Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 15:36, реферат
табиғи ресурстар дегеніміз адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалынатын табиғат объектілері
Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
«Табиғи
ресустар» деген терминмен
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.
Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.
Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.
Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.
Мысалы,
экономикада үздік
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.
Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.
Сонымен,
адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде
табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық
прогресінің маңызды алғы шарты
болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық
ресурстарға айналуы түптеп келгенде
адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.
Қоршаған табиғи ортаның элементтері
Қоршаған орта әлеуметтік қоғамның
қалыптасуы мен даму- ындағы табиғи
шарттарымен түсіндіріледі. Қоршаған
табиғи ортаның элементтері болып – атмосфера,
гидросфера, литосфера (Жердің жоғарғы
қабаты , жерасты сулары , пайдалы қазбалар)
,флора және фауна саналады .Қоршаған орта
элементтерінің бір бөлігі олардың мүмкіншіліктерінің
қолдануын есепкеалынуымен қоса қоғамның
табиғи ресурстарын құрайды. Табиғи ресурстармен
қамтылу – бұл ел экономикасы жағдайын
бейнелейтін , маңызды көрсеткіштердің
бірі саналады. Табиғи ресурстар қоғамдық
өндірістегі айналымға араласқанын және
араласпағанын анықтайды.Араласпаған
табиғи ресурстар қоғамның потенциалдық
байлығына қатысты болады.Экономикалық
айналымға араласқан табиғи ресурстар
улттық байлықтың құрамына кіреді және
еңбек ресурстарымен бірге өндірістің
маңызды факторы саналады .Таби-ғи ресурстардың
болмауынан немесе сапаның нашарлығынан,
кейбір ресурстардың тоқтамастан көп
жұмсалып отыруының өсуі байқалады. Барлық
табиғи ресурстар ағымды және тұрақтану
деп бөлінеді . Тұрақтану табиғи ресурстарының
запастары әрдайым өндіріледі. Тұрақтану
табиғи ресурс-
тарына орман, балық қоры , су және т.б ал
, ағымдағыға бастысы пайдалы қазбалар
жатады.
Тұрақтану табиғи ресурстарының арасында
үш топ
бөлінеді:
1) Автономды тұрақтану,
2) ресурстар, тұрақтану ұзақ уақыт аралығында
болады (мысалы, Орман қоры);
3) ресурстар,бұлардың өндірісі өте жылдам
болады, ал, адамзаттық әрекет оларға анық
әсер етуі мүмкін. Балықтық ресурстар
өте тез қалыптасады, бірақ тұрақтанудың
жылдамдығы, адамның әрекетіне байланысты
болады . Егер ресурстарды қолдану, олардың
өсуіндегі анық жылдамдықтан аспайтын
болса , онда сол кезде ғана ресурстардың
тұрактануы болады ,ал егер олай болмаса,
онда олар жойылады ,пайдалы қазбалар
сияқты. Экологиялық баланстардың бұзылуы
жалпы адамзаттың өмір сүру жағдайына
зиянын тигізеді:өмір сапасы өзгереді,
халықтың демалысы мен еңбек жағдайы,
бәрі осы халықтың неше түрлі ауруға шалдығуына
әкеледі, табиғи апаттар санының өсуі
,одан адамзаттық құрбандар-
дың болуына да әкеледі. Қоршаған ортаның
ластануынан
халықтың еңбек потенциалы төмендейді.