Ресей мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 13:40, реферат

Описание работы

Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді

Работа содержит 1 файл

Ресей мәдениеті.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Ресей мәдениеті


Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузиясияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты

Ежелгі славяндардың мәдениеті


Ежелгі славяндардың мәдениеті — орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.

Ежелгі славяндардың дүниетанымы


Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун — қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай — «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер — ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Любимов Л. [2]. — Алматы, 1989. — 67-бет). Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.

Ежелгі Русь мәдениеті


Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.

XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениеті


XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.

Mәскеулік кезең мәдениеті


XV ғасырда Новгородтық  өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің — барокко мен «мұжықтық» мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (1626—1686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымаc қайраткер, әрі тамаша педагог Ущаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіндемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константинов» Б. Огурцов және т.б. салған Мәскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (1635—1636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (1635—1653 ж.) XVII ғасырдан сәулетшілік және кескіндемелік ;ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады.XVII ғасырда миниятюра да, графика да гүлдеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде, халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мөдениетінің басты сипаты — оның басқа халықтар мөдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық,рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мәдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалды.Петрдің реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларымен қатар мәдени өмірді де қамтыды. Соның нәтижесінде бұдан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда мәдени дамудың қарқыны күшейіп, өнер саласында жаңа стильдер (борокко, рококо, классицизм) қалыптасты. Бүл Ресейлік жаңа заман мөдениетінің басты ерекшелігі болды.Ерекше атап өтетін бір жайт, тек қана Петрдің кезінде ғана мектеп, жастарға білім беру мәселесі — мемлекеттік мәселеге айналды.Мамандар тапшылығына байланысты отандық ақсүйектік мектептер жүйесімен қатар, XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап жастарды шетелдерде оқыту ісі қолға алына бастады. Халықтық ағарту ісінің жолға қойылуы, түрлі мектептердің ашылуы — оқулықтар санын көбейтуді қажет етті. Сөйтіп XVIII ғасыр басынан бастап кітап басып шығару ісі жолға қойылды. Жаңа жағдайда ескі оқулықтардың орнына «Әліппе», «Славян грамматикасы», «Арифметика» сияқты мүлде жаңа заман талабына сай оқулықтар шығарыла бастады.

Баспалар


Ұлы Петрдің  Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы — халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған «Ведомости» ғазеті — Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым жөне ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық — адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр — XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады


Информация о работе Ресей мәдениеті