СОӨЖ терминдер 1-апта

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание работы

РАДИОКТИВТІК ЫДЫРАУ ЗАҢЫ (Закон радиоктивного распада) — радиоктивтік элементтің атом ядроларының саны уақыт өткен сайын мына экспонент бойынша азаяды: N=N0 Е-λt. Мұндағы N—t уақыты аралығында ыдырамаған радоиктивтік элементтің атомдар саны; N0 кез келген уақыттың нөлдік сәті деп қабылданған элементтің атомдар саны; λ— радиоактивтік элементтің(λ=0,693/T½ жартылай ыдырауы кезеңімен T½-ге байланысты атомның уақыт бірлігінде ыдырау ықтималдығы) тұрақты саны; E— натурал логарифмдер негізі.Р.ы.з. ықтималды, яғни ыдырайтын атомдардың өте үлкен сандары ғана үшін дұрыс.Мұның геологиялық тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау үшін маңызы зор.

Работа содержит 1 файл

СРСП терминдер.docx

— 33.64 Кб (Скачать)

СОӨЖ терминдер 1-апта

1.РАДИОКТИВТІК ЫДЫРАУ ЗАҢЫ (Закон радиоктивного распада) — радиоктивтік элементтің  атом ядроларының  саны уақыт өткен сайын мына экспонент бойынша  азаяды: N=N0 Е-λt. Мұндағы N—t уақыты аралығында  ыдырамаған радоиктивтік  элементтің  атомдар саны; N0  кез келген уақыттың нөлдік сәті деп  қабылданған элементтің  атомдар саны; λ— радиоактивтік  элементтің(λ=0,693/T½ жартылай ыдырауы кезеңімен T½-ге  байланысты атомның  уақыт бірлігінде  ыдырау ықтималдығы) тұрақты саны; E— натурал логарифмдер негізі.Р.ы.з. ықтималды, яғни ыдырайтын атомдардың  өте үлкен сандары ғана үшін дұрыс.Мұның геологиялық тау жыныстарының  абсолюттік жасын анықтау үшін маңызы зор.                                                                                                            2.СУКЦЕССИЯЛЫҚ БӘСЕҢДЕУ ЗАҢЫ (Закон сукцессионного замедления) — тұрақты  жағдайдағы, кемеліне  келген тепе-теңдік  жүйелердегі болып жатқан процесстердің  дағдыдағыдай бәсеңдейтін бағыт білдіруі. Шаруашылық шаралары кезінде  оның жүйелерін тепе-теңдік  жағдайынан шығарып алмай немесе шаруашылық әрекетті жүргізу үшін басқа  ерекше жағдай жасамай табиғатты "асықтырудың" келешегі жоқ. Мыс., жаңа түрді жерсіндіру алғашқы кезеңде,әсіресе  түр үшін табиғаттың  қолайлы антропогендік өзгеруі кезінде( биотехникалық шараларда,т.б.) нәтиже берді.Бірақ содан соң популяциялық күр қсу басылады, экожүйе деңгейінде өзін-өзі реттеу жүреді.Егер түр жаппай зиянкес болмаса, оның шаруашылық мәні бірден төмендейді.Мелиорацияның  кез келген түрі алғашқы кезде өнімді ұлғайтады, бірақ содан кейін  өсім азаяды да,өнім белгілі бір деңгейде қалыптасады.Табиғи жүйелер тепе-теңдік жағдайынан шығарылып, содан соң оған  ұмтылған кезде табиғатты пайдаланудың қатаң әрекеттерін  жүзеге асырғанда жаңа тепе-теңдік қалыптасу барысында биологиялық өнімділіктің  және пайдаланылатын жердің  шаруашылық түсімділігінің  біртіндеп төмендеуін ескерген жөн.Бұл жағдай әсіресе экономика үшін қолайсыз тепе-теңдік орныққан кезде өте маңызды болады.Мыс., алқаптарды суармалау  кезінде өте жоғары сортаңдануы — олардың тұрақты жолуы мүмкін.Сонымен бірге бұл экожүйе үшін қосымша су келмейтін болса,бірінші кезеңмен салыстырғанда алқаптың әрі қарай сортаңдануы қандай да бір масштабтағы артық шамадан аз жүретін болады.Осыған байланысты Сібір өзендерінің  суын  Орта Азиядағы алқаптарды суармалау мақсатына алып келудің  теориялық та келешегі жоқ,өйткені оны жүзеге асыру едәуір алқаптардың сортаңдануының тұрақты жағдайына әкеліп соғуы мүмкін.                                                                                                                3.ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕСЕБІНЕН ДАМУ ЗАҢЫ(Закон развития за счет окружающей среды) — кез келген табиғи жүйе  өзін қоршаған ортаның  материалдық- энергетикалық және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ғана дамиды.Абсолюттік оқшау даму мүмкін емес.                                                                                       4.ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІК ЗАҢЫ(Закон органиченности природных ресурсов)—1)жердегі  табиғи қорлардың  барлығы да шектеулі.Бұл заң мынаған негізделеді: планетаның өзі  табиғи шектеулі біртұтас  әлем болғандықтан, оның барлық табиғи ресурстары шекті. Заң планета табиғи шектелген тұтастық болғандықтан, онда шектеусіз бөліктері болуы мүмкін емес деген қағидаға негізделген.Олай болса, "сарқылмайтын" табиғи ресурстар санатын ұғынбаудан пайда болған.Бұл ресурстарға мыс., энергетикалық ресурстарды жатқызады.Өйткені, күн энергиясы іс жүзінде пайдалы энергияны алудың сарқылмайтын көзі деп есептеледі.Мұндағы қателік биосфера энергетикасының шектеулері ескерілмейді. Оған антропогендік өзгеруінің бір пайызды ережесі бойынша рауалы шегінен асып кетуі себеп болуы мүмкін.Қазіргі кезде биосфераға энергияны жасанды енгізу мөлшері шектік мәніне жетуге жақын.                                                        

5. ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ ӘСЕР ЗАҢЫ (Э.МИТЧЕРЛИХ — А.ТИНЕМАН — Б.БАУЛЕ ЗАҢЫ)(Закон совокупности (совместного) действия природных фактороф Э.Митчерлиха — А.Тинемана — Б.Бауле) өнім мөлшері жеке, тіпті шектейтін факторға емес, бір мезгілде экологиялық факторлардың барлық жиынтығына байланысты болады.Әрбір жеке фактордың "салмағы"әсер коэффициенті), олардың жиынтық әсерлерінде әр түрлі болады және оны есептеуге мүмкіндік бар. Қаралып отырған заңдылық  әрбір фактордың жете көрінуі жағдайында,  басқаларының қаралған  жиынтықта өзгермейтінінде, тек әсердің бірқалыпты әсері үшін дұрыс болады. Ол қолданбалы экологияда және табиғатты пайдалануда өте маңызды. Мұны есепке алу көп факторлы  талдау шеңберінде басқа барлық әсерлердің  мәндері тұрақты болғанда  бір фактордың әсері шыңына жеткеннен кейін төмендейтінін көрсетеді;2) қоршаған табиғи ортадағы  биологиялық түрдің популяция тығыздығын (нөлден максимал санына дейін) анықтайтын қажетті фактор.Бұл экологиялық валенттігі аз организмдердің  даму сатысына әсер етеді.Сонымен бір түрдің осы даму кезеңіне  қажетті оңтайлылығынан қашық мөлшерде және қарқындылықта ықпал жасайды. Мұндай тұжырымда заң қоршаған ортадан организмдер өзіне қажеттіні белсенді түрде таңдамағанда және оны өзгертуге қабілетті болмаған жағдайда ғана дұрыс болады.                                                                                     6.ТЕКТІК ӘРАЛУАНДЫЛЫҚ ЗАҢЫ (Закон генетического разнообразия) — тіршілік иелерінің бәрі тек жағынан әр түрлі  және боилогиялық әртектілігін ұлғайтуға ұмтылады. Дарақтардың біртекті екеуін, табиғатта бірдей түрлерді кездестіру мүмкін емес.Т.ә.з. қарапайым және жалпыға белгілі сияқты. Оның әсері микроорганизмдермен  сорттардың таза дақылдарын сақтау кезінде  барлық уақытта ескеріледі.Т.ә.з. тірі заттектің физика-химиялық  бірлігі заңына қарсы әрекет жасайтын сияқты,бірақ  бұл негізгі ережелерді есепке алу арқылы  табиғат пайдаланудағы  көптеген қате шешімдерден сақтануға болады.           

7. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЗАҢЫ (Закон константности (В.И.Вернадского) — биосфера санының кез келген өзгерісі  қалайда аумаға тура  сондай көршілес аймаққа әсер етеді,алайда бұл кері әсер болмақ.                                                                                                                                          8.ҮЙЛЕСІМДІЛІК ЗАҢЫ (Закон корреляции (Ж.Кювье) — организмнің бір бөлігінің  немесе жекелеген міндеттерінің өзгерісі  басқа бөліктер мен міндеттердің  өзгеруіне әкеліп соғады.                                                                                                                                             

9.ШЕКСІЗ ПРОГЕСС ЗАҢЫ(Закон неорганиченности прогресса) — қарапайым қалыптан күрделі  қалыпқа қарай дамудың шегі болмайды.Ш.п.з. мәңгілік , үздіксіз және абсолютті қажетті болып түзілуі мүмкін.                                                                                                                         10.ІШКІ ДИНАМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЗАҢЫ(Закон внутренного динамического равновесия) — заттек, энергия, ақпарат және жекелеген табиғи жүйелердің  динамикалық сапасы мен олардың бағыныштылығы  бір-бірімен байланысты екендігі сондай, аталмыш көрсеткіштердің біреуінің кез келген өзгерісі  осы жүйенің заттық- энергетикалық, ақпараттық және динамикалық қасиетін сақтап тұрған жалпы қосындыға бірдей әсер етеді.                  

 

 

СОӨЖ терминдер 2-апта

1.ЭВОЛЮЦИЯ ЗАҢДАРЫ ("Закон  эволюции"(К.Ф.Рулье) — 1) жан-жануарлардың сыртқы дүниемен  байланысы немесе тірі элементтердің екіұдайлық заңы: "Даму жолымен толық жүріп өту үшін жан-жануарларға тән элементтің екі түрінің де, сондай-ақ олар үшін сыртқы элементтер болып табылатын элементтердің де қатысуы шарт";2) барлық маңызды тіршіліктің біртіндеп қалыптасу заңы — табиғатта ештеңе де мәңгілік емес, барлық нәрсенің өз тарихы бар: "кейінгінің бәрі де бұрынғының жаңарған жалғасы болып табылады";3)ұйымдастырудың күрделену заңы.                                                                                           2.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ЗАҢЫ(Закон экологической кореляции) — кез келген біртұтас табиғи жүйелілік  құрылымдарындағыдай экожүйеде де, әсіресе , биотикалық қауымдастықта сол жүйеге енетін  тіршілік иелерінің бәрі мен абиотикалық- экологиялық құрауыштар бір-біріне функциялық түрде сәйкес келеді. Жүйенің бір бөлігінің істен шығуы (мыс., бір түрдің жойылуы) міндетті түрде жүйенің  осы бөлігімен тығыз байланыстағы басқа бөліктердің  жойылуына және біртұтас жүйенің ішкі динамикалық тепе-теңдік аясында функциялық өзгеріске қшырауына әкеледі.                                                      

3.  ЭНЕРГИЯНЫ МАКСИМАЛДАУ ЗАҢЫ (Закон максимизации энергии (Г и Э.Одумов) — басқа жүйелерімен  бәсекелестікте олардың ішінен энергияның  түсуіне жақсы ықпал ететін және оның көп бөлігін  тиімді тәсілмен пайдалана білетіндері тірі (сақталып) қалады.                                                                                                                                                          4.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҢТАЙЛЫЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ(Правила географического оптимума) — түр таралған аймақ орталығында түрдің  тіршілігі үшін ең қолайлы жағдай болады, бұл жағдай шеткі аймақтарда нашарлай түседі.                                                                                               5.ЕҢ ЖОҒАРҒЫ "ТІРШІЛІК ҚЫСЫМЫ" ЕРЕЖЕСІ (Правило максимального "давления жизни") — организмдер өздерінің санын брынша көбейтуді қамтамасыз ететін қарқындылықпен көбейеді.                                                                                                                       6.К.БЕРГМАН ЕРЕЖЕСІ (Правило К.Бергмана) — географиялық өзгерістерге бейімделген  жылы қанды жануарлар  дарақтарының денесі  статистикалық тұрғыдан  түрдің таралу аймағының  суықтау бөлігінде  тіршілік ететін популяцияға  қарағанда кішкене болады.Бұл жануарлардың  әр түрлі климат жағдайларында  денесінің тұрақтв температурасын  сақтауын білдіреді, яғни жануар неғұрлым ірі болса,  оған жылу сақтау соғұрлым жеңіл болады.Мыс., Арктиканың  ақ аюының  салмағы 1000 кг-ға дейін, қоңыржай ормандардағы қоңыр аю — 760 кг,Антрактиданың императорлық пингвинінің  бойы 120 см-ге дейін, ең кіші  галапагос пингвинінің бойы — 40 см болады.К.Бергман ережесі  жануарлар экологиясында қолданылады.                                                                                     7.ҚОРЕКТІК ӨЗАРА ТӘУЕЛДІЛІК ЕРЕЖЕСІ (Правило пищевой кореляции) — эволюция барысында көбею жылдамдығы  өздері өмір сүріп отырған  азық ресурстарының санымен үйлесімді популяциялар ғана сақталады. Солай бола тұра көбею  жылдамдығы қашан да  максималды мүмкіндіктен төмен болады және азықтық ресурстар  қоры әрдайым қалып отврады.Бұл ережеден ауытқу  популяциялардың азықсыз қалып, тіршілігін тоқтауына немесе көбею қарқынын бәсеңдетуіне апарып соқтырады.                                                                

8.  К.МЕБИУС — Г.Ф. МОРОЗОВТЫҢ ӨЗАРА БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕЖЕСІ (Правило взаимоприспособленности К.Мебиуса — Г.Ф.Морозов) — биоценоздағы түрлердің бір-біріне бейімделгені соншалықты олардың қауымдастығы ішкі қайшылықта болғанымен, біртұтас және өзара үйлестірілген  жүйелі тұтастық құрайды, пайдалы және зиянды жәндіктер тіршілік етпейді,бұнда барлығы бір-біріне қызмет етеді және өзара  бейімделген қ. Зиянкес,Зиянды жануар, Зиянды өсімдік.                                                                                             

9.ҚОСЫМША ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІК ЕРЕЖЕСІ (Правило оптимальной компонентной дополнительности) — экологиялық құраушытарының бірі жасанды түрде молайтылған немесе, керісінше, азайтылған ешқандай экожүйе өздігінен тіршілік ете алмайды (қосымша оңтайлы құрамдас бөлік ережесі 100%-дық толықтырылған жағдайларда, әдетте,есепке алынбайды.Өйткені су экожүйесі тек сулы ортада ғана дамиды).Экологиялық құрауыштың "нормасы" деп белгілі бір типтің экологиялық тепе-теңдігін сақтайтындарын ғана айтамыз.   

 

10.Шекті рауалы деңгей-шекті рауалы концентрация секілді,бірақ ортаны шу,радиоактивтік,электромагниттік сәулелену және т.б арнайы физикалық ластағыштармен ластауға байланысты қолданылатын ұғым.


Информация о работе СОӨЖ терминдер 1-апта