Табиғатты пайдалану экономикасы на кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 13:48, лекция

Описание работы

1. Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары.
2. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі. Табиғат ресурстарын сұрыптау.
3. Табиғатты пайдалану принциптері мен міндеттері.

Работа содержит 1 файл

1 Лекция ТПЭ.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Табиғатты қорғау шаруашылығының мақсаты экология-экономикалық жүйелерді қалыптастырып дамыту. Ғылыми тұрғыдан экология-экономикалық жүйе деп - табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз, яғни қоғамдық ендірістің табиғи құбылыстарға сәйкес дамуын айтамыз.

Осыған сәйкес экология-экономикалық қатынас - адамдардың табиғатты пайдалану үрдістерінде табиғат байлығын қорғау, игеру және ұқсату жөніндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ол екі жақты болады: әлеуметтік және ұйымдастырушылық. Әлеуметтік қатынас негізіне меншік табиғат байлығын иеленушілік жатады. Ал ұйымдастырушылық негізіне өндіргіш күштердің даму дәрежесі және өндірістік катынас жүйесі жатады. Қатынастың әлеуметтік жағы қоғамның экономикалық заңдарын қолдану арқылы табиғат байлығын пайдаланудың қоғамдық ұйымдасуын қалыптастырады, ал ұйымдастырушылық жағы өндіріс кезінде тұрақты болып тұратын экологиялық мәселелерді шешіп отырады.

 

3. Табиғатты пайдалану принциптері мен міндеттері

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар. Осы заңдылықтар бойынша табиғатты пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек:

1.  Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат - қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

2.  Табиғатты пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау - табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.

3.  Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау - табиғат қорын түгесілмейтін, оған нүқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б.

4.              Табиғат байлыктарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

•  шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек;

•  шикізатты тиімді (өнімді) пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;

•  қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болуы керек;

•  табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;

•  табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.

5.              Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі үрдіс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану үрдістерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады.

7. Аймақтык. принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түрімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру,өңдеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса минералдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.

9. Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принципінің негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға болады.

Сонымен, табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғатты пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғатты қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғатты пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасы экология-экоңомикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үщін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғатты пайдалану түсінігі табиғатты қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.

Табиғатты пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі - мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.

Табиғатты қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек, өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық дамуымен байланысты.

Табиғатты пайдалану мәселелерін зерттеудің бір-тұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғатты қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан - жекеге, абстракциядан - нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.

Табиғатты пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау, оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғатты пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғатты пайдалану экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғатты пайдалану экономикасы табиғат қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың орындалуын ұйымдастыру, бақылау, экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді. 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғатты пайдалану экономикасының пәні, мақсаты.

2 Табиғатты пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы.

3 Табиғи ортаны қорғау.

4. Табиғатты байлықтарын тиімді пайдалану принциптері, басты бағыттары.

5. Табиғатты пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі.

6.Табиғатты пайдалану экономикасының әдістері

7.Табиғи ортаның мәні.

8. Табиғат байлығы.

9. Экологиялық шаруашылық.

10. Экология-экономикалық қатынас.

11. Басымдылық принципі.

12.Табиғатты пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау

13. Өндірісті экологиязациялау принципі.

8

 



Информация о работе Табиғатты пайдалану экономикасы на кіріспе