Нидерландтың инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:19, лекция

Описание работы

Нидерландтың «Ғаламдық бәсекеге жарамды индексі» (Global Competitiveness Index) санатындағы әлемдегі аса табысты елдердің бестік санына кіруі, ү.ж. қарашада құрастырылып болған М.Рютте басшылығы астындағы жаңа голланд үкіметінің басым мәселесі болды. Нидерландта «жаңа нидерландтық экономиканың» құрылысы, Нидерландтың инновациялық ғылыми-техникалық әлеуетін тұрақты экономикалық өсімнің негізгі қорларының біріне өзгерту үшін жағдай жасау жобалануда.

Работа содержит 1 файл

Нидерландтың инновациялық саясат стратегиясы.docx

— 16.00 Кб (Скачать)

Нидерландтың  инновациялық саясат стратегиясы

Нидерландтың «Ғаламдық  бәсекеге жарамды индексі» (Global Competitiveness Index) санатындағы әлемдегі аса табысты  елдердің бестік санына кіруі, ү.ж. қарашада құрастырылып болған М.Рютте басшылығы  астындағы жаңа голланд үкіметінің басым мәселесі болды. Нидерландта  «жаңа нидерландтық экономиканың»  құрылысы, Нидерландтың инновациялық ғылыми-техникалық әлеуетін тұрақты  экономикалық өсімнің негізгі қорларының біріне өзгерту үшін жағдай жасау  жобалануда. 

Нидерландтың инновациялық саясатының қазіргі кезде өткізіліп  жатқан негізгі бағыттары 2010 жылы тамызда  Нидерландтық инновациялық платформасымен (НИП) жасалды. «НИП» Нидерландтың инновациялық саясат саласында шараларды өндіру мен үйлестіруді орындайтын,голланд  үкіметіндегі жалпы ұлттық деңгейдегісабағатты  кеңес болып табылады. «НИП-ның» басты мақсаты – Лиссабон бағдарламасына салынған шамшыл міндеттерді орнату шеңберінде ғылымды қажетсінетін технологиялар  саласына озық ұстанымдарды қамтамасыз ету үшін Нидерландтың инновациялық әлеуетін күшейту. 

«Негізгі инновациялық салалар» ұлттық инновациялық стратегияның бөлігі болып саналады, бірақ, сондай-ақ, аймақтарға да күшті ықпалын тигізеді. Осындай тәсілдің мақсаты ел үшін маңызды. Және де ол инновацияның рөлі, халықаралық көрсеткіштермен салыстырмалы өндірімділік деңгейі және ынтымақтастық  секілді сипаттамаларға сүйенетін  қазіргі білім салаларын нығайтудан тұрады. Негізгі инновациялық салалар  ұлттық мүдделерді есепке ала отырып таңдалды. Таңдау өлшемдері: инновацияның маңызды рөлін, басқа қатысушы агенттермен  мықты өнеркәсіптік ынтымақтастықты  және халықаралық деңгейдегі өндірімділік әлеуетін қамтиды. Мақсатты салаларға: сумен жабдықтау және азаматтық  құрылыс; жоғарғы технологиялық  жүйелер мен материалдар; азық-түлік  өнімдері; креативті салалар; химиялық өнеркәсіп кіреді. 

2010 жылы елдің  инновациялық дамуына жауапты  ресми орган халықаралық инновация  нарығында елдің жоғалтылған  позициясын құру мен қалпына  келтіру бойынша «Нидерланд 2020»  бағдарламасын жариялады. Бағдарлама  инновация саласында мемлекеттік  саясаттың басым төрт бағытын  ұсынады: 

1.  Экономика саласы бойынша орталықтандырылып үлестірілген инновация.

Жоғарғы технологиялық  жүйелер мен материалдар, өсімдік  шаруашылығы мен азық-түлік өндіру, су қорлары, химиялық және өндеуші өнеркәсіп  секілді дәстүр бойыншадамыған салаларға  инновацияларды енгізу есебімен салаларды  көтеруін жүзеге асыру мақсатына  сәйкес шартталған.

2.  Халықаралық инновациялық өңдеу жүйесіне кіру.

Нидерланд әлемдегі озық 100 компанияларға, ұлттық ғылыми кадрлардың шақырылуымен, толыққанды орталықтарын құру мақсатына мемлекеттік қолдау беруді жобалауда.

3.  Жаңа технологияларды бірлесе енгізу бойынша өнеркәсіп секторын шоғырландыру.

4.  Қызмет саласында инновация көлемін ұлғайту.

Бүгінгі таңда Нидерландта  анализді және тек қана инновациялық схемалар мен жобаларды өңдеуге  және іске асыруларынабейімделгенкомпаниялардың коммерциялық қызмет көрсеткіш есебін оңтайландыруды қатты қажетсінетіні  байқалады. 

Қазіргі коалициялық  келісімдегі инновациялық саясатты дамыту стратегиясындабылай деп  айтылады: «Жуырдағы жылдары Нидерланд  өзінің ұстанымдарын орнықтырып және қамтамасыз етуі қажет. Біздің инновациялық бизнес және академиялық және ғылыми-зерттеу  мекемелеріміз алдымызға қойған мақсаттарымызға жету үшін тамаша платформа  ұсынады. Осы негізге жинақы және берік үкімет елеулі үлес қоса алады. Аталған мекемелермен үкіметтұрақты  экономикаға және ашық өсімге өтуінде,ішінара  голланд экономикасын бәсекелесуге қабілеттілігін нығайту мақсатына  өздерінің инновациялық жігерінаударады. Осындай жағдайларда үкімет, өз мақсатын анық білетін, дегенін тапжылмай  орындайтын және белгіленген бағамынан  таймайтын, сенімді серіктес болып  табылатынына кепіл береміз. Сонымен  қатар, өткен жылдарда кәсіпорындар, ғылыми мекемелер, аймақтар мен үкімет арасында қалыптасқан табысты әріптестігімізді жаңа қаржы құрылымға интегралдауғатиістіміз».  

Осы орайда, жаңа коалициялық  келісімде 2013-2017 жылға қойылған голландтық инновациялық саясаттың келесі стратегия  тараулары белгіленген.

· Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі мән мәтініндегіголланд экономикасының басым секторлары үшін зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Ғылыми зерттеулер жүргізетін Нидерландтық ұйымы» (NWO) арқылы 275 миллион еуроға қол жетімді болады.

· Қосымша 150 миллион еуро іргелі зерттеулерді күшейту үшін, соның ішіндегі 50 миллион еуро басымдықтардың өзгерту есебінен жетімді болады. Маңызды бөлігі «2020 Horizon» Еуропалық зерттеу бағдарламасынан қосымша қаржы алу мақсатына қолданатын болады.

· Өнеркәсіптер және ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруын әрі қарай жалғастыру мақсатында, бюджет шеңберінде қаражатты қайта бөлу салдарына 110 миллион еуро бөлінетін болады. Басқа жағынан грант және салық жеңілдіктері қысқартылады.

Нидерландтың ұлттық инновациялық жүйесінің кемшіліктеріне голланд компанияларындағы ғылыми-зерттеу  қызметі тығыздығының жетіспеушілігі (1,5% ЭДЫҰ бойынша орташа деңгейімен салыстырғанда 1%) және ғылыми-техникалық мамандығы бойынша ғылым докторлар  аздығының артуы жатады. 

Голландтық инновациялық басқару жүйесі бірнеше деңгейлерден және бірнеше органдардан құралған. Негізгі үкіметтік орган –  Нидерланд инновациясы мен ауылшаруашылық, экономика министрлігі болып  табылады. 2008 жылы барлық жанасымды  министрліктердің саясаттарын үйлестіру  мен келістіру үшін арналған мекемеаралық «Білім және инновация» департаменті құрылған еді. Департаментпен, сондай-ақ, білім және инновацияны болашақта инвестициялау үшін бағдар қызметін атқаратын ұзақмерзімді «Өндірімділіктің тұрақты өсімі» атты стратегиясы жасалған. Сонымен қатар негіз болып келетін денсаулық сақтау, қорғау мен қауіпсіздік, су және энергия салаларында департамент әлеуметтік инновациялық бағдарламалар жасап шығарды. 

«SenterNovem» агенттігі (инновациялық саясат) және «NWO» ғылыми кеңесі (зерттеу саясаты) – екі  маңызды стратегиялық ұйымдар. «S&Tсаясаты  бойынша сабағаттық кеңес» (AWT), «Корольдік өнер және ғылым академиясы» (KNAW) және «Нидерландтық Инновация Платформасы» сабағаттық орган болып табылады.  

Осы орайда, жетекші  инновациялық бағыттарға таңдаулы қолдауды, сонымен бірге студенттердің  қолдау жүйесін, ғылым секторындағы технология трансфер жүйесін, мемлекеттік  қаржыландыруындағы ғылыми университеттердің  жетілген тармағын қосатын, дамыған  ғылыми-білім беру кешені Нидерландтағы  инновациялық саясат сәттілігінің басты  факторлары болды. Халықаралық инновациялық жобалардың қатысуын ұйымдастыруда  кіші және орташа бизнес кәсіпорындарын және де перспективті инновациялық компанияларды  зерттеуіне көңіл аударылуда. 

 


Информация о работе Нидерландтың инновациялық даму стратегиясы