Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:17, реферат
Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады.
Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері.
Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуыда аса қауіпті. Қалдықтардың әр-түрлі болуына сәйкес олардың тигізер әсері де әр-түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру Қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын заттары құртып, балықтарды үлайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әртүрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенолдардың зияны көп. Енді біреулері судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің арақатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмге қауіпті.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкүрт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. От тектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің қырылуына әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасында су біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқы түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе, оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазір де барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемі мен теңіздердің көлемі әлденеше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процесстердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсірісе, құрлық жағалауының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгелі. Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара-қатынасын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне зиян әсер тигізеді.
Теңіз суларының мұнай қалдықтарының ластауда негізгі рольді танкерлер атқаратын. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі тенкерлердің күйреуі аса қауіпті. Оның әсері адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады.Осының нәтижесінде тері астына қан үйіліп, ауруға шалдығады. Бұл адамға да жұғуы мүмкін.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті.Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап
отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Таза болса табиғат –
Аман болар адамзат, -
деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Осындай экологиялық зардаптар Павлодар өңірінде де кеңінен байқалады. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен – табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. (2-сурет). Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Информация о работе Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері