Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 04:53, реферат
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
1.Кіріспе........................................................................................................2
2.Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы....5
3.Ерекше қорғалатын аймақтағы табиғи мен зоологиялық саябақтар,
табиғат ескерткіштері мен ботаникалық бақтардың бір-бірінен ерекшкліктері және қазіргі жағдайы мен болашағы .................................6
4.Қазақстандағы қорықтардың қазіргі жағдайы, олардың табиғат қорғау ролі ...............................................................................................................17
ТАБИҒИ САЯБАҚТАР
Көрікті ландшафтыларды, табиғи кешендерді қорғаудың бұл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қорыұтардан біраз айырмашылықтары бар. Мұнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдасқан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист соқпақтары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасқан.
Қазіргі кезде Қазақстанда 7 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ бар. Олар: Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатон Қарағай, Шарын. Солардың кейбіреулеріне сипаттама берейік.
Алтынемел ұлттық табиғи-тарихи саябағы. Ұлттық табиғи-тарихи саябақтар – табиғат қорғауда едәуір орны бар, республикалық санатқа ие, экологиялық, рекреациялық, ғылыми жағдайы жағынан ерекше құнды табиғи-тарихи объектілерді көп салалы пайдалануға және қорғауға арналған аймақ. Алтынемел саябағы 1996 жылы 10 сәуірде Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарының аумағында ұйымдастырылған. Ұлттық саябақ Іле өзенінің терістігінде орналасқан. Жер көлемі – 520 мың га. Саябақ аумағында Жетісу Алатауының сілемдері – Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қоянды тау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Қату тау, Ақтау жоталары, Әйгілі Әнші құм кіреді. Саябақта көптеген археологиялық ескерткіштер бар. Сақ дәуірінде сақталған Бесшатыр қорғанының маңызы зор. Әрі бұл жер Ұлы Жібек Жолы өткен тарихи аймақ. Қоған ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үнгірлер мен тастарға бай. Қазақ халқының ұлы ғалымы, әрі саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың мұражайы да осында. Саябақта өсімдіктерден шырша, үйеңкі, тураңғыл, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша т.б. өседі. Омыртқалы жануарлардың көтеген түрлері мекендейді. Сүтқоректілерден – құлан, қарақұйрық, арқар, тау теке, елік, ақбөкен, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, сусар, қоян; құстардан – бүркіт, тасқара, ителгі, кекілік, қарғалы, бұлдырық; балықтардан – сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалыш т.б. тіршілік етеді. Омырқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақтар қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті жұмыс істейді. Орталығы – Басши ауылы. Саябақтың жергілікті және шетелдік туристтерге табиғат қорғау жұмыстарын насихаттауда алатын орны зор.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Павлодар облысындағы Баянауыл орман алқабын сақтап қалу, туризмді реттеу және жаппай тынығу жағдайын жақсарту мақсатында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде ұйымдастырылды (1985 ж). Жоба бойынша табиғи саябақ аумағы 50 мың га алаңды қамтиды.
Орталық Қазақстанның бұл оазисінің Сабындыкел, Жасыбай мен Торайғыр секілді көрікті көлдерін қөмкеріп жатқан жақпар тасты таулар, өсімдіктер әлеміне өте бай. Мұндағы орманның дені – реликті қарағайлар. Сондай-ақ қайын, көктерек, мойыл, итмұрында баршылық. Орман ішінде оқта-текте елік, тау беткейлерінде арқар кездесіп қалады.
Қайталанбас көркі бар Баянауыл өлкесі табиғаттың тамашалаушылардың легі жыл бойына өссе толастаған емес. Арнайы демалыс орындары жылына 2 мыңға жуық адам демалып қайтады. Ал өз бетінше келіп тынығушылар саны 100 мыңнан асып жығылады. Әрине кейбір демалушылар тарапынан бұл аймақтың табиғатына нұқсан келіп жатады. өрт шарпыған орман алқаптары, лайланып, ластанған көл жағалауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өкілдерінің сиреуі талайдан ой салып келеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы табиғатқа да, демалып тынығушыларға да қолайлы жағдай туғызатын болды.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы. Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998 ж) бұл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет – Орталық Қазақстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жұмыстары жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және тағиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймақты қамтып жатыр. Қарқаралы және Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы аумағының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қарқаралы және Кент қорығы аймақары, Арқалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар бөлігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс ұйымдастыру көзделіп отыр.
Өлкемізде Баянауыл, Қарқаралы сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бұзбай сақтауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорық сияқты саябақ үшінде де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ ұйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылықпен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру – бүгінгі күннің талабы.
ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕР
Кең байтақ даламызда бір кездері мекендеген, бірақ бертін келе жойылып кеткен мамонт, жүндес мүйізтұмсық, керік т.б. көптеген хайуанаттардың қазба қалдықтары мен сонау көне дәуір куәлары реликті өсімдіктер мен жануарлар – бұлар миллиондаған жыл бойы тіршілігін жоймай сақталып, бізге жеткен табиғатымыздың тамаша ескерткіштері. Міне, табиғат ескерткіштерін қорғаудың эстетикалық және ғылыми маңызы орасан зор. Өйткені оларда жан-жақты зерттеу арқылы ғалымдарымызға жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің қалыптасу тарихынан, олардың эволюциялық даму жолынан және табиғаттың басқа да небір жұмбақ сырларын ашу үшін қажетті құнды мәліметтер алуына мүмкіндік туады.
Сондықтан табиғатымыздың мұндай баға
жетпес байлығы – табиғат
Табиғат ескеркіштері саналатын алып
мамонт пен қатар тіршілік еткен
ақбөкен, құлан, жұпартышқан, қарамойнақ
мойнақ сияқты жануарларды қорғау,
олардың қорын молайту
Қазіргі кезде елімізде республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіші бар. Олардың екеуі – Шарын шаған тоғайы мен Шынтүрген шыршалы алқабы Алматы облсының аумағында, ал ертедегі жануарлардың қазба қалдықтары шоғырланған «қазқонақ» («гусиный перелет») атты табиғат ескерткіші Павлодар облысының аумағында орналасқан. Осы аталған табиғат ескерткіштерінің бастапқы екеуін қорғап, оны күтімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы басқармасы жүргізсе, ал «Қазқонақ» ескерткішін сақтап қалу жауапкершілігі Павлодар облыстың табиғат қорғау комитетіне жүктелген.
«Жетісу маржаны» аталып кеткен Шарын шаған тоғайы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы аумағындағы Сарытоғай сайы арқылы ағып өтетін Шарын өзені жағалауын бойлап орналасқан. Бұл табиғат ескеркішінің қазіргі уақытта алып жатқан жалпы жер көлемі – 3150 га, оның 4855 га 25 км-ге созылып жатқан орман-тоғай үлесіне тиеді. Мұнда шаған ағашының бірге жиде, Қарағаш және басқада өсімдік түрлері күтімге алынған. Биіктігі 25-30 метрге жетіп, 300 жылға дейін тірілігін жоймайтын саялы шаған ағашы еліміздің оңтүстік өзендері жағалауында едәуір көп кездеседі. Шарын шаған тоғайы ғалымдардың пікірінше осыдан 5 миллион жыл бұрын пайда болғаны көрінеді. Сондықтан реликті шаған ағашының ең көп шоғырланған осы бір көрікті жерін сақтап қалудың ғылым үшін орасан зор маңызы бар екендігі ескеріліп, 1964 жылы «Табиғат ескерткіші» болып жарияланып, қорғауға алынды.
Көптеген жылдар ішінде небір сұрапыл геологиялық кезеңді басынан өткізген бұл тоғайдын жойылып кетпеуіне осы өзен жағалауының өзіндік ауа райы бірден бір себепші болған көрінеді.
Шындығын да бұл жердің ауа райы тоғай өсімдіктеріне, онда тіршілік ететін жануарлардың өсіп өнуіне қолайлы. Өйткені Шарын өзенінің 20-100 м-ге дейін жететін биік аңғары айналасындағы шөл даланың құрғақшылығынан сол маңайды қорғап тұрады. Өзеннен алыстау жатқан жерлерде ылғал сүйгіш шаған ағашының нағыз шөл өсімдігі – сексеуіл мен қатар өсіп тұрғандығының куәсі боласыз. Мұның өзі шаған ағашының табиғаттың қолайсыз жағдайларына қаншалықты төзімді екендігін байқатады.
Ескерткіш болып жарияланып, қорғауға алынғанға дейін Шарын тоғайы іргелес жатқан елді мекендерді көптеген жылдар бойы қыстық отынмен қамтамасыз етумен қатар, мал отарларының қыстағы ретінде де пайдаланылған. Сонымен қатар шаған ағашының сапалы болуына байланысты ауыл шаруашылығына, авиация өнеркәсібіне қажетті бұйымдар мен басқа да бағалы заттар жасау үшін шикізат ретінде көп мөлшерде пайдаланылып келген.
Тек «табиғат ескерткіші» болып жарияланғаннан кейін ғана өрттен, қисынсыз кесілуден қорғау ісі қолға алынып, қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла басталды. Шарын өзенінің сол жақ жағалауы мен канал жүргізілгеннен бергі уақыт ішінде ағаштарды суғаруға, өзеннен қиыршық тасты жерлерін игеруге мүмкіндіік туды.
Табиғат ескерткіштерінің бірі – Павлодар қаласының орталығындағы «Қазқонақ». Бұл табиғат ескерткіші дүниежүзілік палеонтология әдебиеттері беттерінен «Гиппарион хайуанаттары» деген атпен орын алып жүр. Ертеде кең – байтақ жерімізде үйір-үйірімен жосып жүрген, бірақ кейіннен жойылып кеткен жануар сүйектерінің өте көп шоғырланған бұл жері Ертіс өзенінің жар қабақты оң жақ жағалауынан 2 га – дай шағын аймақты алып жатыр.
Басқа жануарларға қарағанда гиппарион жылқысының сүйегі басым болғандықтан, бұл жерді мамандар «Гиппарион хайуанаттары» деп атады. Үйір-үйір табынымен Сібір және Қазақстан жерінде тіршілік еткен 3 тұйяқты гиппарион жылқысының 2 түрі белгілі. Біреуінің дене тұрқы қазіргі есектен сәл кішілеу, ал екінші кәдімгі жылқымен пара-пар болған.
Мұнда тіршілік еткен керік қазіргі Африка керігіне ұқсағанымен, мойыны қысқа әрі аяқтары ұзын болып келген. Бұл жерден мүйізтұмсықтардың, тасбақалардың, құстар мен әртүрлі сүтқоректілердің сүйектерін де кездестіруге болады.
Павлодар гиппарион фаунасы өкілдерінің арасына жыртқыш жануарлардың сүйектерін де байқау қиынға түспейді.
Аталған табиғат ескерткіштеріне қарағанда Шыңтүрген шыршалары атты табиғат ескерткішінің жағдайы біршама жақсы. Өйткені ол елді мекендерден алшақ, Іле Алатауының төрінен орын тепкен. Боскөл сайында орналасқан бұл табиғат ескерткішінің алып жатқан жер көлемі 900 га-ға жуық болса, соның 500 га-сы орман үлесіне тиеді. Шыңтүрген шыршаларының ғылым үшін ерекше маңызы бар екендігін ескеріп, бұрынға Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1968 жылдың 3 қаңтарында бұл аймақ «табиғат ескерткіші» деп жарияланып, қорғауға алынды. Қорғау жұмыстарын жүргізу Түрген орманшылығына жүктелген. Бір ескертерлік нерсе: осы аумақта ескерткіштің маңызы жазылған, көрікті безендірілген белгілер орнатылмаған. Сонымен қатар орман ішінде тазарту жұмыстары қолға алынбаған. Келешекте бұл табиғат ескерткішін сол қалпында сақтап қалу үшін іргелес орналасқан Алматы қорығының аумағына біріктірген жөн.
БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ
Қалаларда ірі-ірі өнеркәсіп орталықтарында көгалдандыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Көгалдандыру ісіне пайдаланылатын өсімдітердің сан алуан да әсем болуы сол аймақты көркейтіп, түрлендіріп жіберетіндігі белгілі.бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізінен, ботаникалық бақтарда жүргізіледі. Мұндай бақтар-бүгінде республикамыздың түпкір-түпкірінде және дүниенің басқа да бөліктерінде өсетін өсімдіктер әлемі өкілдерін жинақтап, оларды зерттей отырып, жаңа іріктемелерді шығарып,өсімдіктерді жерсіндірумен айналысатын ірі ғылыми мекеме. Қазақстанда 5 ботаникалық бақ бар. Олар:
Олар –дүние жүзі өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеудегі көптеген теориялық және практикалық мәселелерді шешуге жұмылдырылған табиғат лабораториялары.
Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Бас ботаникалық бағы 1932 жылы қарашада ұйымдастырылып, оған 108 га-дай жер бөлініп берілді. Бастапқыда оған республикамызды көгалдандыру үшін қажетті бағалы өсімдіктерді анықтап, оларды мәдени жолмен өсіріп тарату, Қазақстаннның жабайы өсімдіктерінің пайдалыларын зерттей отырып, өсімдіктердің жаңа түрлерін әкеліп, жергілікті жағдайда өсіріп, көбейту, биологиялық ғылымның жетістіктерін, табиғат қорғау ісінің озық тәжірибесін насихаттау сияқты міндеттер жүктелген еді. Өзіне жүктелген міндеттерді талапқа сай орындай келе, бұл ботаникалық бақ ірі ғылым орталығына айналды. 1967 жылдан бері Бас Боатаникалық Бақтың жұмысы ғылыми зерттеу институттарының атқарып отырған жұмыстары дәрежесіне көтерілді.
Бас Ботаникалық Бақтың аумағында қазір өсімдіктердің 7 мыңнан астам түрлерімен іріктемелері өсіріледі, соның 1,5 мыңдайы ағаштар мен бұталар, ал 4 мыңнан астамы гүлді өсімдіктер. Ыстық материктерде өсетін өсімдіктердің 700-ге жуық түрі, 1969 жылы ашылған өсімдікжайда тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталған. Ботаникалық Бақ 70 га-дай жерінде Қаақстан, Еуропа, Қырым мен Кавказ, Сібір мен Қиыр Шығыс, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия өсімдіктер әлемі өкілдері өсетін экспозициялар орналасқан.
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтап, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылды. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.