Ауыл шаруашылығындағы машина жасау

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:49, доклад

Описание работы

Ауыл шаруашылығы -Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Саланы реттеудегі басты рөлді мемлекет атқарады. Қазіргі таңда аталмыш саладағы негізгі заңнамалық акті ҚР «АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы болып отыр. Аталған заң елдің аграрлық секторын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайды.

Работа содержит 1 файл

Ауыл шаруашылыгы.pptx

— 960.68 Кб (Скачать)

{

 

Ауыл шаруашылығы  

 

Орындағандар: Ерпанова Мадина

                              Иманбекова Ұлжан

                              Мусаева Мадина

                              Сарчекен Нариман

    • Ауыл шаруашылығы -Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Саланы реттеудегі басты рөлді мемлекет атқарады. Қазіргі таңда аталмыш саладағы негізгі заңнамалық акті ҚР «АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы болып отыр. Аталған заң елдің аграрлық секторын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайды.   
    • Ауыл шаруашылығының маңызы
    • Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

 

    • Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады.
    • Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады.
    • Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады
    • Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады

 

    • Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған.
    • Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады.

 

    • Алайда Бүгінгі күні еліміздің ауылшаруа­шылық саласы қажетті техникамен 40-60 пайыз мөлшерінде ғана қамтамасыз етіл­ген. Оның да 80-85 пайызы әбден тозған. Бұл ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және жинаудың агротехникалық талап­та­рына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан жарамсыз техникалар есептен шығарылып, шаруашылықтар заманауи жаңа техника­лармен қамтамасыз етілуі қажет. Соңғы 15-20 жылда бұл керісінше, күрт қысқарып барады. Ал техниканың жетіспеушілігінен өсімдік шаруашылығындағы көптеген тех­нологиялық операциялар толық орындал­май, агротехникалық талаптар бұзылуда. Бұл өнімділіктің 20-25 пайыз төмендеуіне алып келеді. Оның үстіне ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өндірушілерге дұрыс қол­дау көрсетілмей отыр. Демеуқаржы тек жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш, гербицидке беріледі, ал қажетті техниканы сатып алуға қаржы жетіспейді. Нақтырақ айтатын болсақ, негізі қорлардың есептен шыға­ры­луы жаңа техника алуға қарағанда бірнеше есе көп. Ал машина-трактор паркін жаңар­ту дәрежесі соңғы 20 жылда 10-12,5 пайыз­дан 1-3 пайызға дейін төмендеді.
    • Дамыған елдердегі  ауыл шаруашылығын механи­каландыру және машина жасау салалары жақсы дамыған. Соған сәйкес, техникамен қамтылуы да жоғары. Біз сол тәжірибені үйреніп, ең озық үлгілерін өзімізде енгізуі­міз керек. Мысалы, ауыл шаруашылығы­ның техникамен қамтылу деңгейі әр 1000 гек­тар егістік жерге шаққанда Германияда - 124, Голландияда - 91, Ұлыбританияда - 86, Францияда - 85, Бельгияда - 82, Италияда - 70, Данияда - 58, АҚШ-та - 35 трактордан тура келсе, бұл көрсеткіш ТМД-ға кіретін Өзбекстанда - 26, Ук­раинада - 12, Беларусьте - 19, Ресейде - 4 дананы құрайды. Ал астық жинау ком­байндары әр 1000 гектарға Швецияда - 32, Германия, Голландияда - 22, Данияда - 21, Бельгияда - 20, Францияда, АҚШ-та - 19, Ұлыбритания, Италияда - 14 данадан тура келсе, ТМД-дағы Беларусьте - 11, Ук­раинада - 8, Өзбекстанда - 7, Ресейде - 5 дананы құрайды.

Дамыған мемлекеттерде 5, 10-15, 20-30 жылдарға арналған қысқа, орта және ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығын механи­каландыру бойынша тұжырымдама немесе техникалық саясат қабылданады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы машина­ларын жасау өндірісінің дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы әсерлер:Қазақстанда нақты ауыл шаруа­шылы­ғы техникасын жасау және оны сату жүйесі қалыптаспаған, тұтынушылар өзімізде дайындалған техника және қосалқы бөл­шектермен бар-жоғы 1 пайызға қамтамасыз етілген. Бұл жағдайдан шығу үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың кепілдікті баға механизмін реттеу және ауыл шаруа­шылығында қайта өңдеу салаларын дамыту өте-мөте қажет. Бүгінгі күні ауылшаруа­шылық машиналарын кім жасайды, кім құрастырады, қай зауытта жасап шығары­лады, оны сынақтан кім өткізеді, кім тұты­нушыларға жеткізіп береді, кім техникалық сервис қызметін көрсетеді деген өзекті сұ­рақтардың бірде-біріне толық жауап жоқ. Тиімді үйлестіру ұйымының жоқтығынан бұл сала құлдырау жағдайында тұр.

    • Ауылшаруашылық машиналарын жасау сала­сы­ның құрылымы терең қайта ұйымдас­ты­ру және түбегейлі техникалық жаң­­ғыр­­туды қажет етеді.  
      Ғалым-экономист А.Төлембаеваның деректеріне сүйенсек, бүгінгі күні 60 пай­ызға жуық (қауіпсіздік дәрежесінен 3,5 есе артық) азық-түлік өнімдері сырттан тасы­малданады. Егер шұғыл шаралар көте­ріл­месе, ауылшаруашылық өнімдерінің тап­шылығы қайта өңдеу, мал шаруашылығы т.с. өн­дірістердің құлдырауына алып келе­ді. Ал ауылшаруашылық машиналарын жасау саласы - азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз етудің негізгі факторларының бірі. Осы тұрғыдан да бұл саланы дамытуды же­дел және мықтап қолға алу қажеттігі айқын көрінеді.

 

    • Әлемде техника да көп, техника атқаратын жұмыс та көп. Дегенмен ауыл шаруашылығындағы техниканың орны өте ерекше. Өйткені атқарылатын жұмыс­тар­дың дені техниканың үлесіне тиеді.
    • Ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілу дәрежесі әрбір 1000 га егістік алқабына шаққанда:
    • _• Тракторлармен: Германияда – 124, Голландияда – 91, Ұлыбританияда – 86, Францияда – 85, Бельгияда – 82, Италия­да – 70, Данияда – 58, АҚШ-та – 35, Өз­бекстанда – 26, Беларусьте – 19, Украинада – 12, Россияда – 4 дана тура келеді;• Астық жинау комбайндарымен: Данияда – 21, Бельгияда – 20, Францияда, АҚШ-та – 19, Ұлыбританияда, Ита­лияда – 14, Беларусьте – 11, Украинада – 8, Өзбекстанда – 7, Россияда – 5 дана тура келеді. Бір комбайнмен жиналатын ор­таша астық алқабы: Швецияда – 32, Гер­манияда, Голландияда – 45, Данияда – 48, Бельгия­да – 50, Франция, АҚШ-та – 53, Ұлыбри­та­ния, Италияда – 72, Беларусьте – 91, Украинада – 125, Өзбекстанда – 143, Россияда – 200 гектарға тура келеді._
    • Дамыған мемлекеттерде техникамен толық қамтамасыз етілуі нәтижесінде ас­тықты 5-10 күнде толық жиып-теріп алады, ал бізде – 30-40 күнге созылады.

 

    • отандық ауылшаруашы­лығы машиналарын жасау саласының жағдайы – Бұрынғы Кеңестер Одағы ыдыраған­нан кейін еліміздегі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының жұмысы ақсай бастады. Кеңес Одағында зауыттардың барлығы бір-біріне тәуелді (шынжырлы) ұстаным бойынша жұмыс істеген. Осы байланыс үзілген соң кәсіп­орындар өз бетінше тәуелсіз жұмыс істей бастады. Соңғы жылдары ауыл шаруа­шы­лығы машиналарын жасау саласында техника сату көлемі өндірілген өнімге байланысты болып, соның салдарынан техникамен қамтамасыз ету шетелден сатып алуға тәуелді болып қалды. Соның салдарынан елімізде машина жасау ісі дағдарыска ұшы­рады, ал ауыл шаруашылығы машина­ларын жасау саласы толық тоқтады деп айтуға болады.
    • .
    • Республикада нақты ауыл шаруа­шы­лығы техникасын жасау және оны сату жүйе­сі қалыптаспаған, тұтынушылар отан­дық техникамен бар-жоғы 1%-ға жуық қамтамасыз етілген, қалған 99%-ы шетелден сатып алынған машиналар. Шетелдік техникалардың басым көпшілігі елімізге мемлекет тарапынан жүйесіз, реттелмеген, техникалық және технологиялық сараптамасыз, сынаудан өтпеген, мөлшерлемелі-техникалық құжаттарсыз сатып алынуда.

 

 Әлемде ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығаратын 5 мыңға жуық фирмалар және кәсіпорындар бар. Бүгінгі күнде республикамызда 100-ден аса шетел фирмаларының әртүрлі ауыл шаруашы­лық техникалары пайдаланылуда. Тек, ас­тық жинайтын комбайндардың 50-ден аса модификациялары кеңінен пайдаланылуда, олар – 15-тен астам фирмалардың өн­ім­дері. Егер әрбір фирманың өзіндік тех­никалық құпиялары – «ноу-хауы» барын есепке алсақ, ол техникаларға сервис қыз­метін көрсету, қосалқы бөлшектер мен жа­ғар­майды жеткізіп беру, мамандар дайындау, инженерлік-техникалық қызметті ұй­ым­дас­тыру қосымша мәселелер тудырады.

    • Deere&Co, Case-New Holland, agco , SAME-Deutz-Fahr трансұлттық компаниялары әлемде пайдаланылатын техниканың 70%-ын шығарады. Бұдан басқа, жетекші фирмалар: claas (Германия) – дәнді да­қыл­дарды жинайтын, kuhn (Франция) – жемшөп дайындайтын, Kverneland (Норвегия) – топырақты өңдейтін, Kongskidle (Да­ния) – тұқым себетін, «Беларусь өндіріс ми­нистрлігіне» қарасты зауыттар түрлі техникаларды шығарады.
    • Жоғарыда аталған компаниялар мен фир­маларда материалдық-техникалық ресурстар, сондай-ақ түрлі қызметтермен қам­тамасыз ететін жүйелер қалыптасқан, тұтынушыларға техниканы сату, сервис қызметін көрсету және қосалқы бөлшек­термен қамтамасыз ету бойынша дилерлер қызметі көрсетіледі. Барлық құрлық­тарда фирмалардың өкілеттіктері, орта­лық­тары, қоймалары, бас және жылжымалы шеберханалары бар, дилерлермен келісімшарт бойынша іс жүргізеді, кез келген мемлекеттерді қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету кепілдігін өз міндетіне ал­ған. Егер қосалқы бөлшектер қажет бола қалса, оларды фирма 48 сағат ішінде қам­тамасыз етеді. Ал егер ол 48 сағат ішінде жеткізіп бере алмаса, онда тапсырыста көр­сетілген бөлшек тұтынушыға тегін беріледі.

 

    • Еліміздегі машина жасау саласындағы кәсіпорындардың жоғары сапалы және бә­секеге қабілетті техникалар шығаруға мүм­кіндігі - Ең бастысы, бүгінгі нарық заманы ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісін жаңғырту, бұл саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау жұмыстарын жүзеге асыруды өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазіргі кезде сала кәсіпорындары ескірген техноло­гия­лар, әбден тозығы жеткен, өзінің қызметін өтеп болған станок және аспап-қондыр­ғылар негізінде жұмыс істеп тұр. Ондай технологиялар мен станоктарды сақтап отырудың өзі кәсіпорындарымыздың эко­номикалық жағдайына кері әсер етеді. Жұмсалып жатқан қаражаттар олардың орнына жаңа, заманауи станоктар сатып алудан да қымбатқа түседі. Ол өндірісті үл­кен шығынға соқтырады. Сондықтан елі­мізде заманауи ауыл шаруашылығы ма­шиналарын жасауға шетелдің жетекші фирмалары мен компанияларын тарту ке­рек.

Информация о работе Ауыл шаруашылығындағы машина жасау