Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 20:21, реферат

Описание работы

Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші кезеңі аяқталғанын атап көрсетті.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық теория.doc

— 41.00 Кб (Скачать)

 ХХІ ғасырдың қарсаныңдағы Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық саясаты

 Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталды: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен  даму стратегиясы » бағдарламасында (1992жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:

  • І кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
  • ІІ кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделтете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
  • ІІІ кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен
  • дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.

     1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

    Қойылған мақсаттарды  жүзеге асыру мына  үш кезеңде болуы  қажет:

  • 1998-2000
  • 2001-2010
  • 2011-2030
  • Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы  Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.

«Қазақстан  -2030» бағдарламасының бірінші кезеңінде (1998-2000жылдар) көздеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда, Қазақстан Республикасы Президенті 2000 жылдың 21-ақпанында Республика Үкіметімен кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді.

   Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші кезеңі аяқталғанын атап көрсетті.

   ХХІ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту:
  • басқарудың тиімділігін арттыру:
  • өндіріс секторына несие беру:
  • экономикалық шикізат бағдарын өзгерту:
  • аймақтық диспропорцияларды жою.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы бағыттарына кеңінен тоқталайық.

   Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті.

  Үкімет  қазіргі кезде жұмыссыздықпен  және кедейлікпен күрес туралы  бағдарламаны дайындауда.Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

   Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді. Ел Президенті: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы.»

    Қазақстан Республикасының эканомикалық саясатының негізгі басымдығы біздің эканомикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады.Әзірге осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ.Отандық шикізаттың жаңа,бірінші,екінші,үшінші және төртінші сатыларын құруда,ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегиясы,импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.

     Мұнай өңдеуді ұйымдастыру,мұнай  химиясының басқа да өнімдерінің  өндірістерін ұйымдастыру,мұнай  өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды.Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

      Осы жұмыстың негізгісі-бәсекеге қабілетті баға мен техналогиялық сапаны қамтамасыз ету.Сонымен қатар мынадай міндет қойылды: -бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.

      Эканомикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен оңтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша,халықтың жіктелуінен көрініс табады.Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарында қоныс аударуынан көрінеді.

      Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көшіп-қону саясатын жасау міндеті қойылды.Осыған байланысты  кәсіпкерліктің өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды.Осы жерде халықты жұмыс пен қамту,азаматтық құқық, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын  жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиылысады.

      ХХІ ғасырдың  қарсаңында Қахақстан Республикасының  әлеуметтік эканомикалық саясатының ең  негізгі  міндеттеріне толығырақ тоқталайық: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту.

        Атап көрсеткенлей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-эканомикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады.Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады.Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады.Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

       Осы уақытта қалыптасқан эканомикалық  жағдайда кәсіпкерлік қызметке  ынта үзілді,онсыз нарық эканомикасының  қалыптасуы мүмкін емес.

        Қазіргі кездегі әлемдік эканомиканың  одан әрі даму жағдайында, ірі  компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық ревалюцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді.Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда,шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға,өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр.Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың  осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.  

  

Информация о работе Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы