Шаруашылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 18:02, реферат

Описание работы

Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз - ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.

Работа содержит 1 файл

Анар.docx

— 38.39 Кб (Скачать)

Несие серіктестігі – шаруалардың сенімді  әріптесі

Жуырда “ҚазАгро” холдингіне қарасты “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамында республикамыздың облыстарындағы ауылдық несие серіктестік басшыларының қатысуымен мәжіліс өтіп, онда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржылай көмек көрсету, аталмыш серіктестіктердің жұмыс ауқымдарын кеңейтіп, істі алға бастырудың тиімді жолдарын талқылау сынды мәселелер қаралды.

Корпорацияның басқарма төрағасы Дәурен Махажанов, “ҚазАгро” холдингі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оспанов  және облыстардан келген несие серіктестік  өкілдері алдымен ауыл шаруашылығы  өнімдерін шығарушыларға тиімді несие беру тұрығысындағы қол  жеткен табыстарға тоқтала келіп, бұл  тұрғыдағы жұмысты жандандыра түсудің жолдары жайында ой бөлісті. Бүгінгі таңда республика көлемінде 161 несие серіктестігінің жұмыс жасайтындығын ескерсек, әр облыста шамамен 13-14 ауылдық несие  серіктестіктері бар. Нақты деректерге сүйенер болсақ, осы құрылымдарды қолдауға арнал-ған арнайы бағдарлама бойынша шаруа қожалықтары мен басқа нысандарды қаржыландыру, дұрысында несие беру үшін барлығы 11 382,0 миллион теңге қарастырылған. Ал бұл қаржыны игеру мәселесінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстары алдыңғы қатардан көрініп отыр.Бұл орайда әрине, аталмыш серіктестіктердің тек бұл жобаға қатысушыларды ғана қаржыландыратындығын айту керек. Яғни, серіктестіктер жұмысына қатысушылар санын арттыра түсу керек. Сондай-ақ, “алмақтың да салмағы бар” демекші, алған несиені уақытында қайтару қажет. Бұл орайда да әлі кемшін түсіп жатқан жайлар аз емес.Жалпы, бұл арада аталмыш серіктестіктер беретін несиенің үстемесі де онша көп еместігін айту қажет. Мәселен, “Аграрлық несие корпорациясы” серіктестіктерге 4 пайыздық үстемемен беретін болса, несие серіктестіктері өз кезегінде 9 пайызға дейінгі үстемемен береді. Бұл әрине, екінші деңгейдегі банктерге қарағанда едәуір жеңіл. Енді осыған  шындыққа келгенде, екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беруде “кежегелерінің кейін тартып тұратындығын” қоссақ, ауылдық несие серіктестіктерінің ауыл тұрғындарының сенімді әріптесі болуы қажет-ақ. 
Жиында көтерілген мәселелердің ең маңыздыларының бірі – елімізде Несие серіктестіктері ассоциациясын құру. Бұл аталмыш серіктестіктердің көрсететін қызмет ауқымы кең дербес институт ретінде қанат жайып, ауылдық жерлерде істің алға басуына ықпал етеді деген сенім бар. Ішкі бақылау жүйесін нығайту, қаржыландыруда тәуекелге бару мәселесін реттеу, білікті мамандар қалыптастыру, серіктестіктерге мүше субъектілер санын көбейту, маркетинг жүйесін құру, қызмет ауқымын кеңейту сынды мәселелерді уақытылы шешу үшін Несиелік серіктестіктер ассоциациясын құру оң нәтижелерге бастамашы болмақ. Бүгінгі таңда бұл мәселелердің бәрі қолға алынды. 
Сондай-ақ, Қазақстандағы Ауылдық несие серіктестіктерінің басын қосатын аталмыш ассоциация коммерциялық емес мекеме ретінде мемлекеттік және басқа да құрылымдар алдында несиелік серіктестіктердің мүдделерін, құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл орайда ең алдымен қаржыландыру жүйесін заман талаптарына сай дәрежеге, екі жаққа да тиімді жағдайға жеткізу қолға алынатын болады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Несие серіктестіктері Аграрлық несие корпорациясы, “ҚазАгро” холдингі және  Ауыл шаруашылығы министрлігімен жан-жақты қарым-қатынаста болатын болса іс алға басады деуге сенім мол. Аталмыш серіктестіктер қолға алатын түрлі бағдарламаларға қатысушылар санын көбейту арқылы оның беделін арттырып, жұмыс ауқымын одан әрі дамыта түсуге мүмкіндік бар. Әрине, мұның бәрі құқықтық нормаларға сай болып, заңдық тұрғыда негізделуі қажет. Бүгінде мұның бәрінің алғы шарттары бар.Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде өз істерін дамыту үшін қаржылай көмекке зәру шаруа қожалықтары да, жеке меншік иелері де көп екендігі дау тудырмайды. Ал жоғарыда айтылған серіктестіктерден несие алу үшін оған белгілі мөлшерде жарна төлеп, мүше болуың керек. Қатысушылардың неғұрлым көп болуы да серіктестіктердің мүмкіндіктерін арттыра түседі. “Яғни, “алаған қолым – берегенді” ұмытпай, шындығында “аспаннан құймақ жаумайтындығын” да назардан шығаруға болмайды. Осының бәрін сараптай келе, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарларын шығару үшін ауылдық несие серіктестіктерінен артық сенімді әріптес жоқ деуге болады. 
Бүгінгі таңда бұл орайда атқарылып жатқан жұмыстарға қарап Ауылдық  
несие серіктестіктерінің ауыл шаруашылығын өркендете түсуге қосар үлесі қомақты демекпіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің  кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды  тұлға санына-экономикалық процесс  субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен  әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы  жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз  қажет: ол біз қызығушылық білдірген  тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек  береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған  заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын  бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығын  қорғау және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.  
 
1. ҚР Конституциясы 
2. ҚР Шаруашалақ серіктестіктері туралы 1995 2.05. заңы 
3. ҚР Сенім серіктестігі туралы заңы 1995 ж.  
4. ҚР Толық серіктестігі туралы заңы 1995 ж.  
5. Қазақстан жоғарғы мектебі №2. 2006 ж 
6. «Ақиқат №8.2006 
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 
8. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жылдам модернизациялау жолындағы Қазақстан.-Астана,18 ақпан,2005 
9. Назарбаев Н.А. К свободному и безопасному обществу: Послание  
10. Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда.2000,5апреля 
11. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған басым бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына жолдауынан. Егемен Қазақстан,2003,4 сәуір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шаруашылық серіктестік