Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 12:40, реферат
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.
Үйсін,
Усун — қазақ халқының
қалыптасуына негіз
болған ежелгі түркі
тайпаларының бірі.
Ежелгі қытай жазбаларында
Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан
бастап кездеседі. Ғұндардың
күшеюінен қорыққан
Қытай үкіметі өзіне
одақтас іздеп, батыс
елдеріне елшілік жіберді.
Қытай елшісі келген
кезде Үйсіндер Қытаймен
және ғұндармен терезесі
тең қуатты мемлекет
болды (қ. Үйсін мемлекеті).
Үйсіннің шығу тегі,
таралуы, халықтардың
тарихындағы рөлі жайында
тарихи-генеалогиялық
зерттеулерде талас
пікірлер азды-кемді
ұшырасады. Оған себеп
жазба дерек көздері.
Оларда адамдардың есімі,
лауазымы, қытай транскрипциясы
бойынша жазылған. Атап
айтқанда, 7 ғасырдағы
Қытай жазушысы Чин-гу,
“Батыс өлкенің өзге
шетелдіктерінен Үйсіндердің
едәуір айырмашылығы
бар, олардың көзі көк,
жирен сақалды” деп
жазады (қ. Үйсін антропологиялық
типі). Үйсіндердің шаруашылық
жағдайы мен мәдениеті
жайындағы деректер
археол. қазбалардан
анықталып отыр (қ. Үйсін
дәуірінің ескерткіштері).
Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін
күнбиіне ұзатылған
Қытай императорының
қызы киізбен ораған
дөңгелек үйде тұратынын,
ет, сүтпен қоректенетінін
айтып, өлеңмен зарлы
хат жазған. Жазба деректемелерде
б.з.б. 1 ғасырда Үйсін
халқының жалпы саны 630
мың адам (120 мың түтін)
болғаны айтылады. Олар 188
мың 800 адамнан тұратын
әскер ұстаған. Алғашында
Бұлыңғыр өзеннің бойын
мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың
орта шенінде Жетісуға,
Іле бойына ығысқан.
Дегенмен, олардың барлығы
көшпеген деген ғыл.
жорамал бар. Оны шығыстанушы
С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі
Үйсін есімінің жазылуымен
дәлелдейді. Жетісу
Үйсіндерінің шығу тегін
анықтау жолында А.Н.
Бернштам, К.А. Ақышев,
Г.А. Кушаевтар археологиялық
қазба жұмыстарын жүргізді.
Шығыстағы Орхон-Енисей
жазба ескерткіштеріндегі
деректер де осындай
бұлтартпас қорытынды
жасауға мүмкіндік береді.
Бұл деректерге сүйенген
Ресей ғалымдары Үйсіннің
исседондармен туыс
екенін дәлелдеп, оларды
Тянь-Шань және Шығыс
Түркістан тармағы деп
бөледі. Б.з. 6 ғасырдан
бастап Үйсін этнонимі
тарихи әдебиетте кездеспейді.
Бірақ одан тараған
рулар дулат, албан,
Шігіл (жікіл) Түрік
қағандығы кезіндегі
мемлекеттерді құруға
қатысқан. 13 ғасырда
Рашид әд-Диннің шығармасында
Шағатай ұлысындағы
Үйсін халқы туралы
айтылады. Жетісу, Оңтүстік
Қазақстанды мекендеген
Ұлы жүз құрамындағы
тайпалардың жалпы атауы
ретінде халық арасында
да, жазба әдебиетте
де қолданылды. Қазақтың
дәстүрлі шежіре деректері
Үйсінді Шыңғыс хан
заманындағы Майқы биден
таратады. Ботбай руынан
шыққан Диқанбай батырдың
шежіресінде (Н.Аристов
жазбасында) Майқы биден:
Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз,
Мыңжүз. Бақтиярдан:
Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен:
Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ).
Абақтан — Қараша, одан
Бәйдібек, Байтулы. Ұлы
жүздің негізін құраған
тайпалар Бәйдібектің
балалары болып саналады.
Олар: албан, дулат, суан,
шапырашты, сарыүйсін,
ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың
жазбаларында Үйсін
— бұл тайпалардың ғана
емес, Ұлы жүздің барлық
тайпасының түп атасы.
Онда Төбейден — Үйсін,
одан — Қойылдыр (Қатаған,
Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр),
Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы)
тарайды. Үйсін қырғыз
халқының құрамында
да бар. Солты тайпасының
бір тармағы Усон, Қаракесек
тармағы Сарыүйсін,
Бағышындағы Қалша аталары
Үйсін деп аталады. Сол
сияқты Үйсін қарақалпақтардың
құрамына да енген.
Пайд