Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:48, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

kaz_azbuki.doc

— 1.10 Мб (Скачать)

 

Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы:

Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.

 

Егер сіз  көмек көрсететін болсаңыз:

 Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.

Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек.

  • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.

Зардап шегуші сол  заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.

Суға батушыға бір  болмаса екі адам ғана болып көмектесе  алады.

 

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:

 

Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп  барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде  қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.

Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жсауға болады.

                   

 

 

   Адам:

            Қыс:

 

  Қатер:

 

 

 

 

 

 

Үсік алу

 

Қатты үсікті санаулы  минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек 


Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда  жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз.

Егер қолқап ішінде қолыңыз  тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.

Қолыңызды ішіңізге салып  жылытыңыз.

Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз.

Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

Бетіңізді желден қатты  матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.

 

 

КӨКМҰЗ

 

Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден – 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

Мұздақ – жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

 

Қарттарға бірнеше  кеңес:

 

Үйден шығара қолыңызға  сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.

Сөмкеңізді арқаңызға  асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.

«Қалай дұрыс құлау» керек:

Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда  қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

 

Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

  • паналаған орынды белгілеу керек;
  • бір-біріңе жақын отыру керек;
  • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
  • Су киімді сығу керек;
  • ыстық шәй, кофе ішу керек;
  • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
  • майлы азық пен қант жеу керек

 

Түн уақытта не істеу  керек:

  • Ішімдік ішпеу;
  • отты қараусыз қалдырмау;
  • орынды себепсіз қалдырмау.

 

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

  • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
  • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
  • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
  • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

 

Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:

  • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
  • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
  • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.

 

Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін  жағуға болады.

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

  • ваннада (40 С жооғары емес);
  • ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.

Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.

 

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

Құрғақшылық – көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылоғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық – қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы.

Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің  қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.

 

 

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты  ыстық):

 

Керек болған жадғдайда  сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.

 

Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық  кезде)

 

Табиғат апаттары турал  мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.

НАЙЗАҒАЙ

Найзағай – бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағай көбінесе қайда  түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

 

 

 

Найзағайға  қалай дайындалу керек.

 

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты  орасты орнатқаштарын орнату қажет.

Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші  кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап  не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне  тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.

Егер дыбыс  кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе  жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің  төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

Егер сіз орманда  болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз.

Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.

Жазық далада, егістікте  немесе қорғанатын жер болмаған кезде  жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз.

Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.

Егер найзағай сіз  көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

 

Табиғатқа шығар  кезде

Жыланның шағуы

Сыртқы көрінісі

Алғашқы көмек

Шаққан кезде жақын  орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады

Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада  сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет.

Кененің шағуы

Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын  қасиетке ие, сондықтан оны тез  анықтауға болады. Терінің нәзік  жерлеріне тексеру жасау керек.

Кененің сорған жерін  келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті  алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. Шаққан жерді кесіп немесе күйдірудің қажеті жоқ. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін емханаға алып бару артықтық қылмайды. 

Улы өрмекшілердің шағуы 

Шаққан жер қатты  ауырады, ісік пайда болады, теріде ақшыл сұйықтыққа толы құтылар пайда  болады.

Кене шаққан кездегі профилактика

Шаққан жерді сабынмен сулап жауып, салқан нәрсе қойыңыз. Шаққан жарді байлап тастаңыз. Ауруды бәсеңдететін дәрі ішу керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз.

Араның шағуы

Ісік, қызару, қышу. Бұның  барлығы екі күнге созылуы  мүмкін. Жүректің айнуы мен әлсіздіктің  пайда болуы да мүмкін.

Егер жарада тікені қалса, ақырын қысқышпен алып тастаңыз, жараға жартылай спиртті компресс жасап, бал жағыңыз, супрастин немесе димидрол таблеткасын ішіңіз. Егер ара шағуына аллергияыңз болса, тез арада дәрігерге көрініңіз.

 Үлкен аралардың шағуы

Теріде ісік пайда  болып, әлсіздік байқалады.

Шаққан жерді сірке  қышқылы (су+сірке қышқылы) немесе спирт қосындыларымен сүртіңіз.


 

Масаның шағуынан пайда  болған қышуды, шаққан жерге нашатыр спиртін (нашатырспирті мен судың тең қосындысы) не болмаса ас содасының ерітіндісін жағуға болады.

  • Егер құлағыңызға жәндік кіріп кетсе, оны келесі жолдармен алып тастауға болады: құлаққа жылы  суды сыртына шыққанға дейін құясыз. Сонымен қатар, құлақты ақырын артқа және жоғары созасыз. Басқа, жеңіл әдісі: міндетті түрді құлақ судың ішінде қалатындай етіп, ваннаға жату керек.

 

 

Алғашқы медициналық көмек.

Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:

Алғашқы медициналық  көмек көрсету:

  • Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);
  • Зардап кезеңдерін анықтау;
  • Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
  • Талаптарға сай көмек көрсету.

 

Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек  көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.

Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;
  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.
  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.
  • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;
  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;
  • іші ауырған кезде су беруге.

 

Қатты қан кету

Керек:

  • зақымданған тамырды қолмен қысу;
  • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;
  • қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.

 

 

 

Естен танып  қалу

Керек:

  • зардап шегушіні арқасымен жатқызу;
  • жағасын, белін босату (шешу);
  • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;
  • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою;
  • нашатыр спиртін иіскету.

Информация о работе Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары