Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 09:38, реферат
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 4-ші бабында жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау, оны қорғау және нысаналы мақсатында ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдығы жер заңдарының басты принциптері екендігі айтылған. Қазіргі таңда облысымызда жер қатынастары тұрғысында атқарылып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар жердің басты қасиеті құнарлылығын сақтауға, қорғауға және оны мейлінше тиімді пайдалануға бағытталған.
Жер басты байлық
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 4-ші бабында жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау, оны қорғау және нысаналы мақсатында ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдығы жер заңдарының басты принциптері екендігі айтылған. Қазіргі таңда облысымызда жер қатынастары тұрғысында атқарылып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар жердің басты қасиеті құнарлылығын сақтауға, қорғауға және оны мейлінше тиімді пайдалануға бағытталған.
Өткен 2010 жылы облыс көлемінде жер қатынастарын жетілдіру және жер ресурстарын тиімді пайдалану, осыған байланысты тапсырыстар мен өзге де өтініштерді қанағаттандыру тұрғысында айтарлықтай жұмыстар атқарылып, іс шаралар іске асырылды.
Есепті жыл бойынша, басқарманың және облыс әкімдігінің дайындауымен Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар миністірлігімен шартқа отырған заңды тұлғаларға жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай өңдеу нысандары мен инфрақұрылымдарының құрылысы үшін жер пайдалану құқығын беру туралы 22 қаулы шығарылып 6 169 гектар жер пайдалануға берілді.
Қарғанды облысы әкімшілігі мен жер қатынастары басқармасының тікелей араласуымен Жамбыл облысы аумағынан Приозерск қаласына шектес Мойынқұм ауданының жер қорынан, «Сары-Арқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қорына, демалыс кешенін салу және автомобиль жолы, электр және байланыс желілеріне қызмет көрсету үшін тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығымен барлығы 62 га жер учаскелері берілді.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға алудан туындаған бюджетке тиесілі ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғалтуының қайтарым төлемақысы 101,8 млн. теңгені құрады.
2010 жылы облыс бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мақсаттағы жерлер рәсімделіп оның аумағы 407,2 мың га артты. Бұл жұмыстар Нұра және Ұлытау аудандарында тыңғылықты атқарылды.
Жермен жұмысты жүйелі жүргізудің нәтижесінде өткен есепті жылы облысымыздың су қорының жері 6800 га, орман қорының жері 127 га көбейді.
Қарағанды облысы аумағынан басқа облыстар мен мемлекеттердің пайдалануына бекітіліп берілген жер көлемі 2010 жылы 7153,8 мың га құраса, оның ішінде Қызылорда облысы 2210,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысы 26,5 мың га және мемлекетаралық келісімге сәйкес Ресей Федерациясы 4916,4 мың га жер учаскелерін пайдалануда.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарын төмендетпеу бағытында облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бекітіліп берілген жер учаскелерінің пайдалану деңгейі үнемі бақылауда болды.
Басқарма тарапынан ауылшаруашылығына арналған суармалы жерлердің мақсатты түрде пайдаланылуына баса көңіл аударылып келеді. Облыс бойынша суармалы жердің ауданы 87,9 мың га, оның 62,7 гектары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бекітіліп берілсе, өкінішке орай 8,6 мың га суармалы жер шаруашылық айналымынан тыс қалып отыр.
Елбасының кезекті халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін 2 есеге арттыруға байланысты берген тапсырмасын орындауда ауыл шаруашылығы жерлерін толығымен пайдалану ерекше орын алады. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану деңгейіне сараптама жасалып, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтару мақсатында жұмыстар атқарылуда. Атап айтатын болсақ ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға 1379,3 мың га егістік жер бекітіліп берілген. Осының нақты пайдаланылатыны 1061,8 га немесе 77%. Пайдаланылмай жатқан жерлердің үлесі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл жұмысты жандандыру мақсатында өз нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған ауданы 288 мың гектар 554 жер учаскесі арнайы есепке қойылып оның 131,6 мың гектары 139 жер пайдаланушылардан мемлекет иелігіне қайтарылып алынды.
Сонымен қатар басқарма 2005 жылдың қаңтар айынан бастап 2010 жылдың аяғына дейін аудандар мен қалаларда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі мен пайдалану жағдайына үнемі талдау жасауда. Облыс бойынша тұрғын үй салу үшін жер учаскесін сұрап азаматтардан 23242 өтніш түскен, оның ішінде 12069 өтніш қанағаттандырылып, 4512 жер учаскелері ғана игерілген. Бөлінген жер учаскелерін толық игеру мақсатында жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыстар жалғастырылуда.
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет меншігінен пайдалану немесе жеке меншік құқығымен әртүрлі маққсаттарға алған жер телімдерін жеке және заңды тұлғалар уақытында игеруге, қорғауға және нысаналы мақсатында пайдалануға міндетті екендерін ұмытпағандары абзал.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы 37,4 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарының 18,6 млн га иесіз босалқы жер қорында жатыр, яғни, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 50 пайызын құрайды. 18,6 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарының 98,7 пайызын құнарлылығы төмен шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдар құрайды. Бұл жер телімдерін өндіріске кіргізуге 2008 және 2009 жылдары Жер кодексінің 48 бабына енгізілген жер телімдерін жер пайдаланушыларға тек ғана конкурстар мен аукциондар арқылы беру туралы толықтырулар мен өзгерістер кері әсерін тигізіп отырғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл мәселеге байланысты басқарма жер ресурстарын басқару Агенттігіне және Парламент депутаттарына заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасады. Өкінішке орай бұл ұсыныстар жоғарыдан қолдау таппай отыр.
Облыс әкімдігінің «облыс бюджетінің салық салу базасын кеңейту туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі №09/08 қаулысына және іс-шаралар жоспарына сәйкес 2010 жылдың 4 тамызында басқармада қала және аудан жер қатынастары бөлім бастықтарының қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Жиын барысында өнеркәсіп орындарының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеп, ол туралы мәліметтерді салық комитеттеріне беріп отыру жөнінде тапсырма берілді. Осы тапсырмаға байланысты жергілікті атқару органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге келіп түскен мәлімет бойынша Қарағанды және Теміртау қаласында 30 өнеркәсіп орындарына санитарлық қорғау аймақтары жобалары бекітілді, оның жалпы көлемі 563,0 гектарды құрап отыр. Қарағанды қаласы бойынша өнеркәсіп орындарынан санитарлық қорғау аймақтарын анықтау және орнату үшін 87 өтініш келіп түскен.
Басқарма есепті жылдың қазан және қараша айларында аудандар мен қалалардың жылдық жер есебін қабылдап, облыстың жер есебін жасап Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігіне тапсырды.
Облыс көлемінде жер қатынастарын дамыту және жетілдіру бағытында, жер заңнамаларына сәйкес халықтың құқықтық білімділігін көтеру мақсатында, ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес және 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың орындалуы тұрғысында басқарма өз жұмысын одан әрі жалғастыра береді.