Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:08, реферат
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.
ТОПЫРАҚТЫҢ РАДИАКТИВТІК ЛАСТАНУЫ
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.
Топырактың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі үлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін қүрайды.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану — ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу про-цестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Ауыл
шаруашылығында химиялық препараттарды
қолданудың бүгінгі күні шетелдік және
отандық мол тәжірибелері жинақталды.
Ұзақ жылдар бойы (70 жыл шамасы) пестицидтерді
қолдану адам баласына мол өнім сыйлаумен
қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан
моральдық, материалдық денсаулыққа көп
зиян келтірді. Бізді қоршаған табиғат
ортасы түрлі химиялық қосылыстардың
қоймасына айналды. Химиялық заттар адамның
өмір сүріп отырған ортасын ластай отырып,
оның барлық тіршілік аясына тарады. Табиғаттағы
зат айналымының заңына байланысты улы
химикаттар ауа, су, азық-түлік арқылы
жер бетіне кең тарады. Мәселен, адам аяғы
баспаған антарктидада мұздықтары құрамында
ДДТ-ның бар екенін ғалымдар тапты. Бұл
фактор химиялық зиянды заттардың бүкіл
жер шарына таралғандығын дәлелдейді.
Ең қауіптісі, улы химикаттар «ауа-су-топырақ-өсімдік-
Ғалымдардың зерттеуі бойынша пестицидтерді қолдану қауіпті ісік, тұқым қуалау, мутациялау ауруларын еселеп көбейтудің бірден-бір себебі екенін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде Пестицидтердің зияны кеңейіп, оның кері әсері де көріне түсті. Мысалы: аллергия, жүрек қан тамыры, өкпе тыныс жолдары, ашық жаралар, т.б. осы пестицидтерге тікелей баланады. Қазақстанда пестицидтерді өте қолданған аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, т.б.). Бұл факторлардың мысалы көптеп саналады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, пестицидтерден улану арқылы 500 мың адам өліп, 5000-ы әр түрлі зардап шеккені тіркелген.
Пестидцидтерден сақтанудың бірден-бір жолы оны экологиялық сауатты пайдалану. Көкөністерге т.б. дақылдарға қолдануды шектеу немесе тез ыдырайтын зияндылығы төмен препараттарды өміршең ету. Ең бастысы пестицитерді пайдаланудың жаңа технологиясын практи-каға ендіру және оган мемлекеттік, қоғамдық мониторингтік жүйесін енгізе отырып қатаң бақылауға алу.
Азық-түліктердің пестицидтермен ластануы
Азық-түлік көбінесе хлор, фссфор-сынапорганикалық және кар-бамин, тио-карбамин және дитиокарбамин қышқылдары, бролиз сияқты заттармен ластанады. Бүл заттар кебінесе өсімдік және жануар тектес азық-түлік құрамында көптеп кездеседі. Пестицидтердің азық-түлікте жинақталуы негізінен оларды пайдалану мөлшерін бүзу және мерзімі мен тәртібін сақтамау болып табылады.
Пестицидтердің табиғи биоценоздарға әсері
Пестицидтер барлық экожүйелерде қолданылатындықтан оның әсері фауна мен флора өкілдеріне өте қауіпті жағдай туғызады. Зиянкес жәндіктерді жоюмен катар сол мөлшерде пайдалы организмдер де жойылады немесе зардап шегеді. Нәтижесінде, табиғи экожүйедегі қалыптасқан биоценоз құрылымы өз кезегінде ондағы организмдердің көптүрлігі бүзылады. Пайдалы организмдер әрқашан да зиянкестерге қарағанда популяциясы аз әрі уға төзімсіз келеді. Ал, зиянкестер кері-сінше көбею мүмкіндігі жоғары, бейімделу қабілеті күшті организмдерге жатады. Сондықтан организмдердің экологиясын білуді міндеттеу тиіс.
Пестицидтердің әрекетінен биоценозда кәбінесе ауыл шаруашылығына пайдалы организмдер - аралар, өрмекшілер, дәуіттер, эитомофигтер, өсімдік тозандандыратын насикомдар жойылып жалпы био-өсімдік тәмендеп жүйе бұзылады. Ал, бүзылған биоценизді қалпына келтіру өте ұзаққа созылатын күрделі табиғи процесс.
Топырақты уланудан қорғау. Ауадагы радиоактівті заттар, ауыр металдар, күкірт қышқылы зиянды қалдықтар топырақты ластайды. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар мөлшерден тыс қолданылса топырақ уланады.
Өндірістік қалдықтардағы көмір қышқыл газы, күкіртті ангидрид, түрлі металдар, көмірсутектер топырақтың құрамын өзгертіп, оның құнарлығын төмендетсді.
Түсті металлургия кәсіпорындары бар жерлерде топырақтағы Корғасын мөлшері 20 есеге дейін кен болады. Сунерфосфат тыңайтқыштарын шығаратын зауыттан 500 м. қашықтықта топырақтағы мышьяк нормадан 20-25 есе көп. Топырақта фтор көп болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану, олардың көп жиналуына, ерімей, бірнеше жыл сақталуына әкеледі. Ақыры олар қоректік тізбек жүйесіне кіріп, улы зат-топырақ-өсімдік-жануар жолымен адамдарды улайтын болды.
Технологиялық
қалдықтардың өте қауіпті ластаушы
екенін ескере отырып мемлекеттік стаңдарт
төмендегі химиялық заттарды ерекше
бақылауға алуды ұсынады:
топырақта
сақталу мерзімі (ай) |
шектеулі-рұқсат
етілген мөлшері (мг) кг | |
І-класс
өте қауіпті заттар Граназон ддт Метафос |
144 3 | 0.1 0.1 0.1 |
ІІ-класс Қауігггі заттар Карбафос Кельтан, хлорофос | 3
5-12 3 |
2
1.5 0.5 |
Ш-класс Қауіпі аз заттар Дактал поликарбоцин | 4-6 1-6 | 0.1
- |
Топырақты қалпына келтіру (рекультивация).
Пайдалы кен қазғанда, кәсіпорындар, тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар салғанда жер бетіндегі құнарлы топырақ жерасты кен қалдықтарымен , құм, тас, саз балшықтарымен араласып істен шығады. Ірі су қоймаларын салғанда су астында қалады. Өндіріс қалдықтары тау - тау болып үйілген жерде де құнарлы топырақ бар. Кен орыңдары жабылып, құрылыс аяқталғаннан кейін қалған жерлер өсімдік өспейтін тіршілік жоқ құлазыған далаға ұқсайды,
Шахта салмай, қазбалы кендерді ашық каръер арқылы алганда жер астына 500 м терендегенде жер бетінде биіктігі 50 метрден асатын қалдықтар үйіледі. Олар жарамсыз иіс таратып, түтіндсп, кейде өртеніп, айналаға шаң - тозаң шашып жатады. Мұндай қалдықтармен ашық карьерлер қоршаған ортаға өте зиянды болып табылады. Ашық карьерде кен қазу арзанға түседі деген сылтаумен жер беті мен қоршаған ортаның бүлінгені ескерусіз қалуда. Егер оларды қалпына келтіруге жұмсалатын шығынды қосып есептесе ашық карьердің арзанға түсуі екі талай.
Мұндай жарамсыз жағдай Қазақстанның тау-кендерін қазатын кәсіпорындарында кең өріс алуда. Олардың ішінде Соколов-Сарбай кенбайыту комбинаты, Екібастұз көмір бассейні, Жамбыл облысындағы фосфорит қазатын рудниктер, т.б. бар.
Жаңа қала, елді-мекен, тұрғын үйлер, су қоймаларын, жолдар, кәсіпорындар т.б. құрылыстар салғаңда топырақтың үстіңгі, құнарлы қабатын жинап алып құнары аз жерлерге төгіп, сөйтіп оларды қайтадан өнім беретін қалыпқа келтіру Қазақстан жер кодексінің негізгі талабы. Шахта, карьер қазғанда құнарлы топырақ қалдықтармен көміліп, ысырап болмауға тиіс. Жерді пайдалануға алған мекемелер, кәсіпорындар мен шаруашылықтар осыған жауапты болып, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіріп отыруға міндетті.
Заң бойынша бүлінген жерді құрылыс жүріп жатқанда қалпына келтіріп отыру керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, құнарлы топырақты бір жерге жинап, құрылыс біткесін орнына қайта төсеу керек. Бұл жұмыс құрылыс аяқталған соң бір жыл ішінде бітуге тиісті.
Кені қазылып біткен шахталар мен карьерлер маңайына ағаш отырғызып, су қоймаларын салып, немесе мәшинелер тұратын орын жасауға болады.
Жерді санитарлық қорғау тұрмыстық қалдықтардағы микробтар, вирустар, споралар (өсімдіктердің, кейбір бір клеткалы жәндіктердің ұрығы) т.б. ауыру қоздыратын және тарататындар топырақты ластайды.
Қаладагы тұрмыстық қалдықтар көп болғандықтан оларды жинау, тасу, сақтау үлкен проблемаға айналды. Мұның дұрыстығына көз жеткізу үшін 1 миллион тұрғыны бар қаланы мысалға алайық.
Қалада
жұмсалатын таза су мен қалдық су мөлшері
басқа ластаушы заттармен салыстырғанда
елде - қайда көп болатыны жоғарғы мәліметтен
көрініп тұр. Ауаны ластайтын заттардың
мөлшері жағылған отынның құрамына, түріне,
сапасына және ластанған газдарды ұстайтын
қондырғылардың жұмыс істеуіне байланысты
болатыны белгілі.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.
2.
А.Биғашев, Р.Білдебаева «
3. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова «Экология», А., 2003.
4.
Ж.Жатқанбаева «Экология