Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:43, реферат
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Кiрiспе .........................................................................................……………........3
Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы ...............………...5
Ақшаның шығу тегi ............................................................…………...5
Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi .....……...8
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы ............................………..19
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi ....................………..22
Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы: ..........……….22
а) Ақшаның металдық теориясы ............................................………….22
б) Ақшаның номиналистiк теориясы ......................................………...24
в) Ақшаның сандық теориясы ................................................…………..28
Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi .............................................................................…………….32
Қорытынды ....................................................................................……………..34
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….36
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын ақша жүйесi. Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Қорытынды.
Жоғарыда атап өткендей, ақшаның өмiр сүруiндегi объективтi қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi. Оның бес қызметiнiң өзiнен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендiгi көрiнiп тұр. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм .
Сондай – ақ ақшаның тағы да бiр басты қасиетi оның өтiмдiлiгiнде. Ақшаны ке- келген тауарға айырбастауға болады. Тауар бағасының өзi тауар құнының ақшалай көрiнiсi.
Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Олар:
Сондай – ақ ақшаның жалпы құрылымы , оның теориялары қоғамның дамып, өзгеруiмен қатар бiрге дамып, жан – жақты жетiлуде. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда, сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып, олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.
Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор, ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап, реттеп отырады. Ал ақша айналысының дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн, мысалы инфляцияны атап өтсек болады. Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады, “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады. Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы, ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.
Елiмiзде ақша жүйесi 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз” енгiзiлгеннен бастап қызмет етуде. Бүгiнгi таңда теңгемiз халықаралық экономикада ашық айналысқа шығып, елiмiзде жүргiзiлiп жатқан қаржы шаралары өз жемiсiн беруде.
Қолданылған әдебиеттер.
10.Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
11. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.