазақстан мемлекеті әлеуметтік саясатының арналы мақсаты халықтың «өмір самасы» және «әлеуметтік қорғалуы» тәрізді

ұғымдарды білдіреді. Халық өмірі сапасының жоғары стандартына қол жеткізу және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттының мақсаты ғана емес, сонымен бірге оның тиімділігін шешуші шара да. Өмір сапасы деген мәселенің ауқымында басты орында жалпы азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулықты, білім мен мәдениет – тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер тұрады.

Әлемдік ауқымда салыстырар болсақ, Қазақстан әлеуметтік құрылымының  өзгеруі ойлаған деңгейге көтерілді деуге келмейді. Нашар дамыған елдер сияқты, мұнда да аса байлар, байлар және тым кедейлер бар. Соған қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда, республикамыз шапшаң қарқынмен өркендеп келеді.

Қазақстан қоғамын ілгерілетіп, үлгілендіру көп ұлтты халқымыздың  өркендеуіне қажетті әлеуметтік алғышарттарға баса көңіл бөлінді. Қазақстанда әлеуметтік бағдарға негізделген экономиканы өркендетудегі ең маңызды әлеуеті халықтың өмір сапасының деңгейін көтеруге қол жеткізіп, оны одан әрі дамыту деп біледі. Әлеуметтік бағдар ұстанған нарықтық экономика негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді міндет санайды. Соған сәйкес, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерге орай өзгеріп отыратын

әлеуметтік бағдарлама жасақтап отыр.

Орта мерзімді перспективада Үкіметтің күш – жігері Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға бағытталатын болады. Бұл таяудағы он жылды Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіріу жөніндегі стратегиялық міндетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2008-2010 жылдары жылына орташа 9,1% - ды құрайды, бұл 2008 жылы ЖІӨ-ні 2000 жылға қарағанда екі еселеу жөніндегі міндетті орындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 2010 жылға 10 мың АҚШ долларынан жоғары мөлшерде жоспарланып отырған жан басына шаққандағы ЖІӨ қарқынды өсуі жалғасады, бұл 2005 жылғы деңгейден үш еседен астам жоғары. Осының негізінде халықтың орташа айлық табысының одан әрі өсуі қамтамасыз етіледі.

Халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеудегі партия ұстанымының бірі – медициналық көмек көрсетудің ұлттық стандартын қалыптастыру. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру деңгейінің артуы халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы проблемалардың табысты шешілуінің нақты көрсеткіші болуы тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстандағы орташа өмір сүру деңгейі 66,2 жасты құрайды. Ер адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 60,5 жас болса, әйелдердікі – 72,0. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту тұжырымдамасында Қазақстан халқының орташа өмір сүру деңгейі 2012 жылы 68 жас деңгейінде болжанып

отыр. Партия кезең – кезеңімен 150 жаңа аурухана, емхана, ғылыми- клиникалық орталықтар, ауылдарда кем дегенде 300 дәрігерлік амбулаториялар салып, пайдалануға берілуіне және жаңа қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдық сатып алуға кемінде 100 миллиард теңге бөлу мәселелерін шешуге ұмтылатын болады.

Негізгі әлеуметтік нормативтердің бірі – зейнетақы төлемдерін өсіруді жалғастыру. Бұл бағытта «Нұр Отан» партиясы орташа зейнетақы көлемін 2,5 есе өсіруді, ал мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 50 пайызына дейін жеткізуді мақсат тұтып отыр. 2008 жылдың өзінен бастап еліміздегі

зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 29%-ға артты. Оның ішінде орташа ортақ зейнетақының мөлшері 13660 теңге, ал базалық зейнетақы төлемі 4210 теңгені құрады. «Нұр Отан» ХДП 2012 жылға дейін зейнетақының орнын толтыру мөлшерін халықаралық стандарттар деңгейіне – орташа ңбеккақының 40 %-ына жеткізуге, әрі қарай оның ортақ бекітілген нормасын сақтауға күш-жігер жұмсамақ ниетінде. Партия азаматтарымыздың атаулы әлеуметтік қорғалуын күшейту бағытын қатаң ұстанып отыр. Мәселен, 2008 жылдың 1 қаетарынан бастап зиянды және қауіпті өндірістерде 1998 жылдың 1 қантарына дейін еңбек өтілін толтырған азаматтар үшін № 2

тізім бойынша мемлекеттік  жәрдемақы енгізіліп, оның көлемі 8 айлық есептік көрсеткішті, немесе 9344 теңгені құрады.

«Нұр Отан» ХДП балаларға, көп балалы аналар мен мүгедектерге берілетін атаулы әлеуметтік көмекті бақылауға алуды, сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, жергілікті маңыздағы ұрыстар мен жанжаодарға, Чернобыль атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға, қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының ардагерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге басымдық береді. Осы бағытта Парламент қоржынында жатқан «Ардагерлер туралы» заң жобасын қарау мен қабылдауды жеделдететін болады. 2008 жылы ең төменгі өмір сүру деңгейінін артуына байланысты мүгедектігіне, асыраушысынан айралуына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері еліміз бойынша орташа алғанда 18,7 %-ға артты, ал алдымызда бұл көрсеткішті одан да жоғарылату межесі тұр.

Қысқасы, партия әлеуметтік қорғау жүйесіне жеке секторды тарту  үшін барыншақолайлы жағдайлар жасау  жөніндегі міселенің шешімін  табуға баса көңіл аударып, мүгедектерді, қарияларды қамқорлыққа алу іс-шараларының жүзеге асуына жетекшілік жасауды өз мойнына алады.

Ана мен бала денсаулығын  қорғау мақсатты 2008 жылдан бастап баланың  тууына орай берілетін жәрдемақы мөлшері 2 есеге өсіп, 35040 теңгені құрады. Алдағы уақытта 1 жасқа дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 2,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік туғызу жөніндегі жұмыс жалғастыралмақ. 2008-2012 жылдар аралығында балабақшалар жетіспеушілігі проблемасы шешілуі тиіс. Осы мақсатта партия еліміз бойынша кем дегенде 200 балабақша салынуына қол жеткізеді.

Еліміздің әлеуметтік өрлеуінде  білім беру саласы ең маңызды орын алатыны белгілі. Сондықтан «Нұр Отан» ХДП білім беру саласын қаржыландыруды кемінде 2 есе ұлғайтуға бастамашылық танытпақ. Атап айтқанда, кемінде 250 жаңа мектеп, 50 кәсіби техникалық оқу орнын салғызуға мүдделі. Тәжірибелі ұстаздардыңжетіспеушілігіне

байланысты олардың жаңа легін тәрбиелеу проблемасын шешу қажет. Білікті техникалық мамандардың жетіспеушілігін де қысқа мерзімде жою керек. Мемлекет азаматтардың арзан да сапалы тұрғын үйге қол жеткізуі үшін бар күшін салуға тиіс. «Нұр Отан» ХДП таяудағы бес жылда елде жыл сайын кемінде 9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуына және 2012 жылдың соңына қарай барлығы 50 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй салынып,кемінде 2,5 миллион қазақстандықтың баспаналы болуына қол жеткізуге мүнделі. Комерциялық тұрғын үйлердің қыбаттығына, Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынатын қолжетімді баспананың жетіспеуіне байланысты жалға берілетін тұрғын үй сегментін дамытқан дұрыс. Партия құрылыс сапасын арттыру, құрылыс нысандарына қызмет көрсету және тұрғын үйдің мерзімінде берілуі мәселелеріне бақылау жұмыстарын әрі қарай жалғастыра беретін болады.

Қорыта айтқанда, «Нұр Отан»  партиясының көзднген мақсаты барша қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.

2009 жылғы 1 қантардан бастап  республика бойынша ең төменгі  күнкөріс деңгейі13470 теңге мөлшерінде  белгіленді. Сонда бірінші топтағы  мүгедек адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,36 коэффициенті бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Демек, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақы мөлшері 18320 теңгені құрайды. Яғни, бұрынғы 16354 теңгеге қарағанда 1966 теңгеге көбейіп отыр. Асыраусышына айырылуына байланысты және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері дн осындай есептеулермен арттырылады. Бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және күш-жігеріміз бен жетістіктеріміздіталдай отырып, стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды таңдаған елміз дегіміз келеді.

Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар қаншалықты қиынжүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге  жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялықүдерістер серпінді даму үстінде. Қакзақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттік қатарынан лайықты орын

алуға ұмтылуда. Реформалардың өзі де ел тар өрісті мақсат болған жоқ. Еліміздегі реформалар халқымыздың жақсы өмір үшін, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашағын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.

Саясатымыздың стратегиялық мақсаты ел Конституциясымен бекітілген: «Қазақстан республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ен қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары». Қазақстан жауапты таңдау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.


Информация о работе қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты