Ақша айналыс және төлем құралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың - айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,

Содержание

1-АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Ақшаның формалары мен түрлері

2 -АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ
Ақша айналыс және төлем құралы
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде

3 -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ
Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Работа содержит 1 файл

didar.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

   Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардын құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".

   Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады — электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк. жуық 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.

   Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден  бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады.

   Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет  етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет.

   Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсс, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

   Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда. Қзақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.

   Алтын тек қана алтын валюта резервтерді  ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

   Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары  әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен  ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

   Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын алынды, бірақ  мұндай алтынды жасанды жасау  бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасынын, төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас".

   Олар  шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.

   Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде  адамдар арасындағы" белгілі бір  экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып тпбылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

   Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдык құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Кеңестік дәуір кезеңінде жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалайу_- және белумен ғана шектелді.

        Кәсіпорындар, жер, орман, жер  асты байлықтары сатылмады және  сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

   Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

   Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

   Ғалым-экономистердің арасында алтьшның ақшалай тауар  ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыга бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық кызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінін қасиеттерін сақтап қалды дейді. Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері –(қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эк Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны жэне оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті гана аткарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

   Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші  сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

   Несиелік  ақшалар айналымдагы толыққұнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиеліқ ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

   Тауарларды  сатып алу бойынша ірі мэмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады. 
ҚОРЫТЫНДЫ

   Қорыта  келе айтар болсақ, ақшаның қызметтерінің  маңыздылығы және олардың алатын орны әр кезеңде де өз маңыздылығын еш жойған жоқ. Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардын жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді. Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады, яғни құн өлшемі мен айналыс құралы, одан кейін төлем құралы, әрі қазына жинау және қорлану құралын, сонымен қатар дүниежүзілік ақшалардың маңызы аса зор.  Сонымен қатар негізінен ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу - сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.

   Сонымен қатар ақпараттық технологияның  өмірімізге дендеп енуі, экономика  саласында қамтымай қойған жоқ. Осының әсерінен Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпалн тигізуде.  Атап айтар болсақ, көптеген дүкендер пластикалық карточкалар қөмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне тиімді түрдегі қызметін ұсынуда: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындагы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

   Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда  тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды. Осының өзі негізінен қорытындылай келе айтар болсақ, ақшаның ролі, әсіресе ұлттық валюта – теңгенің ролі күннен күнге артып отыр.  
 
 
 
 
 
 

 

    Әдебиеттер тізімі

    1. Ақша , несие, банк. – Алматы, Экономика,  2001. – 119 б.

    2. Әділов Ж.М. Тұрақты даму жэне айналадағы орта. — Алматы: Ғылым, 
    1998.-1686.

    3. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2001.-127 б.

    4. Қаржылық  есеп: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 330 б. Қожаниязов Т.К., Қожаниязов Ж.Т. Қазіргі экономика: Оқулық. - Тараз: 
    Рысбаева жэне К, 2001.-3186.

5. Байгісиев М.-Ә. Халықаралық экономикалық  қатынастар: Оқу құралы.-Алматы: Санат, 1998.- 1926.

    6. Сахариев  С., Сахариева А. Әлем экономикасы. 2- бөлім.- Алматы: Дәнекер, 2003.- 279 б.

    7. Шеденов  Ө. Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов  Б.А., Комягин Б.И., - «Жалпы экономикалық  теория» - Ақтөбе – 2004, Полиграфия

    8. Мамыров  Н.Қ., Тілеужанова М.Ә., - «Макроэкономика» - Алматы: Экономика, 2003

    9. Әубакиров  Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табаеев Т.П., «Экономика теория» Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ Университеті», 1999.

    10. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ұ. Нарықты экономика негіздері. Алматы. 1994.

    11. Жұманазар С.А. Экономикалық теория: Оқу құралы. Өскемен. 2004.

12. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы -2001

13. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»

14. aman_yo_@mail.ru. www. uzimaki.kz  

Информация о работе Ақша айналыс және төлем құралы