Су басу — өзен,
көл немесе теңіз суының деңгейінің
көтеріліп, жердің белгілі бір
бөлігінің су астында қалуы.
Ол елді мекендердің су астына
қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне
алып келеді.
Көптеген су басудың
негізгі себептеріне нөсер жаңбыр
жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз
еруі жатады.
Сырғымалар, бөгеттерден,
тоғандардан кенет бұзылуынан
пайда болатын су басу өте
қауіпті болады.
Судың көтерілуінен
болатын су басуы Қазақстанның
барлық аймақтарындағы өзендерде
болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан
өзендерінде мұндай құбылыстар
ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс
және Шығыс Қазақстанда — наурыз
– шілдеде, республиканың жазықтағы
өзендерінде – наурыз-маусым
айларында болады.
Жаңбырдан болатын
тасқындар, Қазақстан аумағында
таза түрінде негізінен оңтүстіктегі,
оңтүстік-шығыстағы тау етегінде
және ортасындағы өзендерде, сайларда
көктемнің аяғында және жаз
мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі
мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде
байқалады. Орта таулы аймақтардағы
жаңбыр тасқынының ерекшелігі
сол, белгілі бір жағдайларда
олардың селге айналуы мүмкін.
Қума желге байланысты
апатты тасқын Қазақстан аумағында
Орал өзенінде және Каспийдің
бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында
болады. Атырау және Маңғыстау
облыстарының бүкіл шаруашылық
кешеніне орасан зор залал
келтірген соңғы жылдардағы су
тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің
көтерілумен ушыға түсуде.
Кептелулер мен тосқауылдардан
болатын қирату салдары бар
тасқынның таралу аудандары Іле,
Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан
өзендері болып табылады. Олар
күз бен көктемде мұз жамылғысының
бұзылуы мен пайда болуы кезінде
байқалады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде
мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің
бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым
сәтте болуы мүмкін.
Қалған жағдацларда
су басу қауіпіне дер кезінде
назар аударуға мүмкіндік беретін
азды-көпті уақыт бар. Алайда
қардың көктемгі еруі, құбылмалы
ауа райының созылуы, мұз жүрген
кезде, қар еріп жатқанда және
қолайсыз ауа райы кезінде
батпақтардың үстімен жүрі өте
қауіпті. Су батпақтардың сінгіштіген
азайтады да, батпаққа батудың
қауіпі туады.
Су тасқыны апаты
кезінде мүмкіндігінше төменгі
жерден жылдам кетіп, биік жерлерге
көтерілу қажет.
Елді мекендегі тасқын
кезінде қауіпсіздің көп жағдайда
оның алдында жүргізілген сақтандыру
жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы
көптеген тасқыдардың судың деңгейінің
көтерілуінің болатындығынан белгілі.
Алдын алу жұмыстарының тұтас
жүйесі бар: судың басуы болатын
аумақтың тасқын судың арнасын
бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл
тұрғызу; жағаны биіктету және
түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;
ғимараттар мен үй-жайларды судан
оқшаландыру қондырғысын қою;
қысқа бұталы ағаштар отырғызу;
жүзу және құтқару құралдарын
жасау және даярлау; толқын
соққыларына төзетін күрделі
құрылысты тұрғызу; отбасының
барлық мүшелерін жүзуге үйрету;
қайықтың болуы; жақын орналасқан
биік жерді білу; жақындаған зілзала
туарлы хабарды алуға дайын
болу; тұрғын үйдің жанына топырақ
салынған тосқауылдар қою, топырақ
төгу.
Тұрғындарды уақытша
көшірудің басталуы мен тәртібі
туралы жергілікті радио мен
теледидар, ал жұмыс істейтіндерге
кәсіпорын, мекеме және оқу
орындары арқылы, ал өндіріс пен
қызмет көрсету саласында жұмыс
істейтін халыққа тұрғын үй
басқармасы органдары арқылы
хабарланады.
Халыққа жиналатын
орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде
жаяу баратын бағыт, сондай-ақ
апаттың күтілген көлеміне орай
туындаған жағдайларды, оны ауыздықтау
жолдарын және барысын және
басқа да мәліметтер хабарланып
отырады.
Уақыт жеткілікті болған
жағдайда қауіпті аймақтағы халық
дүние-мүлкімен бірге су басу
аймағынан тыс орналасқан жақын
елді-мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер
су қауіпі төнген жағдайда
жұмыс тәртібін өзгертеді, ал
кей жағдайда жұмыс мүлдем
тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта
мектептер мен балалардың мектепке
дейінгі мекемелері уақытша жұмысын
тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге
орналасқан ментеп пен балалар
мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі
қабатта тұратын және кешенді
адамдар судың көтерілуін байқаса,
жоғарғы қабаттарға көтерілуге,
егер үй бір қабатты болса,
шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік
нұсқауымен белгіленген тәртіпті
сақтап, биік орналасқан орындарға
көтерілу керек. Далада кенеттен
су басқан кезде дөңеске немесе
ағашқа шығып, әр тұрлі жүзу
құралдарын пайдаланған жөн.
Үйден (пәтерден) шыққан
кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды,
құнды заттарды, аса қажетті заттарды,
екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік
қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды
қажет ететін және алу мүмкін
емес мүлікті жоғарғы қабатқа,
шатырға шығару керек. Үйден
(пәтерден) шығардың алдында электр
мен газды ажырату, пешті өшіру,
есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті
және басқа да саңлауларды
нығыздап жабу керек.
Су басқан аумақтағы
ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып
осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары,
әскери бөлімдері, жүзу құралдарының
экипажы мен басқа барлық қолда
бар күш пен құралдар тартылады.
Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық
танытып, құтқарушылар талабын
бұлжытпай орындау керек. Жүзу
құралдарына (қатар, қайық, желкен
және т.б.) шектен тыс салмақ
алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың
өміріне қауіпті. Көмектің бірінші
кезекте балаларға, ауру адамдар
мен қарттарға көрсетілетінін
есте ұстаған жөн.
Табиғи өрттер
Қазақстан Республикасында
табиғи өрттердің негізгі түрлері
ландшафты өрттер – орман, орманды
дала және дала (егіс) өрттері болып
бөлінеді.
Ормандағы өртті сөндірудің
негізгі жолы суды пайдалану,
ал мүмкін болмағанда өртті
қолда бар құралдармен сөндіруге
күш салады. Мысалы, отты топырақпен
көму, оттың шоғын бұтамен жанып
кетен жерге қарай сыпыру, қарсы
от қою, тулақты немесе киізді
пайдалану т.с.с.
Ормандағы өрттердің
80 пайызы халықтың еңбек немесе
демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі
шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда
ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде
болады.
Орманның жоғарғы жағындағы
өртті сөндіру қиын, сондықтан
оны кедергі жасау, күйдіру
және суды пайдалану арқылы
сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің
ені ағаш биіктігінен кем болмауы
керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының
алдындағы күйдірілетін кедергінің
(жердің) ені кемінде 150-200 м өрт
қанаттарының алдында кемінде
50 м болуға тиіс.
Өрт адамдарға психологиялық
тұрғыдан үлкен әсер етеді.
Тіпті кішігірім өрттің өзінде
адамдарды жаппай үрей билеуі
адам шығынына әкелуі мүмкін.
Өзін-өзі ұстап үйреген адам
қиын сәтте өз өмірін құтқарып
қана қоймай, басқа адамдарды,
материалдық құндылықтарды да
құтқара алады.
Егер сіз орман өртін
сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз
панахана орны мен оған апаратын
жолдарды жақсы білуіңіз керек.
Оттан қорғайтын киім киіп, керекті
жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне
арнайы киім, противогаз, каска, түтіннен
қорғайтын маска) пайдалану керек,
әр топта сол аймақты жақсы
білетін жол серік болғаны
дұрыс. Егер түтіндеу аймағындағы
көру шегі 10 метрден аспаса, ода
оған кіруге болмайды.
Өрттен адамдарды құтқару
кезінде өте жылдам әрі тиімді
қимылдау қажет, себебі түтін,
улы газ, жоғары температурадағы
ыстық, ғимараттың құлауы, тез
жанатын және улы газ бөлетін
заттардың болуы сияқты қауіптер
кез-келген жерден шығуы мүмкін.
Жанған ғимарат арқылы үсті-басқа
ылғал мата (киім) жауып, түтіннен
жоғарылай немесе тізерлей қозғалу
керек.
Көп қабатты ғимараттарда,
егер подъезден шығуға мүмкіндік
болмаса, балконды, апаттық люк
пен балкондағы баспалдықты, көрші
подъезд арқылы, құтқаруға арналған
төбенің люгін пайдаланыңыз. Құтқару
жұмысына қатысатын адам, алғашқы
медициналық көмекті көрсете
білуге тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ж.Жатқанбаев. Экология
негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”,
2003ж.-212б.
2. Оспанова. Экология негіздері.
Алматы: 2002ж.