Жетісу аймағының экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 00:06, реферат

Описание работы

лық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен құста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.

Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жетісу аймағының табиғат жағдайы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері.

2. Табиғат қорларың ластануы және оны пайдалану.

3. Республикамыздағы экологиялық проблеммалардың

даму жағдайы және одан сақтану шаралары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жетісу аймағының экологиясы.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

1992 жылы  қабвлданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенсиясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың өзгеруі туралы конвенсия адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қуіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа – райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі, тағы басқа эффектілер болуы мүмкін. Үкімет – аралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму бастағанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,5 С – ға көтерілген.

    Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес, мұхиттағы процестермен, биосферамен, гидросферамен қатынаста болады. Жер бетінде климаттың әр түрлі бөліктері өз – ара күрделі қарым – қатынасындағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

    Қазақстанның  географиалық орыналасуы оның климатының қатаң континентталды және құрғақ болуының басты себебі болып табылады . Республика териториясының 50 % -дан астам бөлігін шөл және шөлейт ландышафт зоналары алып жатыр. Сондықтан су мен қамтамасыз ету мәселесі республикамыздың экономикасын өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Табиғат ресурстарының, тың және тыңайған жерлердің кең алқабының игерілуі, өзен суларының егістікті суғаруға, электр энергиясын өндіруге жұмсау нәтижесіндегі зор антропогенді қысым Арал мәселесі мен Қазақстанның жалпы су ресурстарының кемуіне әкеліп соқты. Егістік жерлердің өңдеудің төмен технологиясы және жамылғыларының көптеген жерлерде азуына әкеліп соқтырды. Температураның артуы тау мұздықтарының кемуіне әкелді. Іле Алатауында соңғы 35 – жыл ішінде мұздану процесі 30%- ға немесе әр жылға шаққанда 1%- ға кеміген. Мұздықтардың көлемінің кемуі, мұздық жүйесіндегі су қорының да азаюына әкеледі. Мұздықтардың еруі үлкен мұздық көлдерінің пайда болуына әкеледі. Ал бұл көлдердің толуы сел жүру қаупін тудырады. Таулардың мұз қорының кемуі таулар мен тау бөктерінің микроклиматының құрғақшылық бағытында өзгеруіне, ал ол өсімдік жамылғысы мен жануарлар тіршілігінің қалыптасқан жағдайларының өзгеруіне әкеледі.

    Экология  өзінің танымы жағынан өте кең  ұғым. Экология заңдылықтарына қарама – қайшылықтардың барлығы, табиғатқа әсер ететін және орныққан экологиялық қызмет нормаларына нұқсан келтірген құбылыстардың бәрі оны бұзғандық болып есептелінеді. Бір жағынан осыншама нәзік жүйені бүлдіру барлық тіршілік атаулыға өзінің зиянды ықпалын тигізуі мүмкін. Біздің табиғи – климаттық жағдайымыздың өзі неге тұрады? Климатымыз тым континентальды, құмды дауылдар, масалар маза бермейді. Өлкеміз өсімдіктерге өте жұтаң. Жасыл желектің жойылуы мен жолдардың бұзылуы өз алдына бір төбе көкейкесті мәселелер. Зиянкес насекомдарға, жердің тұздануы мен тақырлануына, құрғақшылыққа байланысты барлық проблемалардыбіз үшін біреу шешіп бермейді және біз үшін біреу жасамайды. Осы біз жерді дұрыс пайдаланып отырмыз ба? Жер жыртқанда кейде сауаттылығымыздың жетіспей жататындығы рас қой. Біздің байлығымызды игеру үшін облысымызға шетелдік мамандар келіп жатыр. Олар экологиялық жағынан таза азық- түлікті талап етеді. Сонда біз оларға не ұсына аламыз? Меніңше, жергілікті ғалымдармен қатар акционерлік қоғамдарда, фирмаларда қоршаған ортаны қорғау жөнінде әрқайсысының, өз бағдарламалары болуы керек. Сөз жоқ, осындай жағдайда күш біріктіре отырып, табысқа жетуге болады. Әрине, әлемдік деігейдегі жақсы приборларсыз экологиялық талаптардың бұзылуын жан-жақты бақылай алмайсыз. Сондықтан осы тұрғыда шешімді қадамдар жасалуы қажет.

Қазіргі таңда экологияға, қоршаған ортаны қорғауға оң қадам жасалып жатыр. Бұл заңды да. Себебі адамдар табиғатты  әбден бүлдіріп бітті. Ал табиғат  пен адам егіз десек, оған тас бауырлық, қатыгездік емес, мейірімділік қажет. Біз келер ұрпаққа Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2030 Жолдауында айтылғандай, жасыл орман, құнарлы алқап, мөлдір де таза өзен – көл қалдырумыз керек. Ал алға қарай экологиялық сараптама мен аудитті жақсарту үшін төменгі мәселеге көңіл бөлу дұрыс болар еді. Оның ең бастылары сметалық құжаттардың сапасын одан әрі жақсартуға қол жеткізу, жаңа экологиялық таза технологияны өнеркәсіптерге енгізу, жоғарғы тиімді тәсілді пайдалану арқылы құнарлы жерлерді жаңадан өңдеу, оны қуаңшылықтан сақтау, су басудан, мұнай өнімдерінен сақтау. Минералды шикізат ресурстарын кешеді пайдаланупроблемасын шешіп, кіші және қалдықсыз ттехнологиялық процестерді енгізу,шаруашылық айналымға өнеркәсіп қалдықтарын кең қолдану керек.

Қоршаған  ортаны қорғау туралы түрлі семинарларды жиі өткізіп, сарапшыларды материалдық қолдау және оларға ақы төлеу ісін жетілдіруіміз керек. Сонда осы және басқа да шаралар экологиялық сараптаманы жетілдіріп, экожүйені қорғауға көмектесетін болады. Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегополис болып табылыды. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін « Таза ауа – жанға дауа » бағдарламасын жасап, оны бір қтар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде « Қала ауа бассейінің ластануы » атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір милион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды.

    Климатының  қуаңшылығына қарамастан, облыс аграрлық аумаққа жатады. Мемлекеттік шаруашылық жүргізу кезеңдерінде барлығы 156 шаруашылық, оның ішінде 112 совхоз және 44 колхоз ауылшаруашылығы өндірісінде 26 млн га жерлер, оның ішінде егістік жеолер – 2,3 млн га (8,6 %), жыртылған жерлер – 6,7 мың га (0,02%), көпжылдық шөптер – 0,9 мың га (0,01 %) шабындықтар – 469,7 мың га (1,8 %), жайылымдықтар – 24,0 млн га (89,7 %) құрайтын. Дәнді дақылдардың орташа түсімі аумақ бойынша гектарынан 1,5 – нан 12 центнерге дейін аутқиды. Ең жоғары егін түсімдері 1981 жылы – 1,7 млн тонна, ал 1992 жылы – 2,0 млн тонна құрады. Облыстың жер қорының жағдайы жақсартуға, топырақтың құнарлығын көтеруді, әсер құрылымының ауылшаруашылығының даму бағытына сәйкес өзгерістер енгізілетін шараларды қабылдауды қажет етеді. Жердің жағдайының өзгерістерін дер кезінде анықтау, оларды бағалау, қолайзыз процестерді болдырмаудың алдын алу және өзгеріске ұшыраған жерлерді қалпына келтірудегі мониторинг жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда. Облыстың батыс шегарасында ұзындығы 70 км кіріп жатқан Жайық өзені алып етеді. Аймақтың өсімдіктер әлемі өте алуан түрлілігімен көзге түседі, мұнда жоғары дамыған сабақты өсімдіктердің 447 тегі мен 92 тұқымдастарына жататын 1057-ге тартатын түрлері өседі. Үстіміздегі жылы облыста жақсы егін өсірілді, 663,4 мың га егістік жерден 555,4 мың тонна астық бастырылды. әр гектардан жиналған егін өнімі орташа есеппен алғанда 8,5 центнерді құрады, 55,1 мың тонна картоп және 28,8 мың тонна көкеніс өндірілді. Келесі жылға егіске 64,4 мың тонна тұқым құйылды. Ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің көлемі 1633,0 млн теңгені құрады.өткен жылғымен салыстырғанда 114,6%. Ет, сүт өндірісі өсіп, барлық мал түрлерінің өскендігі байқалады.

    Қазақстанның  жері қаншалық ұлан – байтақ болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықмол  әрі алуан. Ұлан ғайыросынау өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бетқорвса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады, бірде жер бедері Тайгаға ұқсаса, енді бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан-ақ көзге түседі. Республиканың солтүтігінен басталатын шексіз, шексіз жзық дала Орталық Қазақстанның жеріне ойысқан сайын Сарварқаның ауыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікпен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр – Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар алатауы мен Тяшь – Шаньға дейін барады. Республика териториясын емін-еркін төрт географиялық зонаға – орманды дала, шөлейт және шөл зоналарына бөлуге болады. Ендеше мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабалармен жайылымдарға маусымдың өзгеруіне қарай пайдаланған. Қандай әрекет етсе де табиғат ерекшеліктерін ұмытпаған. Табиғатқа деген мұндай көзқарас экологиялық жағдайды сақтауға деген негіздеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасып дамуына ірі өзгерістер болмаған. Бір кездері игерілместей болып көрінген Қазақстанның кең байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің, ғылыми техникалық өрлеудің әсерінен және қоршаған орта жағдайларын ескрмеу салдарында аз уақыт аралығында экологиялық дағдарыстаға аймаққа айналып отыр. Бұрынғы кеңестер одағы жүргізілген солақай саясаттың кесірінен Қазақстанда экололгиялық пробоемалар тіпті көбейіп кеткен. Одақ тұсында республиканың индустриалды қуатын көрсететін үлкен жетістіктер жөнінде ақпарат көп беріледі. Осының кесірінен аз мерзімнің ішінде табиғат байлығы ысырыап болды. Оның тағы бір себебі қоғамда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттіліктерді жалғыз объективті фактор, ал техникалық экономикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тауып, табиғат дамуының заңдары мен экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды. Жедел дамып отырған ғылыми- техникалық өрлеу де адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар қоршаған ортаны ластап, қоғам мен табиғат арасында сәйкессіздік туғызады. Табиғат комплексі құрылымдағы компоненттердің өзара тепе-теңдігін байланысын бұзды. Қазақстандағы 182 мың га жайылымның 110 млн га жалпы жайылымның 60 пайызы әр түрлі деңгейде зиян шнкті. Егер ақшаға шақсақ, оның зияны 10 млрд теңгеге тең. Басқаша айтқанда, 5 млн қойды жоғалттық деген сөз. Бұл жайылымдарды қалпына келтіру үшін 110 млрд доллар қажет. Қайта құру жылдарында 7 млн гектар орманның көзін жойып алдық. Бұл шығын 30 млрд теңгеге тең. Оған жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын айтсақ, шеккен зиянымыздың орны толмайды. Адамзаттың іс-әрекеті табиғатта зат алмасу мен табиғи компонентердің байланысына да әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, орман ағаштарының кесілуі кесірінен топырақтағы ылғал мөлшері азаяды.

    Қорытынды. 

    Қорыта  келгенде қазіргі экологиялық дағдарыстардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым дамуы, зат және энергия  алмасу заңдарын олардың теориялық негіздерін білмеуде жатыр. Елбасының « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру мәселесіне аса көңіл бөлуі бұл проблеманың маңыздылығын айғақтай түседі.

    Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек. Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Боллашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшән табиғи ортаның жағдайы бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек. 5-ші маусымды бүкіл дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні ретінде атап өтеді.

    Шынында бүгінде адамзат баласы экологиялық  құрылымның басында тұр. Осы апаттың  алдын қазірден бастап алмасақ ертең  кеш болады. Еліміздің экологиясын  сауықтырмай экономикасын түзей алмаймыз. Сондықтан барлық күш жігерімізді экологияны түзетуге жұмсауымыз керек және бұл тек біздің, экологтардың ғана емес барша халықтың ісі дегім келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер. 

1 Экология . В. И. Коробкин, Л.В. Передельский.

2. Сыдықбаев  Ғ.И. Аймақтық атқарымдар және  оны экономикалық жүйелер. Алматы : Экономика 2000 ж.

3. Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.

4. Табиғатты  қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.Жақсыбаев  Ә.

5. Экологиялық  мәдениет және табиғатты көркейту. Ақиқат. 2001 ж.

6. Назарбаев  Н. А. «Қазақстан – 2030» Алматы 2002 г.

7. Экология  қуіпсіздікті қамтамасыз ету  қоғамның тұрақты

дамуының  кепілі 15-қаңтар Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық

өсуімен қауіпсіздік кеңесінің кезекті  отырысы болып өтті. Атамекен – 2003 жыл, 22 қаңтар.

8. Қоршаған  ортаны қорғау перзенттік парыз  Атамекен 1998 жыл, 12 қараша.

9. Экология . В. И. Коробкин, Л.В. Передельский.

Информация о работе Жетісу аймағының экологиясы