Акша пайда болу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 19:26, реферат

Описание работы

Ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оныңқұннанжоғары да, төмен де, тең де болуымүмкін. Бұлөзалдынаталдаудыталапетеді. Табиғатөздігіненақшаны да, банкирді де туғызғанжоқ. Экономикалыққатынастардыңдамуыменбайланыстыалтынғаосындайқасиеттіқоғамберген. Адамдардыңалтындыақшаретіндепайдалануыоның осы қасиетіментүсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Акша пайда болу.docx

— 81.31 Кб (Скачать)

Ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған жоқ. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады. 

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 

- Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 

- Онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 

- Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. 

 

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды  шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар  мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл  заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. 

 

Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері  және айналымының теориялық негізі

Нарықтық экономиканың әрекет ету  механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін  айқын түсінуден артық ешнарсе  жоқ.  Сол себепті ақшының «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік  дамуының объективті негізделген  нәтижесі.

 

                                                    Тауар мен қызметтер ағымының сызбасы

Өнім  нарығы


                      Тауарлар                                                        Тауарлар    


                   ұлттық өнімнің                                                 жиынтық             


                       шығыны                                                       шығын

 

 

Отбасы шаруашылығы


Фирмалар



 


 

 

Ресурстар нарығы


             Ресурстардың                                                            Ұлттық


                  төлемі                                                                   табыс                                                                                                                     


     Ресурстар-ақша                                                          ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбада (сурет 1) тауарлар мен қызметтер  ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары және фирмалар айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған  ақшалай төлемдердің қарама-қарсы  ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен  қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша  бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлік және фирмалар өндіретін  тауарлар мен қызметтерді сатып  алады. Сызбаның төменгі бөлігінде  көрсетілген ресурстар нарығын  онда фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы  күшін, капиталды және табиғи ресурстарды  сатып алады.

 

Ақшаның пайда болуы  және оның мәні.

       Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына  дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.

Құн  тауарларды бір – біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында  әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті  алғышарттарды қалыптастырады. Тауарды тұтыну – құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй,машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады.Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне  сәйкес оны толыққұнды және  толыққұнсыз  деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын,күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталары жатады.

Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының  тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

 Ақша өзінің даму эволюциясында  мынандай сатыларды өтті  (Сурет  2):

 

 

 

металдық



Ақша  эволюцияларының даму сатылары



кредиттік


қағаздық




 

 


Электрондық ақша



 

 

 

 

 

Сурет 2. Ақша эволюцияларының даму сатылары

 

Метал ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн)  нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық.Олар монета түрінде шығарылды.   

 

 

Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы  пішіні,  салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге  дейінгі VIIғасырда Ливия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге  дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болады.

Оларға ұсақ  монеталар , қағаз  және кредиттік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын және металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.

 

            

 

Кредиттік ақшалар -  айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілер. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның символикалық белгісі. Кредиттік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алуға байланысты жасалған ірі  мәмілерге банктердің кредиттік ақшалар тауар айналымының  қажеттілігін қанағаттандырады.

Кредиттік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкота, чек, электронды ақшалар және олардың  соңғы түрі – кредиттік және пластикалық  карточка.

Вексель – бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық  міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта)-  вексель беруші кредитордың қарыз алушыға белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы.

Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойында ерекшеленеді : біріншіден , мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал  банкота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша : банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің  Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады

Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға  банктің төлеуі  жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар.

Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің  жетілдіру жолдары

Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы  инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық –  айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол  жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының  тұрақтылығы инфляциялық күтулерге  және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына  оң ықпалын тигізеді.

Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын  пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары  ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып  табылады. Олар ең алдымен қысқа  мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, ақшалар ертеден  адамзаттың пайда болуымен қатар  өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде  олардың жағдайы аяқталған, соңғы  фаза болып табылмайды. Тауар айналысының  тарихи дамуы процесінде жалпыға  бірдей эквивалент формасында әр алуан  тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары  және тағы басқа. Мұның барлығы тауар  өндірісі мен тауар айналысының  болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.

Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші  бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

Экономикалық категория ретінде  ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес  түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың  қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен  алтынмен жүргізілсе, бұл күндері  қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.


Информация о работе Акша пайда болу