Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 06:08, реферат

Описание работы

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

Содержание

Кіріспе
3
1 Су айналымы
4
2 Жер асты сулары
5
3 Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері
10
Қорытынды
12
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

су айналымы.doc

— 97.00 Кб (Скачать)

Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30 % жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді. Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.
Жер бетіндегі ж/е жер астындағы суларға қосылатын заттар ды,микроорганизімдерді-ластаушы көздер су сапасының нормасын
бұзатын заттарды -ластаушы заттар деп аталады.

Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады: өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар; тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар; тыңайтқыштар, пестицидтер және де хим. заттар қолданылатын а.ш салалары; жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер; су көзіне жалғасқан лас орындар; жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар; өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б. Жер асты сулары микробтар мен және хим. заттармен ластануы мүмкін. Жер асты суларында кейбір патогенді бактериялар мен вирустар тіршілік әрекетін ұзақ сақтайды. Егер топырақ қабаты өзінің тазарту сүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі сарқынды сулар қосылумен қатар, оларды құрамындағы әртүрлі қоқыс заттармен ластайды.

Қорытынды

 

Сонымен, жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ  қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.

Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы  қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат - сутірегіш деп аталады. Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың    деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.

Жер қыртысындағы  асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды. Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы  сулар жатады. Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен  гидравликалық байланысы болмайды. Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал  деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204.

Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.

Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.

Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.

Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.

Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.

“География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.

Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.

 

3

 



Информация о работе Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері