Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 23:49, лабораторная работа
Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.
Өртті сөндіруге арналған шашыратқыш – РС-2 типті оқпандар суды шашыратып береді. Ол үшін жоғарғы жағында шашыратқыш орналасқан. Яғни бұрылғыш муфта арқылы суды жауып реттеуге болады.
Дисперсті су газында өрт температурасын түсіріп, өртті тоқтату әртүрлі су шашқыштармен жүзеге асырылады. Ең көп тараған ВВР-1 (10-сурет) екі винтті отырғышы бар су шашқыш.
10-сурет.
ВВР-1 су шашқышы
Ішкі өртке қарсы су құбыры өрттің аймағын өшіруге арналған. Ол тірек жүйелердегі су құбырларында ішкі өрт көтергіштері орналасқан. Тіректер барлық жағынан қол жететіндей етіп орналасу керек. Олар көбінесе сатылы аймақтарда орналасады. Өнеркәсіп өндірісіндегі су құбыр торлары сақиналы және сыртқы су құбырлар торынан немесе өзіндік су көздерімен жабдықталады. Өндірістің ішіндегі өрт сөндіруге есептеу бойынша 2,5-5 л өнімділікпен екі өрт сөндіру су ағысы қолданылды.
Өртке қарсы көтергіштер жылу берілетін бөлмелерде еденнен 1,35 м биіктікте орналасады. Ұзындығы 10 – 20 м болған иілгіш өртке қарсы құбырлар арнайы сөрелерге салынады.
Өртке
қарсы құбырлар болмаса, өртті үш
сағат ішінде сөндіруге кететін
су сиятындай бөшкелер орнатылады.
4.3
Өртті сумен сөндірудің
механикалық және
автоматтық құралдары
Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто- сорғыш, ал автоматты құралдарға – спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады.
Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері – бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады.
Қазіргі кезде қозғалмалы мотопомпалар М-600, МП-800 және МП-1200 қолданылады. Тағы да МП-1400, МП-1600 (11-сурет, № 6-плакат) түрлері бар.
Өрт сөндіру үшін керек болатын жабдықтар мен өрт сөндіру командаларының жеке құрамын өрт орындарына автоцистерна мен авто сорғыштар көмегімен жеткізіледі. Оларда суды өрт орындарына беру және ауа-механикалық көбік алуға арналған ортадан тартқыш сорғыштар орналасқан.
Өрт автомобильдер арасында сыйымдылығы 2,1-5 м3 АЦ-40 автоцистерна кең тараған. Түйірлі өрт сөндіргішті АП-3 ПС және ПСБ-3 запас түйіршіктермен 3,2т мөлшерде арнайы автомобильі бар. Аэродомдық қызмет автомобильдері АА-60 және АА-40, сумен, ПО ерітіндісімен және 114в2 хладоппен жабдықталған. Ауа – көбікті сөндіргіш автомобильдер АВ-40, көбік түзегіш запасы 400 л-ға дейін, төмен дәрежелі көбік алу үшін қолданылады.
Автоматты құрал
қатарларына шашыраған суы бар
спринклерлі құралдар кіреді. Олар
ғимараттар төбесіне орналасады да түтіктерден
тұрады. Ол түтікте спринклерлі болады.
11-сурет. МП-1600 тіркеуіші
12-сурет. Металл құлыпты
мотопомпа спринклері
Спринклердің бастарында оңай балқитын металл немесе шыны құлып бар (12-сурет). Бөлгіш түтіктің үш басына шутцер (1) басы бұралады да одан су ағыны отқа қарсы шығады. Диафрагма (3) басында шыны клапанмен (4) жабылған саңылау бар. Клапан 4 құлыппен (5) жабылады, оның екінші басы разеткаға (2) жалғанып, суды шашыратады. Металл құлып (3) қызыл мыс тілімшесінен тұрады. Олар бір-бірімен өзара оңай балқитын балқымамен жалғанған. Ол шыны құлып әбден жабылған капсула. Шыны құлыпты ашу температурасы 53oС, ал металды – 0,5; 72; 93; 141 және 182oС. Бір спринклер ашылса табақ бақылаушы клапан көтеріледі де су түтікпен электрлі дабылға беріледі.
Қолдану практикасы спринклерлерді пайдаланғанда 90 % аса өртті сөндіруді қамтамасыз ететінін көрсеті.
Топталып жұмыс істейтін дренчерлі құрылғыларды спинклерлі түтіктер, керілген тростар бар. Құрылғының біреуін ашса камераның клапаны астында қысым түседі де, ол ашылып су түтік торына дренчерге келеді.
Топталып
істейтін дренчерлі құрылғыда қолмен
және қашықтықтан басқаратын құрылғы
болады. Ол үшін дефлекторлы немесе
қалақты дренчер қолданылады.
5
ӨРТ БАЙЛАНЫСЫ
ЖӘНЕ ДАБЫЛ БЕРУ
Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.
Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.
Өртке
қарсы дабыл беру құрылғылары
өртке қарсы және өртке қарсы
күзетілмелі болып екіге
Негізгі
өрт элементтері мен өрт
Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.
Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.
Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.
Кешенді
СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін,
жылу, ашық өртті анықтауға арналған
және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен
хабарлайды. Өртке қарсы дабыл
беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір
блок 10 хабар берушіден құралған).
Өнеркәсіп өртті
ҚОСЫМША
Өрт
қауіпсіздігі бойынша өндіріс санаты
Өндіріс санаты | Өндірістегі заттар сипаттамасы |
А
Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс |
Жанғыш газдар, ең төменгі жарылу шегі 10 %; өрт шығу температурасы +280С дейінгі сұйық, өнеркәсіп көлемінен 5% жоғары болса, сумен әрекеттескенде жарылып жанатын заттар; |
Б
Өртке
қауіпті өндіріс |
+610С жоғары жарылғыш бу сұйығы, жанғыш талшық, шаңдар, төменгі өрт шығу шегі 65 г/м3 ауа көлеміне шаққанда, сумен, ауа оттегімен немесе бір-бірімен араласу үшін жану тәсілдері, тек қатты жанғыш заттар мен материалдарға әсер етеді. |
В | Жанбайтын заттар және ыстық, балқыған, қызған күйдегі материалдар, қатты, сұйық, әрі газ тәрізді заттар. |
Г |
Жанбайтын немесе сұйық күйдегі материалдар онеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, жанғыш газ өртке қауіпті шаңнан өрт шығады, сонымен қатар технологиялық процестерде жарылыс болуы мүмкін (жанусыз); заттар, сумен, оттегімен немесе бір-бірімен араласу үшін (жанусыз) жарылыс тәсілдері. |
Д
Өртке қауіпті өндіріс |
Суық кезде
жанбайтын заттар мен материалдар |
Е
Жарылғыш өртке қауіпті өндіріс |
Жанғыш газдар ең жоғарғы жарылу шегі 10 % ауа көлеміне шаққанда, өрт шығу буы температурасы +280С – тан +610С дейін сұйықтар, газдар, сұйықтар, шаңдар қосылса өрт түзілетін сұйықтар тұтану және жоғары температурада қыздыру жағдайындағы өндіріс; жанғыш шаңдар мен талшықтар, 65 г/м3 жарылыстың төменгі шегі және өнеркәсіп көлемінен 5 % жоғары болса, көрсетілген газдар, сұйықтық және шаңдар, қоспа көлемінде жарылыс қаупін төндіреді. |
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ