Табиғи ортаның сапасы және халық денсаулығының жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:11, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Работа содержит 1 файл

2.docx

— 22.99 Кб (Скачать)

            Табиғи ортаның сапасы және халық денсаулығының жағдайы

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және  өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Қоршаған табиғи орта – адамның  өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде — қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және   антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;

-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;

-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;

-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;

-жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;

-Жердің озон қабаты мен  климатқа антропогендік әсерді азайту;

-биологиялық әралуандықты сақтау  және орнықты пайдалану;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;

-табиғи жүйенің тұтастығын сақтау  және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;

-антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;

-өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;

-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;

Каспий теңізі қайраңы мен  оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;

-өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;

-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту   жолымен іске асырылады.

Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның  тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:

-экологиялық тәуекелді бағалау  және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;

-елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету;

-өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;

-су құбырына және шөлмектерге  құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;

-тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;

-экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;

-қоршаған ортаның жағымсыз факторларының  әсерінен халықтың денсаулығына  әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.

Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың  және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:

- қоршаған орта үшін жағымсыз  салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау;

- жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін,  қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;

- төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;

-шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс  аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;

-қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу;

-табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;

-табиғи және аграрлық экожүйелерді  құртатын қасақана өрттердің,  өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге асырылады.

Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың  қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:

-өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;

-карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;

-ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;

-генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу  жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:

-қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;

-қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып  ұйымдастыру;

-табиғатты пайдаланушының қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға  өтемақы төлеуге жауапты болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін “ластаушы төлейді” қағидатын іске асыру;

-келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;

-қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;

-экономикалық көрсеткіштерге табиғи  нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық) жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;

-қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;

-табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;

-халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану жолымен пайдаланылатын болады.

Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі  мемлекет қызметінің тиімділігін  арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:

-орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу;

-қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

-қоршаған ортаның жай-күйі  индикаторлары жүйелерін қалыптастыру;

-экологиялық аудандастыру;

-жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;

-ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;

-жаңартылатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары)   орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзірлеу;

-биологиялық әралуандықты сақтаудың  тиімді әдістерін әзірлеу;

-тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың  тиісті әдістерін әзірлеу;

-экологиялық-экономикалық бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын анықтау;

-ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;

-адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;

-экологиялық мониторингтің қазіргі  заманғы әдістерін, сондай-ақ  табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.

Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында онкоауру патологиясынан ауру мен өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалуда.

Қазiргi кезде, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберiнде М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiмен тұрғындардың жоғары ауруы себебiн анықтау үшiн, с.i. тұрақты өсу үрдiсi бар онкопаталогиялық, (республикалық және Шығыс Қазақстан облысының көрсеткiштерiмен салыстырғанда) Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын және аумағын зерттеу жүргiзiлуде.

Анализ СҚО науқастық сан  бойынша дем алу органдарының ауруы алда келетiнiн көрсетедi: 100 мың тұрғынға 16 181 жағдай. Оның себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Тұрғындардың дем алу органдары ауруының жоғары деңгейiнiң негiзгi факторы атмосфералық ауаның сапасы болуы мүмкiн. (9 сур.)

2006 жылда СҚО тұрғындарының аурулар классы бойынша аурулары (100 мың тұрғынға алғашқы тiркелген аурулар саны

Аурулар классы атауының қысқартылуы: ИП — инфекциялық және паразитарлық, ЖП — жаңадан пайда болулар, ЭЖ — эндокриндiк жүйенiң, ҚҚ — қан мен қан құйылыс органдары, НС — нерв және сезу органдары, ҚЖ- қанайналым жүйесi, ДО — дем алу органдары, АО — ас қорыту органдары, НЖ — несеп-жыныстық жүйе, ТТ — терi мен терi асты клетчаткалары, СБ — сүйек-бұлшық еттiк жүйе, ТА — туа бiткен аномалиялар, ЖУ — жарақаттар мен уланулар.

Экологиялық ауруларға сонымен қатар қатерлi жаңадан пайда болулар жатады. Жаңадан пайда болулардың басым формалары өкпе, асқазан, терi, сүт бездерi рагы.

Өлiм-жiтiм себебiнiң бiрiншi орнында қан айналым жүйесiнiң аурулары, бiздiң облыс осы көрсеткiш бойынша елiмiзде бiрiншi төрттiкте, көрсеткiш 100 мың тұрғынға 2006 жылы 703,3 құрады, республикалық — 533,1. Екiншi орында — онкоауруларынан өлiм-жiтiм (153,0), үшiншi орында — жарақаттар мен уланулар салдарынан (180,2), төртiншi орында — басқа да себептерден, бесiншi орында — дем алу органдары ауруларынан, бiздiң облысымызда елде ең жоғарғы орында тұр 2006 жылы — 100 мың тұрғынға 99,2 республикалық деңгейде, 53,9 тең.

СҚО тұрғындарының науқастығын аудандар мен Петропавл қаласы бойынша бөлу 10 суретте көрсетiлген.

2006 жыл бойынша СҚО тұрғындарының аудандар мен Петропавл қаласы мен аудандар бойынша аурулары (100 мың адамға алғашқы тiркелген аурулар саны, барлық аурулар)

Информация о работе Табиғи ортаның сапасы және халық денсаулығының жағдайы