Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 18:27, реферат
Қорыта айтқанда біз атмосфералық ауағы «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардың өздерінің табиғи тепе-теңдікті сақтамай отын үшін тоғайларды шамадан тыс пайдалануы мен негізгі айналысатын шаруашылығы мал болғандықтан шабындық жерлердің шөбін мөлшерден артық орып жинауымен бірге, малдың қиын ауыл ортасына үйіп жинап қоюы да үлкен экологиялық апаттың басты себептерінің бірі болп табылады.
Табиғаттың байлығы-деннің саулығы
Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты»
Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар- дейді ақын жүрек.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.
Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады., жалбарынады. Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген, ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы-табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл-күйіне жалғастыра жырға қосқан.
Қаситетті, қайырымды Жер-ананың,
Мейірінен өмірге нәр аламын.
Аялы алақанмен аялауда,
Азаматтық борышы әр адамның!- деп жырласа Ыбырай Жақаев атамыз «…біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі» десе, Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Табиғатты қорғау қарапайым істен басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру, мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, баптау т.б. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету – әрбір адамның қажетті борышы.
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.
Табиғат- адамға баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі»деп дәріптеген.
Табиғаттың тазалығын
сақтайтын да, оны былғап улайтын
да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да
досы. Санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола
алады. Қазіргі таңда экологиялық проблема
ғаламдық мәселеге айналып отыр.Экология-
табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Экология-
тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын
қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін
ғылым. Бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі,
қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес
дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып
отырған «бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаруды» талап ететін ғаламдық мәселеге
айналды. Сондықтан елімізде табиғат қорғау,
оның байлығын ұқыпты пайдалану мәселесі
мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып
отырғаны да әбден заңды. Экологиялық
тәрбиені жүйелі негізге қою да-уақыт
талабы, экологиялық мәдениетке ие болып,
табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен
қарау- бүгінгі таңда әрбір азамматтың
абыройлы борышы. Соңғы ондаған жылдар
ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың
артуына байланысты адамзаттың табиғатқа
тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат
өндірістік қызмет процесіне барған сайын
табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы,
табиғаттағы геологиялық жүйені зат алмасуының
тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор
ретінде көрінеді. Ғылыми-техникалық революция
экологиялық ортаның ластануына қарсы
күрестің міндеттерін қиындатып жіберді.
Ластану дегеніміз- ауаның, жер мен судың
біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге
ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің,
жануарлардың, адамның өміріне қолайсыз
ықпалын тигізуі мүмкін.Ауа мен судың
өзгеріске ұшырауы салдарынан адам баласына
және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне
үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен
ауаға қосылады, ауадан-суға, судан-топыраққа,
топырақтан өсімдіктерге, өсімдіктерден-
малдарға, малдардан- адамдарға тарайды.
Осындай уланған табиғатта өмір сүрген
адамзаттың ұрпақтарының денсаулықтары
жылдан-жылға нашарлай түсуде. Соның ішінде
өзімізідің Қызылорда өңірінде туберкулез,
қатерлі ісік, сарыауру, вирусты гепотит,
жас балалардың ауруға шалдығуы жиі кезедеседі.
Бүгінде облыс тереториясындағы ірі елді
мекендер мен қала тұрғындарының 70 пайызы
Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Ал тұрғындардың
қалған 30 пайызы ғана ауыз суды құбырдан
ішеді. Норма бойынша құбыр 15-20 жылға шыдау
керек болса, біздегі құбырлар 5-6 жылда
шіріп, тесіліп, істен шығып қалады. Өйткені
ұдайы тұзы көп, ыза жерде жатқандықтан
құбырлар тез істен шығады. Ал тесілген
құбыр арқылы таза сумен бірге лас су дың
қоса ағатыны белгілі. Облыс көлеміндегі
вирусты гепатиттің қарқын алуының бірден
бір себебі-ауыз су сапасының нашарлығынан.
Қазіргі кезде ғалымдар бұл өңірде егер
ауыз судың сапасы жақсармаса, онда ХХІ
ғасырда бүйрек, жүйке аурулары жаппай
індетке айналады деген болжам айтуда.
Рас, су- баға жетпес байлық. Өйткені денедегі
судың 10-12 пайызы жоғалса, организм әлсірей
бастайды.. Сондықтан адамның денсаулығы
мен жануарлардың өсуінің басты шарттарының
бірі- сапалы тұщы су.Тұщы су тек қана адамдар
мен жануарлардың ішуі үшін емес, егінді
суғаруға, өнеркәсіппен қатар барлық технологиялық
процестер жұмыс істеу үшін де қажет. Бұл
жерде менің айтпағым-біздің аймақтың
тұрғындарының тіршілігі тікелей Сырдария
өзенімен байланысты.
- Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған космос кемелерінің салдарынан өртенген ауаны қалыпқа келтіру үшін жұмсалатын су қорын есепке алмау;
Сонымен қатар Арал өңіріндегі жердің азып-тозуына «Байқоңыр» кешенінен арасын суытпай ұшырып жатқан зымырандардың да әсері тиіп отыр. Өйткені ұшырылған зымырандардың кейбіреулері кейінгі кезде сәтсіздікке ұшырауда.Сол аппарат түскен жерлерінің төңірегіндегі топырақты улап шөбін өсірмейді. Ал кейбір жағдайда сол уланған топырақтан өсіп шыққан өсімдіктерді мал жеп, оның еті мен сүтін ішкен адамдар айықпайтын дертке ұшырап жатыр.
Арал теңізімен қоса Байқоңырдағы ғарыш айлағы да экологиялық ортаны ластануына үлкен әсер етуде. Байқоңырдан ұшырылған зымырандардың отын құрамында кездесетін хлорлы қосылыстар да өте зиянды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында жағылып, одан бөлінген хлор элементтері озонның ыдырауына тікелей ықпал жасайды. Өйткені әрбір зымыран ғарышқа ұшқаннан кейін атмосфераның қалыпты режимі бүлініп, астан-кестен болатынын көзбен көріп жүрміз. Зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталған зиянды заттар мөлшері 300 тоннаға дейін жетеді. Жазда 5-8 күнге дейінгі шаң-тозаңды дауыл болса, ал қысқы мерзімде 2-3 күнге дейін қар ұшқындаған боран болып жыл бойына мұндай қатты жел тұратын күндер 40-50 күнге созылады. «Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үсті кеңістікті бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге, жер асты суын да сарқуға айналды.Онымен қоса Аралдың тұзды шаңы мен зымырандардан шығатын улы түтін мен газ қосылып ауа кеңістігінен қышқыл жауын болып жауады Осы қышқыл жауынның әсерінен табиғи обьектілер, топырақ пен өсімдік уланып, бұзылады. Егіннің өнімі азаяды, судағы тірі организмдер қырылады. Демек,мұның экономикалық және экологиялық зардабының да көп екені даусыз. Радиактивті заттар – адам өмірі мен жануарларға аса зиянды және қауіпті.
Қоршаған орнаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:
-Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
- Егінді жинау және бау-бақшалардың гүлденуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
- Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Егер Байқоңыр мен Арал проблемасы осылай бола берсе, біздің экологиялық апат аймағы тұтасымен «қызыл кітапқа» еніп кетуі мүмкін.
Соңғы жылдары эканомиканың қарқынды дамуына ілесу мақсатында республика көлемінде атқарылып жатқан түрлі бағдарламаларға орай біздің аймақтарда да ірі өндіріс ошақтары ашылуда. Солардың бірі біздің ауданымызда, оның ішінде біздің ауылдық округке қарасыт Кейден ауылы жанында уран қорын жинайтын үлкен терминал іске қосылса, қабатынан уран өндіруге пайдаланылатын күкірт қышқылы зауытының құрысы аяқталуға жақын. Егер осы өндіріс орындары толық қуатымен жұмыс істей бастаса, біздің аймақта табиғи тепе-теңдік ауытқып, апатты жағдайлар жиілей түспек.
Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуының басты салдарлары болып табылатын негізгі факторлар:
-Уранның ашық әдіспен өндірілуі;
- Уранды қорғаныс қауіпсіздігін толық сақтмай тасымалдау;
- Күкірт қышқылын өндіруде шамадан тыс көп мөлшерде улы газдардың бөлінуі;
- Улы газдарды ауадан тазарту мақсатында жұмсалатын су мөлшерінің өте аздығы;
- Осы өндірісті пайдаланып, өнім өндірушілердің арасында шетелдік компаниялардың үлесінің басым болуы;
Қорыта айтқанда біз атмосфералық ауағы «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардың өздерінің табиғи тепе-теңдікті сақтамай отын үшін тоғайларды шамадан тыс пайдалануы мен негізгі айналысатын шаруашылығы мал болғандықтан шабындық жерлердің шөбін мөлшерден артық орып жинауымен бірге, малдың қиын ауыл ортасына үйіп жинап қоюы да үлкен экологиялық апаттың басты себептерінің бірі болп табылады. Себебі, табиғат байлықтарын шамадан тыс көп пайдалану- табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына тікелей әсер етсе, үйілген малдың қиы өз құрамынан улы газдар бөліп, адам ағзасына орасан зиян келтіреді. Атап айтқанда:
- Тыныс алу жолдары ауруларына;
- Қан қысымының өзгермелі қалыпқа ұшырауына;
- Сүйектің құрғап, морт сынғыштығына;
- Түрлі тері ауруларының пайда болуына тікелей әсер ететінгі медицинада толығымен дәлелденген.
Сондықтан да экологиялық апаттың алдын алу үшін ең бірінші кезекте өзіміз тұратын географиялық аймақтың тазалығы мен табиғатын қорғай білуіміз қажет. Ол үшін барлық азаматтардың дүниетанымы кең, экологиялық сауатты болуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
2. Экология негіздері. Ғ. Сағымбаев.
3. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
4. Денсаулық журналы.
5. Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева