Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 13:54, лекция
Токсикология ғылымының анықтамасынан у деген ұғымды алып тастаған жөн. Бірақ бұл дегеніміз «у» ұғымын практика жүзінде пайдалануға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине кез келген химиялық зат организмге әсер ету барысында ауруға немесе өлімге алып келсе (улану, интоксикация және т.б.) ол у болып есептеледі.
«У» ұғымынан басқа токсикологияда биологиялық жүйелердің зақымдануына алып келетін немесе қауіпті химиялық элементтерді сипаттайтын басқа ұғымдар да қолданылады.
Токсикант - улануға алып келетін заттарды сипаттайтын ғана емес, сондай ақ токсикалық процестің басқа да формаларын тудыратын, яғни тек организмнің ғана емес, әртүрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің: клеткалардың (цитотоксикант), популяциялардың (экотоксикант) зақымдануын білдіретін кең ұғым.
Кейде токсикологиялық әдебиеттерде ксенобиотик - организмнің ішкі ортасына түскен бөгде (пластикалық және энергетикалық алмасуларға қатыспайтын) заттар ұғымы қолданылады.