Жұқпалы аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 16:07, реферат

Описание работы

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Работа содержит 1 файл

Жұқпалы аурулар.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

4. Ошақтардағы  іс-шаралар:

1) Сырқатпен  қарым-қатынаста болған адамдар  онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады.

2) Бақылау кезеңінде  жаңадан балаларды қабылдау және  қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады.

3) Сырқатпен  қарым-қатынаста болған адамдарды  клиникалық айғақтар болған жағдайда  қанды биохимиялық анализдерге  зертханалық тексеру дәрігердің  тағайындауы бойынша жүргізіледі.

4) Сырқатты  ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.

В вирусты гепатиті

 В вирусты  гепатиті (бұдан әрі — ВВГ)  инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.

 Жұқтыру  жолы — парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі.

В және Д вирусты  гепатиттерінің алдын алу.

 В вирусты  гепатиті (бұдан әрі — ВВГ)  мен Д вирусты гепатитінің  (бұдан әрі – ДВГ) өзіндік  профилактикасы — вакцинациялау.  ВВГ-ге қарсы вакцинациялаудың  басты мақсаты созылмалыларды  қосқанда, В және Д гепатиттерінің  барлық түрлеріне жол бермеу.

ВВГ-ге қарсы вакцина:

1) ВВГ-ге қарсы  моноваленттік вакцина сауыттарда  сұйық түрінде, тек В гепатитінен  ғана қорғайтын бір немесе  бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады;

2) ВВГ-ге қарсы  поливаленттік вакцина бірнеше  ауруларға қарсы қорғанышты дереу  қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен үйлесімді (АКДС-пен немесе гемофильдік жұқпаға қарсы вакцинамен бірге) шығарылады.

 Туған кезде  алғашқы доза ретінде міндетті  түрде ВВГ-ге қарсы моноваленттік  вакцина қолданылуы керек, өйткені  поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезінде енгізуге болмайды.

Вакцинациялау тактикасы.

 Вакцинациялау  кешені 3 дозадан тұрады. Нәрестелер  үшін егу үлгісі: 0-2-4 ай (туғаннан  кейінгі 12 сағат ішінде – өмірінің 2 айында – өмірінің 4 айында); туылған  кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін мынадай үлгі анықталған: 0-2-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 2 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 4 ай; 1 жастан асқан балалар мен ересектерге мынадай үлгі ұсынылған: 0-1-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 1 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 5 ай.

 ВВГ-ге қарсы  вакцинаның басқа түрі, сол сияқты  инактивтендірілген вакциналармен  бір мезгілде бөлек шприцтермен  және дененің басқа жерлеріне  салу шартымен енгізуге болады.

 ВВГ-ге қарсы  вакцинаның шығарылған барлық  түрлері мен нысандары бір-бірін толығымен алмастыра алады, яғни вакцинаның кейінгі дозаларын енгізу үшін әр алуан өндірушілер шығарған әртүрлі препараттарды пайдалануға болады.

 Егер вакцинаның  қандай да бір дозасы салынбаған  болса, ол мүмкіндігінше дереу  енгізілуге тиіс, бұл ретте иммундаудың толық курсын қайта бастаудың қажеті жоқ.

 Иммундаудың  пайдаланылған үлгісіне қарамастан 3 дозадан тұратын HbsAg-ге (анти-HbsAg) қарсы антиденелердің қорғаныш  деңгейі егілгендердің 95%-нан  астамында қалыптасады. ВВГ-ге  қарсы вакцина жасалғаннан кейін антиденелердің қалыптасуымен жауап берген адамдар жіті, созылмалы ВВГ жұқпасынан және дельта-жұқпасынан жақсы қорғалған. 15 жастан асқан адамдарды вакцинациялау алдын ала ВВГ-ге маркерлік диагностикалаудан кейін жүргізіледі. ВВГ-ге зерделеуде оң нәтижелі адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.

Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады:

1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан  кем;

2) препараттың  құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің  артуымен байланысты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы (генерализдендірілген бөртпе – есекжем, тыныс алу ауырлығы, өңеш пен ауыз қуысының ісуі, гипертензия, шок). Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады;

3) 380С-тан жоғары  температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі;

4) жүктілік;

5) ауыр емес  жіті респираторлық вирустық  жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады.

ВВГ-ге қарсы  вакцинациялауға жататын контингенттер:

1) жаңа туған  нәрестелер өмірдің алғашқы 12 сағатында перинаталдық берілудің  алдын алу мақсатында;

 Егер бұрын егілмеген болса:

2) жасөспірімдер  сырқаттанушылық деңгейі жоғарылауға  байланысты;

3) жыныстық  қатынас және тұрмыстық жолмен  берілудің алдын алу үшін В  гепатиті ошағындағы сырқатпен  тығыз қарым-қатынастағы адамдар;

4) меншік нысанына  қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлер құрамы);

5) меншік нысанына  қарамастан медицина бейініндегі  барлық жоғары және орта оқу  орындарының студентері;

6) қан, оның  компоненттері мен препараттарының реципиенттері – құю жиілігіне қарамастан;

7) алғаш анықталған  АИТВ жұқтырғандар;

8) гемодиализге  және трансплантацияға жататын  алғаш анықталған сырқаттар;

9) онкогематологиялық  сырқаттар, сондай-ақ иммундық  супрессиялық препараттарды алатын  сырқаттар, оларға иммундық жауаптың әлсіздігіне байланысты вакцинаның екі есе дозасы енгізіліп, аяқталған вакцинациялаудан кейін 6 айдан соң қосымша ревакцинациялау жүргізіледі.

 Қан және  оның компоненттері мен препараттары  реципиенттеріне құюды жүргізген  денсаулық сақтау ұйымының берілген тізіміне сәйкес аумақтық емханаларда жүргізілуге тиіс.

С вирусты гепатиті

 С вирусты  гепатиті (бұдан әрі — СВГ), жұқпа  көздері: аурудың жіті және  созылмалы түрлерімен сырқаттар.инкубациялық  кезеңі орташа есеппен 180-210 күнді  құрайды.

 Берілу жолдары  ВГВ ұқсас.

Е вирусты гепатиті

 Е вирусты  гепатиті (бұдан әрі — ЕВГ)  — берілу жолы – су арқылы:

1) судан пайда  болған эпидемиялық бұрқ етулер 7-8 жыл аралықтармен;

2) аурудың жарылыстық  сипатымен;

3) 15-29 жастағы  жас адамдардың басым зақымдалуымен;

4) пәтердегі  ошақтанудың төмендігімен;

5) жүктіліктің  үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен.

 Аурудың  көтеріле бастауы жазғы айларға  тән, бұл суды барынша көп  тұтынуға және шаруашылық-ауызсумен  жабдықтау көзі болып табылатын  жер асты суының барынша ластануына байланысты.

 Алдын алу  және эпидемияға қарсы іс-шаралар  АВГ кезінде жүргізілетіндерге  ұқсас.

 АВГ мен  ЕВГ-нің алдын алу негізінде  эпидемиологиялық қадағалау жүйесін  ұйымдастыру болуы тиіс: әрбір  жағдайды тіркеу, есепке алу, эпидемиологиялық тексеру және сырқаттанушылықты талдау.

Д вирусты гепатиті

 Осы нұсқаулықта  пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) Жіті вирусты  гепатит (А, Е, В, С, Д) жағдайын  стандарттық анықтау: вирусты  гепатит – бұл ерекше маркерлері  болған кезде ұзақтығы кем дегенде 6 айға созылатын бауырдың жіті қабынуы.

2) Энтералдық тетік –  асқазан-ішек жолдары арқылы жұқпалы  аурулардың берілуі. Вирус ластанған  сумен, тамақ өнімдерімен, кір  қол арқылы организмге енеді.

3) Парентералдық тетік  – қан құйған, инъекция және басқа да манипуляциялар жасаған кезде тері қабаттары мен шырыштылардың тұтастығы бұзылуымен ілесетін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға берілуі.

ЖВГ сырқаттарын ауруханаға жатқызу

 Энтералдық гепатиттермен  сырқаттарды ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша (ауыр түрлері), парентеральдық гепатиттерден бөлек жүргізіледі. Сырқаттарды жатқызуға (оқшаулауға) эпидемиологиялық айғақтар жоқ, өйткені көбінесе жағдайлар аурудың өршу кезінде анықталады. Осы кезеңде сырқаттар қоршаған ортаға вирус бөлуін тоқтатады және эпидемиологиялық қауіп тудырмайды.

 ЖВГ-мен ауыратын жүкті  әйелдер клиникалық айғақтар  бойынша жұқпалы аурулар стационарларына,  босанған әйелдер – перзентханалардың  қатаң эпидемияға қарсы тәртіп  қамтамасыз етілген оқшауланған палаталарына (бокстарына) жатқызылады.

 ЖВГ сырқаттарын емдеу

 ЖВГ сырқаттарын емдеу  халықаралық ұсыныстар негізіндегі  көпшілік мақұлдаған тәсілдерге  сәйкес жүргізіледі және ол  сақтану тәртібін, арнайы диетаны,  этиотроптық және патогенетикалық  терапияны қамтиды.

 АВГ мен ЕВГ кезінде  этиотроптық терапия жоқ.

 Вирусқа қарсы препараттарды  тағайындау жіті ВГ және ДГ  прогредиенттік ағымында жұқпалық  процестің жоғары аясында және  жіті ГС кезінде қолданған  орынды.

 Этиотроптық  терапия халықаралық ұсыныстар мен консенсустар негізінде бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес және пегилирленген интерферондарды, нуклеотидтер мен нуклеозидтердің синтетикалық аналогтарын қоса отырып, жүргізіледі. Хаттамалары болмаған кезде «Ақысыз медицина көмегінің кепілді көлемі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.07 ж. № 853 Қаулысына сәйкес диагностикалық және емдеу шаралары көлемі медициналық көрсетілім бойынша көпшілік мақұлдаған тәсілдерге сәйкес анықталады.

 Патогенетикалық  және симптоматикалық терапия ауру ауырлығына есепке ала отырып, көрсетілген. Глюкокортикостероидтерді қолдануға болмайды.

 ЖВГ-ні емдеу  кезінде дәрілік препараттарды  қолдануда өте сақ болу керек.  Көптеген препараттар гепатоуытты.

 ЖВГ-нің фульминанттық  түрін емдеу.

1) Су балансы  мониторингі бар инфузиялық терапия.

2) Психомоторлық  қозу ұстамаларын тоқтату.

3) Ішек аутоуыттануының  алдын алу.

4) Гипоксияны  түзету.

 Жіті бүйрек  энцефалопатиясы асқынуларын (бұдан  әрі — ЖБЭ) емдеу.

1) Ісік –  мидың ісінуі: осмодиуретиктер, салуретиктер, ГКС, кранио-церебралдық гипотермия.

2) Асқазан-ішек  қан кетуі: криоплазмалық-антиферменттік  кешен.

3) Жіті бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі: калийді  сақтайтын дисталдық диуретиктер,  дофамин.

4) жайылған  қайталама жұқпасы: антимикотиялық препараттармен гепатоуыттылықты ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады.

 Сондай-ақ, Қазақстанда  В вирустық гепатит ауруын  алдын алу мақсатында жаңа  туған нәрестелер, медициналық қызметкерлер  және эпидемиологиялық көрсеткіші  бойынша қарым-қатынаста болғандарға вакциналық емдеу әдісі жүргізіледі. Вакциналау әдісі 6 ай ішінде 2 рет өткізіледі.

Кене энцефалиті.

 Кене энцефалиті (КЭ) – ауыр мержігуге, немесе  өлім-жітімге әкеліп соғатын,  адамның қауіпті сырқаттануы.  Бұл сырқаттану жануарлар мен  адамдарды иксод кенелері шаққанда таралатын вирус арқылы пайда болады.

2005 жылы облыс  бойынша медициналық көмекке  кене шаққан – 800 адам жүгінді,  оның 9 – ы кене энцефалитімен  ауырды.

 Ақсу, Алакөл, Ескелді, Енбекшіқазақ, Қарасай,  Райымбек, Сарқан, Талғар, Уйғыр аудандары және Талдықорған, Текелі қалалары — кене энцефалитінің табиғи ошақтары бар аудандар болып табылады. Осы аудандарда адамдар арасындағы сырқаттанушылық жыл сайын тіркеледі.

 Кенелердің  сүйікті жерлері – қалын орман  тұғырығы бар аралас ормандар. Кенелердің иіс сезімі жақсы дамыған, олар адам мен жануарлар иісін 3-5 метр жерден сезеді. Кенелер, әмісе мойынға, төске, қолтық астына және шап қатпарына қадалады. Жыл ішінде кенелердің белсенділігі мамыр мен шілденің ортасына дейін және тамыз айынан қазанға дейін байқалады.

 Бірақ, адамның  КЭ зақымдалуы мүмкіндігі жылдың  барлық жылы мезгілдерінде де  бар.

 Энцефалиттің  белгілері (симптомдар)

 Жасырын  кезең 1-30 күнге дейін созылады. Сырқаттану аяқ асты қалтыраудан  дене қызымының 38-390С көтерілуінен, қатты бас ауруынан, дене сырқырауынан, әлсіздіктен, ұйқы бұзылудан, жүрек айнудан, құсудан басталады. Науқастың беті, көзі қызарады 3-5 күннен кейін жүйке жүйесінің зақымдалуы басталады.

 Кене шаққаннан  қалай қорғану және егерде, кене  шаққанын байқасаңыз не істеу керек?

 Бірінші,  есіңізде сақтаңыз! КЭ бойынша  қауіпті аумақтарға барған кезде  (тау, тау етектері), кене шабуылын  және жағу мүмкіндігін төмендегі  бірқатар қарапайым ережелерді  сақтау қажет.

 Сәйкесетін  киім киюге көніл бөлу керек.  Шалбардың балағын етіктің, бәтіңкенің қонышына жіберген дұрыс, көйлегіңіз ұзын жеңді және жағалы болу керек. Орманға баратын болсаңыз әртүрлі комбинизондар киген дұрыс.

 Киімді өңдеу  және оның қорғаныс қасиеттерінің  ұтымдылығын арттыру үшін алдын  алу репелленті (қорқытатын) және инсектицидті (жәндіктер мен кенелерді жоятын) препараттарды қолдану керек.

Информация о работе Жұқпалы аурулар