Темекі мен ішімдік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:16, реферат

Описание работы

Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.
Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім.

Работа содержит 1 файл

Темекі мен ішімдік.doc

— 84.00 Кб (Скачать)

Темекі мен  ішімдік

Темекі мен  ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек. Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске  ұшырап, жатырдан тыс жүктілік қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі  ауруға шалдығады.

Репродуктивты технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал, еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді. 

Алкоголь, марихуана, есірткі заттарды пайдалағандар  мен түрлі дәрілерді ішкендер белдеулікке жиі ұшырайды. Өйткені  бұлар ұрықтың жиналуына себепкер болатын гармондар мен хромосомалардың  қызметін бұзып, сексуалдықты төмендетеді.

Кофе

Кофені құмартып ішетін аруларда денеге бала біту мүмкіндігі аз. Аяғы ауыр әйелге кофеден бас  тарту оңайға соқпас, әлбетте оны  аз мөлшерде ішу қажет. Кофеинді кофенің  де зияндары жетерлік. Газдандырылған сусындар мен шоколод құрамында да кофеиннің бар екенін естен шығармаңыз.

Бүгінгі таңда  медицина қарқынды дамып кеткен. Бала сүю мәселесі де дұрыс жолға қойылуда. Бедеулікке шалдыққандар күйзелмей  медикаментозды терапия және репродуктивты  технология көмегіне жүгінуге болады-дейді дәрігерлер.

Әйел мен баланың  денсаулығын жақсарту. Ана мен  баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей  назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.

Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті  кезін және балаларды тәрбиелеуді  қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.

Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар  мен жұмыс берушілерге осы  тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.

Елімізде жыл  сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда  абортқа тыйым салу керек пе, жоқ  па деген мәселе пікірталасына түсуі  керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

Жас шамасына қарай  жүргізілетін саясатта біз жастар мен  жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас  отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге  тиіспіз.

Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын  жақсарту.

Экологиялық нашар  ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың  үштен бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.

Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану  керек екенін, табыс дәрежесіне қарай  өз рационын қалай құру керек екенін қазіргі заманғы жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс. Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.

Мемлекеттік ведомстволардың  басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл - маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты

Ащы судың азабы  көп

Енді этил спиртінің (“самопалдағы” мұнайдан жасалған техникалық спиртті қоса алғанда) адам ағзасына тікелей қалай әсер ететінін білгіңіз келсе, мынаған назар аударыңыз:

1. Рактың тууына  бірден бір себепкер – алкоголь. Көптеген зерттеулердің қорытындысына сүйенсек, арақ ауыз, өңеш, жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан, ішек рактарымен қоса, тері рагінің 50-70 пайыз, қалқанша безі рагінің 100-150 пайыз, әйелдерде сүт безі рагінің 60 пайыз жиілікте пайда болуын арттырады.

2. Жүректі жегідей  жейді.

Адамның “моторы” айталықтай өзгеріске ұшыраса, оның өмірі де қысқаратыны белгілі. Дәрігерлер “алкогольдік кардиомиопатия” диагнозын  қойса, осы бастан жақындарыңмен  қоштасып, ахиретке дайындала беруіңе  болады.

3. Бауырды езеді.  Арақты “жақсы көретіндер” әлі емі табылмаған цирроз ауруына, сонымен қатар гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы сырқаттарына жиі, ерте ұшырайды. Ондай адамдардың бауыры бүрісіп, езіліп кетеді.

4. Тамырларды  тарылтады, қуысын бітейді. Негізінен,  қан қысымының жоғарылауы тамырлардың тарылуынан, оның қуысының атеросклероздық әктенуі салдарынан бітелуінен болады. Бұндай адамдардың инфаркт, инсульт алу мүмкіндігі жоғарылайды.

5. Шұғыл өліп  кетсең, арақтан көр. Маскүнемдер  арасындағы тұтқиыл өлімдер арақ  ішпейтін адамдардан әлдеқайда көп кездеседі. Ол жүректің ырғағынан жаңылысуынан, өкпе артерияларының қан ұйындыларымен бітелуінен т.б. болады.

6. Ақылдан адастырады. Психиатриялық емханаға түсетіндердің  көбі – маскүнемдікке салынғандар.  Галлюцинация, сандырақтау, иллюзия,  құтыру, есте сақтау қабілетінің төмендеуі – осының бәрі арақтың кесірі.

7. Иммунитет  төмендейді. Араққа құмар адамдар  жұқпалы ауруларға, соның ішіндегі  қауіптілері туберкулезге, тұмауға  жиі шалдығады. 

8. Қабыну процестерін  қарқындатады. Өңештің, асқазанның, ұйқы безінің, өкпенің, бүйректің, жүйкенің қабыну аурулары да осы арақтың кесірі.

9. Астың сіңірілуін  азайтады. Мальабсорбция процесі  жүрсе, яғни ас сіңірілмесе,  тағам құрамындағы құнарлы заттар  қанға өтпесе, ақуыз, көмірсу,  май, витамин, минералды заттар  жетіспегендіктен ағза ашығады.

10. Кемтар ұрпақты  дүниеге келтіреді. Спиртті ішімдіктерді  “сүйетіндерден” туған балалар  өле-өлгенше ата-аналарын қарғап  өтетін шығар (егер оған ақылдары  жетсе!).  

Спирттік ішімдіктердің  қауіптілігі мен тигізетін зардаптарына көзің жетті ме? Бұл әңгімемізде тек оның ағзаға ғана әкелер зиянын айтып өттік. Ал, харам сусыннан қоғамға келер моральдық, қылмыстық т.б жайттар өз алдына бөлек тақырып. Ендеше одан отбасыңды, жақындарыңды сақтандыр, өзгелерге де осыны айт! Ұлт болашағына қауіпті осы құбылыспен қоғам болып күресейік.

Осыдан он жыл  бұрын “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 7 басым бағыттың ішінде денсаулық  сақтау және білім беру, адамдардың өсіп-өнуі өміршең міндеттер екені  белгілі. Бірінші кезекте сырқаттың  алдын алу және дені сау болып, жақсы өмір сүрудің берік дағдысын күнбе-күнгі әдетке айналдыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану, қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді. Нарық жағдайында жеке меншік медициналық қызметтің де дамуына жол ашылды. Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені дау туғызбайды.

Сондықтан да қоғамда  саламатты өмір салтын қалыптастыру аясында жаңа міндеттерді шешуіміз керек. Оны медициналық сауаттылық және өз денсаулығын ойлау жолындағы сауаттылық және мәдениеттілік десек 

Жыл сайын 31 мамыр  күні ДДҰ Дүниежүзілік темекіден  бас тарту күнін атап өтеді, яғни темекіні тартудан денсаулыққа келтірілетін қауіп факторына назар аударту  және оны пайдаланудың шеңберін азайту бойынша шаралар насихатталады. Темекі тарту өлімге алып келетін себептер ішінде екінші орында тұр (гипертензиядан кейін), сондай-ақ қазіргі заманда бүкіл әлемде он ересектің біреуі осының салдарынан көз жұмуда. Жүрек – қантамыры, өкпе және онкология ауруларының 25 түрі шылым шегуден пайда болатыны немесе олардың дамуына ықпал ететіні белігілі. 

Қазақстанда 12 жастан үлкен 9,8% әйелдер темекі шегеді, әсіресе 20-29 және 40-49 жастағы әйелдерде темекі шегу деңгейі ең жоғары. 

ТКНК ДДҰ –  ДДҰ аясында қабылданған ең алғашқы  келісім, ол жаһандық темекі індетіне жауап ретінде әлемнің барлық мемлекеттерінің өкілдерімен әзірленген. ДДҰ мәліметтері бойынша, темекі шегу өлімнің негізгі ескертілген  себебі болып табылады. Биыл миоркард инфаркті, инсульт, обыр, өкпе және басқа да темекіні пайдаланумен байланысты аурулардан 5 миллионнан астам адам көз жұмуы мүмкін. Бұл санаққа 600 000 адам, олардың бір бөлігі ретінде балалар мен енжар темекі шегетін адамдар санының өлімі енгізілмеген. 

ТКНК ДДҰ мақсаты  – қазіргі және болашақ ұрпақты  адамдардың денсаулықтарын құртатын, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теріс салдарға алып келетін темекіні пайдалану мен  темекі түтінінен қорғау. ТКНК ДДҰ  өз күшіне 2005 жылы ақпанда енген. Қазақстан Келісімді 2006 жылы қарашада бекітті. ТКНК ДДҰ-да темекімен күресу шаралары ұсынылған, олар темекі пайдаланудың таралуын айтарлықтай азайтуға және темекі шекпейтін халыққа темекі түтінінің ықпалын төмендетуге себеп болулары тиіс, яғни олар мыналар: темекі жарнамаларына тыйым салу, темекі өнімдерінің қораптарына ескерту жазбаларын орналастыру, салықты жоғарылату, темекі түтінінен халықты қорғау, темекі шегуді тоқтатуда бірігіп жұмыс істеу және контрабандамен күресу. Аталған шаралар елде ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстанда жоғарыда айтылған шаралар «Халықтың денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі туралы» Кодексі 159 бабында көрсетілен. 

Бүгінгі таңда  келесі бағыттар қабылданған: 

1) Темекі өнімдеріне  қолжетімділікті төмендету: 

- кіріс деңгейімен  жыл сайынғы индексациямен темекі  өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен  жоғарылату; 

- темекі өнімдерін  сату ережелері бекітілген. 

2) Белсенді және  енжар темекі шегудің денсаулыққ  алып келетін зияны туралы  халықтың ақпараттануын қамтамасыз етуді жоғарылату – темекі зияны туралы парақшалар, плакаттар, буклеттер шығару, темекі туралы БАҚ-та бейне материалдарды жариялау. 

3) Қоғам арасында  темекі шегудің әлеуметке тиімсіздігін  көрсету, ол үшін ел көшбасшыларын  және жұлдыздарын, әйгілі адамдарын шақырту, қазақстандық жұлдыздардың салауатты өмір салтына шақыратын мазмұнда суреттермен билбордтар, банерлер орналастыру. 

4) Тікелей не  жанама жарнамаға және темекі  өніміне демеушілік етуге тыйым  салынған. 

5) Таза ауада  темекі шекпейтіндердің құқықтарын қорғау жоспарында – қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салатын аймақтардың кеңейту. 

6) Темекінің  зияны туралы тиімді ескерту:  темекі өнімдерін ескерту жазбалары  аймағының көлемін ұлғайту, аймақтың 30% көлемін алады. 

7) Әлеуметтік нысандарды салу кезінде темекі және ішімдік өнімдерін тарататын сауда орындардың 100 қашықтық алыс жерлерде орналасуын қамтамасыз ету. 

Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қалалық ведомстволармен, ұйымдармен, ҮЕҰ белсенді және енжар темекі шегумен күресуге бағытталған іс-шараларды өткізеді: темекіге тыйым салатын заңнаманы жүзеге асыру және қолдауда мәселелерді үйлестіру, темекі зияны туралы қоғамның барлығын ақпараттандыру, темекі шегуден бас тартуға көмектесу (темекіге қарсы орталық). 

Сектораралық  деңгейде темекіге қарсы заңнаманың орындалуы мен сақталуын жүзеге асыру бойынша мәселелерді дөңгелек үстелдерде, қоғамдық тыңдауларда талқылау. 

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.

Информация о работе Темекі мен ішімдік