Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:04, курсовая работа
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
I АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………..4
1.1. Ақшаның пайда болуы…………………………………………………….4
1.2. Ақшаның түрлері…………………………………………………………..7
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы …………………………………………………………….13
II АҚША АЙНАЛЫСЫ……………………………………………………….17
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы………………………………………17
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы……….20
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы……21
2.4 Ақша массасы және ақша базасы………………………………………..23
III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ ……….27
3.1 Ақша жүйесі жөнінде түсінік………………………………………….…..27
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта………………………………………………………….………29
Қорытынды …………………………………………………………….………31
Қолданылған әдебиеттер………………
Ресейде
металлдық теорияның өкілі
Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып, қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болды.
Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.
Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретіндегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.
Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.
Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.
Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.
Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне қарап шыққан.
Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.
Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.
Номинализмнің
негізгі ережесі төмендегідей:
ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;
Бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес;
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:
ақша – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік бтліктің туындысы;
ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
ақша
негізгі қызметі – төлем
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933
жж. экономикалық дағдарыс тұсында
номинализм әрі қарай дами
түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс алтын
ақшаларды “жабайылық
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.
Монеталардың тозуы және бүлінуі.
Мемлекеттік
билік пен жалған монеталарды
жасаушылардың монеталарды
Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәелсіздігі үшін соғыста қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.
Қағаз
ақшалар ақшаның номиналдық құрамының
нақты құрамынан біртіндеп
Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтайды.
Егер нағыз ақшалар айналыста
өзінің меншікті құнының
Алтынның
белгілері ретінде қағаз
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз
ақшалардың өздерінің меншікті құны
болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы
ақшаның қызметтерін толық
Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады:бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес щығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежұзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауао массасының қысқаруы, т.б.
Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға – жалақы – баға деген тізбек айнала береді.
Жалпы
алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы
бұл тұрақсыз экономикаға тән
нәрсе.
Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.</h4>
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:
М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бакноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;
М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.
Ақша
базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын
резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
Ол мынадай формуламен есептеледі:
МВ =
СIC + RR + DCB,
мұндағы CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB
– екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық
банктегі қор, шоттағы қаражаттары.
CIC = L (
H + C ),
мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;
С
– айналысқа шығарылған монеталар.
Информация о работе Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері