Табиғат апат кезіндегі техникалық қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 04:53, доклад

Описание работы

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.

Работа содержит 1 файл

Құрғақшылық.docx

— 22.89 Кб (Скачать)

         «Бейбарыс» мектепке дейінгі шағын орталық

                                  Шымкент қаласы

 

 

 

 

Баяндама

Табиғат апат кезіндегі техникалық қауіпсіздік

 

 

 

                         Тәрбиеші: Айтымбетова Айнұр

                            

  

       2012-2013 ж

Табиғат апат кезіндегі техникалық қауіпсіздік

 

"Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика  аумағында табиғи және техногенді  сипаттағы төтенше жағдайларды  ескерту мен жою жөніндегі  қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.  
Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.  
Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.  
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.  
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.  
Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.  
Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.  
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.  
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.  
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.  
Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың сан апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ.  
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:  
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);  
-жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).  
Табиғи:  
1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты  
ыстық, құрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).  
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан  
болған өрт, жер сілкінісі).  
З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).  
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).  
Жасанды:  
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен,  
темір жол).  
2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,  
термикалық).  
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).  
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздік,  
терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).  
Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бұл төтенше жағдай.  
Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.  
                          Табиғаттағы тосын жағдай  
Табиғаттағы тосын жағдай - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.  
Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.  
Экологиялық тосын жағдайларға белгілі жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейі ерекшелігі соншалықты аурудың асқынуына, сіресіп қалушылыққа алып келеді.  
Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауын-шашын, атмосфераның барометрлік қысым деңгейі, жел, дауыл. Бұған сондай-ақ жер бедері, су көздері, флора мен фауна, жер магнит өрісінің ауытқуы жатады.  
Қорғаныс қызметін қамтамасыз ететін табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тіршілігіне ықпал ететін факторлар: киім, авариялык, жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлі мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.  
Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы) және климаттық - географиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты нақты бір жағдайдың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрі едәуір күрделілеу болып келеді. Тосындылық деңгейі, әдеттегідей, тірі қалу мүмкіндігін белгілейтін өмір уақытының факторына ықпал етеді.  
Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлері қарыштап дамыды.  
Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір~ақ қадам екендігі белгілі. Адамдар жеуге болатын өсімдіктер мен құстардың арасында аштан өледі. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екі қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсілім етеді. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзі ғана екенін, тамақ пен тұрақ табу және адамдарға оралу керектігін ұғуына тиіс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, бұдан кейін байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелінеді, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, іздеу басталады.  
Авария - орны (бақытсыздық болған климаттық-географиялық аймақ). Нақ осы фактор тірі қалудың бүкіл стратегиясы мен практикасын анықтайды.  
Шөлейт (құрғақ дала). Жартылай шөлейтте ұзақ уақыт тірі қалу өз бетімен елді мекенге темір жол мен тас жолға, қар қалың жатқан жерлердегі - ойпаттағы, жырадағы, сайдағы және басқа қатпарлы жерлердегі қардан жасалынған қорғанға кез болғанда ғана мүмкін.  
Шөл. Шөлде қысқа мерзімде тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру керек. Елді мекендер алыс болған немесе өзінің тұрған жерін білмеген жағдайда жақсы көрінетін жерде қомақты лагерь жасау ұсынылады.  
Жазғы уақытта тұщы судың едәуір қорысыз тірі қалу мүмкін емес! Жазда шөлде ұзақ уақыт болу үшін күн көзін қалқалайтын жерге күрке жасау, авариялық дабылдар орнату, суды пленкалық бу конденсаторларының көмегімен алумен тұщы суды тәулік бойы бақылау, бақытсыздық белгісін беру қажет.  
Түнде шөлде жарық дабылы анық көрінеді (шам, от, жарық).  
Күндіз мүлдем жүруге болмайды! Түнде тек қысқа қашықтыққа жүруге болады.  
Шөлде адам дененің кебуінен, ыстық пен күннің өтуінен, улы жыландар мен өрмекші тектестердің шағуынан қаза болуы мүмкін.




 

                                              

 

 


Информация о работе Табиғат апат кезіндегі техникалық қауіпсіздік