Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 09:41, реферат
Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бірмикроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады.
Жылыжай (орыс. теплица, ағылш.
Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың
ауытқуы шамалы болатын белгілі бірмикроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен
желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана
жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық
отынның жылуы есебінен) және техникалық
жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады.
Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга
арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы
мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына,
пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған
құрылыс материалына байланысты жылыжайдың
құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды
бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі.
Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады,
оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа
және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде
әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті
түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдары
Қазақстанның Жылыжай Технологиялары
ШЖС «Қазақстанның
Жылыжай Технологиялары»
Қазақстанда осыған
ұқсас серіктестіктур жоқ. Қазіргі танда
біздің мамандарымыз жылыжай технологиялар
саласында біраз тәжірибе жинақтаған,
жылыжай кешендерін құру үшін беделді
инженерлі-техникалық база құрылған. Жылыжай
кешендерін жобалау және инженерлік қамту
бөлімі құрылған. Біз индустриалдік түріндегі
жылыжай кешендерін құрамыз.
Тандап алынған
құрал-сайманның сапасы және сенімділігінің
маңызды екенін барлық жауапкершілікпен
түсіне отырып, барлық құрылыстық шешімдер
мен жылыжай құрал-саймандарының техникалық
ерекшеліктерін жолпарлаудың әр кезеңін
біз тапсырушымен бірге талқылап және
келісім жасап отырамыз. «БАҒА/САПА» қолайлы
байланысына толық сәйкес болатын жобаларды
құрал-сайман нарығындағы негізгі мәліметтер
мен кеңестерді хабарлап отыруға әрқашан
дайынбыз.
Ең соңғы инновацияларды қолдана отырып,
жана технологияны таратуда біздің жинақтаған
тәжірибеміз Сізге тиімді жекеменшік
өндірісін реттеуге көмектесетініне сенеміз.
ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - КӨКӨНІС МОЛШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Тұрғындарды жыл бойы жаңа піскен, жас көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде және көкөністердің маусымаралық жетімсіздігін болдырмауда жылыжай кешендерінің маңызы зор екендігі осы шаруашылықты дамытқан сайын айқын аңғарыла түсуде.
Тәуелсіздігіміз «тәй-тәй басқан»
өткен ғасырдың 90-шы жылдарында облысымызда
жылыжай өндірісімен айналысатын шаруашылықтар
саны саусақпен санарлықтай ғана, некен-саяқ
еді.
Нақты сандарға жүгінер болсақ, 1991 жылы
облыс бойынша бар болғаны 2 гектардай
жерде 10 шақты ғана гелиотеплицалар жұмыс
істеген. Одан бергі 2000-2005 жылдары Қордай
ауданының Сортөбе ауылдық округінің
«Шэньси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бұл технологияны Қытай елі кәсіпкерлерімен
бірлесе отырып енгізу нәтижесінде 20-дан
аса гелиотеплицаларды іске қосты.
Елбасымыздың тікелей бақылауымен көптеген
өрелі істер атқарылған 2003-2005 «Ауыл жылдарындағы»
мемлекеттің қомақты көмегі арқасында
2006-2007 жылдардан бастап ауыл шаруашылығының
еңсесі көтеріле бастады.
Сол жылдары Елбасының тапсырмасымен
Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға
арналған агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты
дамыту тұжырымдамасы мен оны кезең-кезеңімен
жүзеге асыру бағдарламасы іске қосылып,
сол бағдарламалар аясында жылыжай шаруашылықтарын
дамытуға бағытталған көптеген игі шаралар
қолға алынды.
Аталған бағдарлама жүзінде еліміздің
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсаты бірінші кезекте тұрды. Сол
мақсатпен бірге, аумақтық мамандану және
диверсификациялау жоспарына сәйкес,
аграрлық саланың уақыт талабына сай емес,
ескі, тозығы жеткен базасын жаңарту, өндіріске
жаңа да, озық технологиялар енгізу шараларын
жүзеге асыру міндеттері туындады.
Солардың бірі - жылыжай шаруашылықтарын
құрып, дамыту міндеті еді. Ол үшін тиісті
қаржы инститттары арқылы мемлекеттік
қолдау шаралары да қарастырылды. Бірқатар
қалталы кәсіпкерлер жылыжайлар соғуға
жеке инвестицияларын да құйып жатты.
Соның нәтижесінде 2007 жылы облыс бойынша
жалпы көлемі 6,7 гектарды құрайтын 21 жылыжай
салынса, 2008 жылы облыстағы жылыжайлардың
жалпы аумағы 9,6 гектарға, ал, барлық саны
86-ға жетті. 2009 жылы облыс бойынша тағы
да жалпы көлемі 1,6 гектарды құрайтын 25
жылыжай іске қосылып, барлық жылыжайлар
саны 111 болды.
Ал, 2010 жылы облыста тағы да 89 жылыжай пайдалануға
беріліп, барлық жылыжайлар саны 200-ге,
ал, олардың жалпы аумағы 16,0 гектарға жетті.
2011 жылдың 1-ші кезеңіндегі өнім жинау
маусымында осы жұмыс істеп тұрған жылыжайлардан
барлығы 680 тонна көкөніс өнімдері жиналып
алынды.
2011 жылдың мамыр айында облыста «Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның
қаржыландыруымен тағы да жалпы аумағы
5,24 га 104 жылыжай іске қосылды. Соның нәтижесінде
бүгінгі күні облыс бойынша жалпы аумағы
21,2 гектарды құрайтын 304 жылыжай жұмыс
істеуде. Енді, алдағы 2-ші кезеңдегі өнім
жинау науқанында облыс бойынша бұл жылыжайлардан
2 мың тоннаға жуық өнім жиналады деп күтілуде.
Алайда, қазіргі қолда бар жылыжай шаруашылықтары
маусымаралық кезеңдерде облыс тұрғындарының
жаңа піскен, жас көкөніс өнімдеріне деген
қажеттілігін 30 пайызға ғана қанағаттандырып
отыр. Дегенмен, облыста өндірілетін жылыжай
өнімдері қозғалысын зерттеу нәтижесі
көрсеткендей, Жамбыл облысы жылыжайларында
өндірілген көкөніс өнімдерінің 10 пайызға
жуығы маусымаралық кезеңдер саналатын
көктем-қыс айларында облыстан тыс, Астана,
Алматы сияқты ірі қалаларға шығарылып
сатылып келеді. Яғни, біздің облыс жылыжай
өнімдерінің 10 пайыздай бөлігін ішкі тұтынудан
жырып, үлкен қалалардан азық-түлік белдеулерін
құруға жұмсап отыр.
Бұл ретте, облыстан сыртқа шығарылатын
жылыжай өнімдерін қоса есептегенде, маусымаралық
кезеңдерде облыс халқын жылыжайда өсірілген
көкөніс өнімдерімен толықтай қамтамасыз
ету үшін, біз облыста тағы да қосымша
50 гектарға жылыжайлар салуымыз қажет.
Жылыжайлар соғудың ең күрделі түйіні
- оның қымбат тұратындығы. Өйткені, өз
елімізде жоқ болғандықтан, жылыжайлар
шет елдік конструкциядан құрастырылып,
шет ел технологиясымен жасалады. Ал, олардың
арасындағы ең арзаны Қытай елінікі болғандықтан,
біздің облыстың жылыжайларының көпшілігі
сол, қытайлық технологиямен жасалуда.
Бұл орайда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ-ның «Жылыжай кешендерін
лизингке беру» бағдарламасы бойынша
соғылған жылыжайларды лизингке алу шаруалар
үшін өте тиімділігімен танылуда. Мәселен,
аталған қордың қаржыландыруымен үстіміздегі
жылдың мамыр айында іске қосылған жалпы
аумағы 5,24 га 104 шағын жылыжайды ауыл кәсіпкерлері
мен шаруалар лизинг арқылы қуана-қуана
сатып алып, бүгінде оларға жайқалтып
көкөніс егіп отыр.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»
АҚ-ның «Жылыжай кешендерін лизингке беру»
бағдарламасымен қаржыландырылған ол
жылыжай кешендерінің құрылысын Қытай
елінен оралған отандасымыз Дәукен Болатбек
деген азаматтың басқаруындағы «Әлжан-Азия»
құрылыс компаниясы жүргізді. Жылыжай
құрылысына Қытай елінде шығарылған жылыжай
конструкциялары мен технологиялық жабдықтары
пайдаланылды.
Жылыжай кешеніндегі 104 шағын жылыжайдың
әрқайсысының аумағы 0,0504 гектар. Бір жылыжайдың
лизингтік құны 3,1 млн. теңге. Жылыжайлар
лизингке 6 жылға берілді. Лизинг шарты
бойынша 1 жылыжай алған талапкер алдын-ала
төленетін жарна ретінде жылыжай құнының
5 пайызын, яғни, 155 мың теңге көлемінде
алғашқы төлемін төледі. Жылыжайлар жылына
2 рет өнім бергеннің өзінде 5 жыл ішінде
өз құндарын толық ақтап шығады.
Бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ «Жылыжай кешендерін лизингке
беру» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысынан
тағы да 100 жылыжай құрылысын қаржыландыруды
бастағалы отыр. Біз, осы орайда, «ҚазАгро»
ҰБХ» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай
қолдау қоры» АҚ басшылығынан жылыжайларды
лизингке берудің шаруалар үшін өте тиімді
болып отырған жоғарыда айтылған шарттарын
еш күрделендіріп, қиындатпай, сол күйінде
сақтауды сұрап отырмыз.
Өйткені, қаржыландыру шарттары қиындаған
жағдайда, шаруалардың жылыжай кешендеріне
иелік ету мүмкіндіктері шектеліп, осынау
жақсы басталған істің аяғы құрдымға кетуі
ықтимал.
Мәселен, қаржыландырудағы сондай қиындықтар
салдарынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның «Жаңа
жылыжайлар тұрғызу және қолда бар жылыжайларды
дамыту» бағдарламасы бойынша қаржы алып,
жылыжай соғып отырған шаруашылықтар,
тіптен жоқтың қасы. Оның басты себебі
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржыландыру
шарттарының қатаңдығы. Бұл қаржы институтының
талабы бойынша, біріншіден, тапсырыс
беруші - жылыжайдың жобалық құнының 15
пайызын алдын-ала төлеуі керек. Екіншіден,
жобаны кепілдікпен қамтамасыз ету қажет.
Кепілдікке қойылатын талаптары да өте
қатаң.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, біріншіден,
еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде және көктем-қыс айларында халықтың
жаңа піскен, жас көкөніс өнімдерге деген
сұранысын қанағаттандыруда жылыжайлардың
алар орны ерекше. Екіншіден, қазіргі кезде
облыс бойынша қолда бар 304 жылыжайлар
400-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен
қамтамасыз етіп отыр.
Бұл реттегі өзекті мәселелердің бірі
- жылыжай иелері мен құрылыс жүргізушілер
жылыжай құрылысын жүргізуге, сондай-ақ,
оны техникалық құралдармен жабдықтауға
жергілікті мамандардың біліктіліктері
жетпейтіндіктен, жылыжай шаруашылықтарын
құру және олардың құрылыстарын жүргізу
жұмыстарына басқа жақтардан білікті
мамандар мен шеберлерді жалдап, ол жұмыстарды
істетуге үлкен қаржы жұмсауда.
Мұнымен қатар, жылыжайларға көкөністерді
отырғызып, оларды өсіру және күтіп-баптау
кезінде де жылыжай шаруашылығын жүргізу
технологиясын жақсы меңгерген мамандар
мен жұмысшылар болмаса, жылыжайлардан
ойдағыдай өнім алуға қол жеткізу қиынға
соғады.
Бұл орайда, жылыжай маманы жылыжай ішіндегі
ауа мен жылуды, топырақтың ылғалдылығы
мен қызуын, сондай-ақ, жылыжай ішіндегі
жарықты реттеп отырумен қатар, жылыжай
ішіндегі қолайлы жағдайда көбейетін
зиянкестер мен өсімдік ауруларына қарсы
жүргізілетін іс-шараларды да кәсіби түрде
жүргізе білуі тиіс. Сондықтан, жылыжай
кешендеріне білікті мамандар даярлау
үшін, жылыжай шаруашылықтары жақсы дамыған
немесе даму үстіндегі облыс орталықтарынан
уақытша болса да, қысқа оқу курстарын
ашу, көшпелі оқыту семинарлары мен тәжірибе
аламасу шараларын ұйымдастыру жұмыстары
өте қажет-ақ. Рас, Алматы облысының «Үшқоңыр»
және «Тассай» білім орталықтарында ауыл
шаруашылығы саласымен қатар, жылыжай
шаруашылықтарының мамандарын оқыту үшін
қысқа курстар ұйымдастырылған. Бірақ,
олар мерзімдік курстар және жері шалғай
болғандықтан, көптеген шаруашылықтар
ол курстарға өз мамандарын өндірістен
қол үздіріп оқытуға құлықсыз.
Бүгінгі таңда жылыжай шаруашылығын жүргізудің
тағы бір тиімділігі мемлекет тарапынан
1 гектар жылыжай шаруашылығы үшін 2 кезеңге
бөліп, әр кезеңге 1 млн. 300 теңгеден, жалпы
сомасы 2 млн. 600 мың теңге көлемінде субсидия
төлеу қарастырылған. Бұл көмек - шаруаларды
жылыжай шаруашылықтарына иелік етуге
және оны тиімді жүргізіп, жақсы өнім алуға
қызықтырып отырған факторлардың бірі.
Жылыжай шаруашылықтарын жүргізудің тағы
бір пайдасы мен артықшылығы - жылыжай
дақылдарын ылғалдандырып, суару арқылы
ауыл шаруашылығы өндірісіне тамшылатып
суару технологиясын енгізу үрдісі жаппай
құбылысқа айналатын болады.
Қысқасы, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу
арқылы еліміздің азық-түлік қорына қосарымыз
да, жаңа технологияларды меңгеріп, үйренеріміз
де көп болмақ.