Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:44, реферат
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік ондығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.
Республикадағы ауылшаруашылық
жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га құрайды,
оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн.
га шабындық жер (2,2%), жайылымы 189 млн га.
(85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін
халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі
жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында
соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстары
негізінде бекітілген агроөнеркәсіптік
кешен мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі
мемлекеттік және салалық бағдарламалар
қабылданған.
Салалар
көрсеткіштері
ДӘНДI ДАҚЫЛДАР
Дәндi дақылдарға көптеген мәдени өсiмдiктер жатады. Оларды бiрнеше топқа бөледi: ұн алынатын, жармалар алынатын және бұршақты дақылдар деп бөледi. Ұн алынатын дақылдарға жұмсақ және қатты бидайдың (мягкая и твердая пшеница – Triticum vulgare, T. durum), кәдiмгi арпаның (ячмень обыкновенный – Hordeum vulgare) , егiстiк сұлының (овес посевной – Avena sativa) , қарабидайдың (рожь посевная – Secale cereale) күздiк және жаздық сорттары жатады. Бұлардың ұнынан нан пiсiредi жән макарондар жасалынады. Жармалар алынатын өсiмдiктерге ақ тары (просо посевное – Panicum miliaceum), италия итқонағы, чумиза (италянское просо – Setaria italica), кәдiмгi құмай (соргo обыкновенное – Sorghum vulgare), африка тарысы (пенциллярия – Pensillaria), екпе күрiш (Рис посевной – Oryza sativa) , жүгерi (кукуруза, маис – Zea mays) , егiстiк қарамық (гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum) жатады. Бұлардың дәнiнен алынатын жарманы тiкелей тамаққа пайдаланады. Бұршақты дақылдарға егiстiк асбұршақ (горох поссевной – Pisum caticum), үрмебұршақ (фасоль обыкновенная – Phaseolus vulgaris), ас жасымық (чечевица пищевая – Lens culinaris), дала ноқаты (нут полевой – Cicer aretinum), мәдени қытайбұршақ (Соя культурная – Glycine hispida), қытай лобия (лобия китайская – Vigna sinensis) тағы басқалар жатады. Осы аталған дәндi дақылдардың барлығының тағамдық мәнi зор. Олардың бiрқатары аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Бұлардың iшiнде тағамдық өсiмдiк ретiнде ең маңыздысына бидай жатады. Бидай – өте ертеде мәденилендiрiлген өсiмдiк. Оны адам баласы 10 мың жылдан аса уақыттан берi сеуiп келедi. Бидай дәндерi адамның алғашқы қоныстанған жерлерiн қазып, зерттегенде табылып жүрдi. Египет пирамидаларынан да қазiргi кездегi бидай дәндерiне ұқсас дәндер табылған.
Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дәндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т.б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дәндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мәселесi де қолға алынуда.
Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесТабиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Ұлттың саябақтар да табиғат қорғауда үлкен қызмет атқарады, оларда орасан зор шектеулі шаруашылық әрекеттер шешімін тапқан және таныстыруға арналған танымжорықтары өткізіледі. Мұнда тынығып, денсаулықты қалпына келтіруге, туризм және спортпен шұғылдануға болады. Солардың ішінде Іле Алатауы, Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар кеңінен таныс. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлар әлемі қатаң қорғауға алынған. Республикада мейірімсіздікпен аулаудан саны кеміген дала киігі - ақбөкендерді ұдайы өсіруге, Каспий және Жайық өзені алабындағы бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және тездетіп ұдайы өсіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды.
[өңдеу] Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шаралары
Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.[2]
қалпына келтіру мен оның өнімін аТұрақты даму - [ағылш. sustainable development, тікелей нақтылы аудармасы - үздіксіз қолданатын даму] - "Біздің ортақ болашағымыз" атты баяндамада (1987) Қоршаған ортаны қорғау және даму Халықаралық комиссиясы (Брундтланд Комиссиясы) енгізген ұғым. Қоршаған ортаны қорғау және даму Халықаралық комиссиясы (Брундтланд Комиссиясы) анықтамасына сәйкес, "бұл біздің қазіргі уақыттағы қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін, бірақ келешек ұрпақ қажеттілігін қамтамасыз етуде кедергі келтірмейтін даму". Бұл анықтаманы биоортадағы тепе-теңдік мәселелерін жете бағаламағаны үшін бірізділігі жоқ деп және "антропоцентризм" үшін сынайды. Тұрақты даму принципі БҰҰ тарапынан қолдау тапты.[1]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
рттыру. [1]
Информация о работе Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларын