Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:49, реферат
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Ақша жүйесі түрлі механизмдер арқылы реттеліп отырады.
Ақша бірнеше қызмет атқарады. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.