Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:05, реферат
Тұрақты даму – бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз даму.
Биологиялық алуан түрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық Баяндамасы қабылданған. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
- қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
- экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;
- тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.
І. Кіріспе
Тұрақты даму туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұрақты даму тұжырымдамасы (абстрактілі ойлану тәсілі)
2. Тұрақты дамудың негізгі мәселелері.
3. «Нөлдік өсу» концепциясы.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қорытынды
Қазіргі кезде экологиялық жүйенің құлдырауы, ол табиғи кешеннің, биологиялық өнімділіктің шапшаң төмендеуі, шаруашылық қызметтің шамадан тыс көптiгi нәтижесінде болып отыр. Экологиялық жүйе дегеніміз, бұл бірыңғай кешен, тіршілік иелерінің тобы және олардың қоректену ортасынан тұрады. Экологиялық жүйе тұйықталған және теңделген, өзін-өзі ұстап тұратын жүйені құрайды. Табиғат тек қалыпты халық шаруашылығының деңгейінде өзін-өзі қалпына келтіріп, тазарта алады. Бұл дегеніміз халық шаруашылығын тұрақты дамыту қажет деген пікірге келіп саяды. Қазақстанда қоршаған ортаның мәселелері негізінен өткен жүзжылдықтың соңына қарай шиленісе түсті. Бұл өнеркәсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, әскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса солай пайдаланудың, ел территориясына әскери полигондарды орналастырудың нәтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика экологиялық дағдарысты басынан өткізуде. Экологиялық қауіпке қарсы күресу үшін арнайы қоршаған ортаны қорғайтын үкімет орындары ашылды. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл және батыл іс-қимылдар керек. Құқықтық мемлекетте адамның Конституциялық құқығын сақтау тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" делінген.
Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық мәселелерге тек қана бар күштерді біріктіріп және үкімет назарын аударып қоймай, экологиялық тәрбие беру керек.
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты экономиканың нарықтық қатынастарда дамуындағы оның тұрақтылығы тек экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік тұрақтылыққа тығыз байланысты. Экономика тұрақтылығы әлеуметтік тұрақтылықты жасағанымен экологиялық тұрақсыздықты тудыруы мүмкін. Ал экологиялық тұрақсыздық экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты жоюға әкеледі. Демек, экономиканың тұрақты дамуы тек экология және әлеуметтік салаларды қаржыландыру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы //Егемен Қазақстан. 4 қыркүйек. 2002.
2. Есекина Б. Проблемы интеграции принципов устойчивого развития в национальную экономику //Саясат. 2004. №7. – С. 11-14.
3. Кажыкен М. Устойчивость социально-экономической системы (десятилетию концепции устойчивого развития) //Транзитная экономика. -2001. №3. - С. 11-14.
4. Экономика США в будущем (проблемы и прогнозы). – М.: Прогресс, 1982. - С. 91-92.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995. 30 тамыз. – Алматы: Жеті жарғы, 1999.