Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:27, реферат
Жерсіндіру –Ағзалардың мекендемеген экожүйелерге қоныс аударуы. Сирек кездесетін немесе құрып кетуге жақындаған түрлерді қорғап сақтап қалу үшін және адамдардың қажетін өтейтін түрлердің барынша кең таралуына жағдай жасау үшін қолданылады;
Ағзаның өз аралынан тыс жерлердің орта жағдайларына бейімделуі;
Жерсіндіру –Ағзалардың мекендемеген экожүйелерге қоныс аударуы. Сирек кездесетін немесе құрып кетуге жақындаған түрлерді қорғап сақтап қалу үшін және адамдардың қажетін өтейтін түрлердің барынша кең таралуына жағдай жасау үшін қолданылады;
Жануарларды жерсіндіруде ауа райының ерекшеліктерінен басқа азыққа бәсекелестіктің, маусым кезінде жерге таласудың, жыртқыштар мен ауру қоздырғыштардың маңызы зор. Әдетте, жаңа жерге қоныстанған түрлер сырттан қысым, бәсекелестік көрмесе тез бейімделіп кетеді. Сырттан әкелінген малды жергілікті малмен будандастыру арқылы өнімділігі жоғары түрлер алынады. Мысалы, қазақтың ақбас сиыры, алатау сиыры, қазақтың қылшық жүнді қойы, т.б.
ҚАЙТА ЖЕРСІНДІРУ, реакклиматизация: 1) бұрын бір жерде тіршілік еткен, кейін жойылып кеткен организмдерді сол жерге жасанды түрде қайта өсіру
2) бұрын табиғи ортасы болған, кейін бірақ сол жердің жаңа тіршілік ортасы болуына орай, организмдердің сол орта жағдайына бейімделуі.
Малды жерсіндіру - сырттан әкелінген малды жаңа мекеннің табиғи жағдайында өніп-өсуге үйретіп, көндіктіру. Малдың жаңа мекеңді жерсінуі оның бірнеше ұрпақ ауыстыра қалыптасатын ұзақ та, күрделі үрдіс. Малды жерсіндіру барысы нәтижелі болу үшін, алдын ала малдың бұрынғы мекендеген жерінің жағдайы мен болашақ мекеннің ауа-райы, табиғи жағдайы жете зерттеліп, онда жерсіндірілетін малдың жылдың қолайлы мезгілінде әкелінуі, әкелгеннен бастап құнарлы азықтандыру мен жақсы күтім жағдайының туғызылуымен қатар ұрпақтан ұрпакқа жалғастырылатын сұрыптау мен жұп тандау жұмыстары жүргізілуі керек. Малдың жаңа мекендегі өніп-өсуі, жетілуі мен өнімділік көрсеткіштері бұрынғы мекеніндегіндей деңгейде болса, онда бұл оның жаңа мекенде жақсы жерсінгендігін көрсетеді. Малды жерсіндіру дүниежүзілік және отандық мал тұқымдары қорын ұтымды пайдаланудың сенімді жолдарының бірі. Малды жерсіндіру тәсілі арқылы қырдың қызыл сиыры, симментал сиыры, Латвияның қоңыр сиыры т.б. Қазақстанда кең тараған мал тұқымдарына айналды.
Жұпартышқан. Жұпартышқан (лат. Desmana moschata) – отрядына жататын, жартылай суда тіршілік ететін аң. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзенінің алабында, оның шөбі қалың салаларында кездеседі. Қостанай облысының Тобыл, Тоғызақ, Обаған, Үй өзендерінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 18 – 23 см, салмағы 320 – 480 г. Сүйірлене келген басы етті тұмсығымен жалғасады. Көзі өте кішкентай, құлақ қалқаны болмайды. Аяғы бес башайлы, башайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Құйрығының ұзындығы 17 – 20 см, оның астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден хош иісті зат бөлінеді. Аңның Жұпартышқан аталуы да осыған байланысты. Жүні қалың, жылтыр, жұмсақ, қара қоңыр, бауыры ақшыл болады. Су жиегіндегі жарқабаққа қазған інінің аузы су астына ашылады. Қысқы ұйқыға кетпейді. Қорек талғамайды. Қорегін іздеуге түнде шығады. Жәндіктермен, олардың дернәсілімен, құрттар және моллюскілермен қоректенеді, сондай-ақ судағы өсімдіктің тамыр, сабақтарын да жейді. Аналық Жұпартышқан жыныстық жағынан 10 – 11 айда жетіледі. Жылына 2 рет (көктем – жаз және күзде) көбейеді. Буаз аналығы 45 – 50 күнде 1 – 5 (көбінесе, 3 – 4) Жұпартышқан туады. Жұпартышқан – терісі бағалы аң, бірақ саны өте аз. Қазақстанда оны аулауға 1920 жылдан тыйым салынған. Жұпартышқан – өте сирек кездесетін, реликт жануар болғандықтан, қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген.
II-ші санат. Саны азайып бара жатқан сирек кездесетін реликті түр.
Таралуы. ХХ ғ. басында жұпартышқан Днепр, Дон, Еділ мен Жайық өзендері бойында едәуір болды. Қазіргі таралу аймағы да осы өзендер бойында, бірақ мекендейтін жерлері тарылған. Қазақстанда, негізінен, Жайық өзені жағалауында таралған, сондай-ақ Ащы, Қараоба және Солянка өзендерінде де кездескен. Аздап Еділ бойында (Атырау облысы) ұшырасып қалады. 1961 жылы Челябы облысындағы (Ресей) Ой өзені бассейніне жіберілген. Одан Тоғызақ және Тобыл өзендері арқылы Қостанай облысы суларына енген. Обайған өзені бойында да кездеседі. Қазірде Челябы, Қорған (Ресей) және Қостанай облыстары территорияларының түйіскен жерде жұпартышқанның тұрақты популяциясы пайда болады.
Мекендейтін жерлері. Жағасында жайқалып қамысқұрақ өскен өзен мен көлдер, өзектер, ескі су қоймалары. 1988 жылы Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдерінде 1.7-2.0 мындай, ал Ой және Тобыл өзендерінде шамамен 1.0 мыңдай жұпартышқанның бар екендігі анықталды.
Негізгі шектеуші факторлар. Су деңгейінің өзгеруі, аумен балық аулау, су жағалауындағы шаруашылық жұмыстары, мал жаю, сулардың ыластануы. Аңның тіршілік ететін қоныстарындағы азық қоры мен қорғаныс жағдайларының өзгеруі.
Қабылданған қорғау шаралары. Қазақстанда жұпар тышқанды аулауға 1920 жылы тыйым салынған. Батыс Қазақстан облысында Кирсанов қорықшасында және басқа қорықшаларда қорғалады.
Керқұлан, Пржевальский жылқысы (лат. Equus ferus przewalskii) – тақтұяқты сүтқоректілердің жылқы тұқымдасына жататын жабайы жылқы түрі. Кейде оны жойылып кеткен тарпан жабайы жылқысының түр тармағы деп те есептейді. Денесінің ұз. 230 см, шоқтығына дейін биікт. 130 см, салм. 300 кг-дай. Биелері айғырларынан кіші. Денесін бозғылт қызыл сары түк басқан, жон арқасында ұзына бойы созылған жіңішке түкті белдік тәрізді қарақошқыл жолағы болады. Керқұланды 1878 ж. Орталық Азияға жасаған саяхаты кезінде Н.М. Пржевальский Қытайдағы Жоңғарияның шөлді аймағынан кездестіріп, терісі мен бас сүйегін Ресейге алып келген. Оны зерттеген орыс ғалымы И.С. Поляков (1845 – 1887) мұның жабайы жылқының жеке түрі екенін анықтап, Н.М. Пржевальскийдің құрметіне “Пржевальский жылқысы” деп атаған.
19 ғ-ға дейін керқұлан Қазақстанн
Жалман (лат. Selevinia betpakdalaensis) – кемірушілер отрядына жататын кішкентай тышқан. Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 – 8-ден ұрпақ береді. Жалмандар сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Жалман табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938). Қазір Жалманның тек 40-тай дарабасы белгілі. Жалманның тіршілігі толық зерттелмеген, санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
Арал бекіресі. Тұқытәрізділер отряды – Cypriniformes. Тұқытектестер тұқымдасы – Cyprinidae. Арал бекіресі — Арал, Азов және Қара теңіздерінен, Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен және оған құятын өзендердің сағаларынан ауланады. Балқаш көліне жіберіліп, жерсіндірілген. Оның еті дәмділігі мен тағамдық қасиеті жағынан бекіренің етінен сәл төмендеу
Арал бекіресі, пілмай (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.
Таралуы. Бұрын Арал теңізі мен оған құятын өзендердің барлығында кездесетін еді. Сырдария өзенінде оның сағасынан 2600 км жоғары көтеріліп, Чиназ қаласына дейін мекендейтін. Қазірде өзеннің қазақстандық бөлігінде кездеспейді. Бекіренің арал поппуляциясы 1933-1934 жж. Балқаш көліне жерсіндерілген. Бүгінде осы көлде, Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында таралған, аздап Қаратал өзенінде кездеседі. Іле өзені суын реттегенге дейін бекіре мемлекеттік шекараға дейін көтерілетін.
Семіру кезінде Арал теңізіне (бұрын), Балқаш көліне, Қапшағай суқоймасына шығады. Қоныс аудару, шабақтарының өрлеуі және қыстауы өзендерде өтеді.
Саны. 30-шы жылдары бекіренің арал популяциясынан жылына 620 т балық ауланып тұрды. Кейінірек (1963-1968 жж.) аулау 6-9 тоннаға дейін қысқарды. Бекіренің қоры 1936-1937 жылдары болған эпизоотия салдарынан көп қырылуынан тым азайып кетті. Сондай-ақ Сырдария суын шаруашылық мақсат үшін реттеу әсер етті. Іле популяциясының саны оны кәсіптік жолмен аулауға жеткен жоқ. 1955-1982 жж. мұнда жылына 6-32 т көлемінде ауланғаны белгілі болды.
Қолда өсіру. Қолға алынған жоқ. Мүмкін, қолда өсіру әдісі барлық бекіреге тән болуы керек.
Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) – кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2 – 3 рет көбейіп, 25 – 30-ға дейін ұрпақ бере алады. Көктемде туған жас Ондатрлар шілде – тамыз айларында көбеюге қатыса береді. Олар – туляремия және паратиф ауруын таратушылар. Терісі үшін көп ауланады.
Сипаттамасы. Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) заты бөлінеді.
Мекені. Шыққан жері – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазір республиканың барлық өзен-көлдерінде 350 мыңдай Ондатр кездеседі (2005). Бұлар өзен жағасы биік болса, бұраңдата ін қазады, аласа, батпақты келсе, үйшік салады .