Ақшаның мәні және қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:34, доклад

Описание работы

Толық мақаласы: Ақшаның мәні және қызметтері
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 26.11 Кб (Скачать)

Ақшаның мәні және қызметтері


 Толық мақаласы: Ақшаның мәні және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем  құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем  құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.

Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.

 

Ақшаның номиналистік теориясы құл иеленушілік құрылыс тұсында пайда болды. Бұл теория қазынаның табысын ұлғайту мақсатында монеталарды бұзылуын ақтау үшін, ақшаның ішкі құнының болуын теріске шығарды.

Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс, екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.

Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын жоққа шығара отырып, оларды тек қана техникалық айырбас құралы ретінде таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық билеттер) болуға тиіс деген пікірде болды.

Неміс экономисі Г. Кнаптың 1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік теориясы» деген еңбегінде номинализм теориясы айқын көрініс тапқан. Оның негізгі пікірлері мынадай болған:

  • ақша — бұл мемлекеттік биліктік өнімі;
  • ақша — бұл мемлекетпен номиналдық құны белгіленген төлем құралы;
  • ақшаның негізгі қызметі бұл төлем құралы.

Г. Кнаптың ақшаның мемлекеттік теориясының қателгі мынада болды: біріншіден, ақша құқықтық категория емес ол экономикалық категорияға жатады; екіншіден, металл ақшалардың өзінің құндары болады, яғни оны мемлекет белгілей алмайды, ал қағаз ақшалардың құндарының өзін де мемлекет белгілемейді, ол объективті экономикалық зандармен негізделеді; үшіншіден, ақшаның негізгі қызметі төлем құралы емес, яғни құн өлшемі құралы болып табылады.

Австрияның экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.

1929—1933 жылдары экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түсіп, алтын стандартынан бас тартуды ақтау үшін теориялық негіз болып қала берді. Дж. М. Кейнс 1930 ж. «Ақша туралы трактат» деген еңбегінде алтын ақшаларды арбаның бесінші доңғалағына теңеді. Нағыз ақшалар — олар қағаз ақшалар, яғни олар алтынға қарағанды біршама икемді және қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасайды. Қағаз ақшалардың айналыстан алтынды ығыстырып шығаруын ол алтынан кету және Кнап теориясының жеңісі деп қарастырды.

Кнап теориясының қателігі, оның металл ақшалар икемсіз, олардың икемділігіне тек қана банкноталарды шығару арқылы қол жеткізуге болады деген пікірінен байқалады. Кейнс номинализмінің түпкілікті мақсаты — алтын монета стандартын алып тастау, қағаз ақша айналысына өту және экономиканы инфляциялық үдерістерді басқару арқылы реттеуді көздеді.

Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл  ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші теорияға жатады. Атақты американ экономисі П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.

Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен бас тарту, ақшаның баға масштабын білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз есептік бірлік ретінде болуы.

 

 


Информация о работе Ақшаның мәні және қызметтері