Ақшаның пайда болуы,мәні және қызыметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:29, реферат

Описание работы

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды [2] – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металлақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.

Содержание

1 Кіріспе:
1.1 Ақша деген не?
2 Негізгі бөлім:
2.1 Ақшаның шығу тегі,тарихы
2.2 Ақшаның мәні және қызметтері
3 Қорытынды:
Пайдаланылған адебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақшаның пайда болуы экономика СРС.docx

— 39.98 Кб (Скачать)

Ақша төлем құралы


Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;

 
Қорытынды:

Сөйтіп, ақшалар ертеден  адамзаттың пайда болуымен қатар  өмір сүріп келеді десе болады. Тауар  айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына  негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған адебиеттер тізімі:

  1. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007
  2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011
  3. www.wikepedia.kz

Информация о работе Ақшаның пайда болуы,мәні және қызыметтері