Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:11, реферат
Жалпы «дара» сөзінің мағынасы бір дана немесе түр дегенді білдіріеді. Ал популяция дегеніміз — белгілі бір географиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын сол даралар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" — "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.
СОӨЖ-3, ХТОВ-103, ҚҰЛЖАБАЙ АЙДАНА
Жалпы «дара» сөзінің мағынасы бір дана немесе түр дегенді білдіріеді. Ал популяция дегеніміз — белгілі бір географиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын сол даралар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" — "халық, топ" деген мағынаны білдіреді. Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, аралдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады. Енді популяцияның негігі қасиеттеріне тоқтала кетсек:
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;
4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Tіpi қалу қисық сызығы — белгілі бір уақыт аралығында тірі қалған түр даралардың санын көрсететін график. Ол абсцисса өсінде өмірдің орташа не абсолют ұзақтығы (тіркелетін жастың өмірдің орташа ұзақтығынан ауытқуын) жылмен немесе пайызбен, ал ордината өсінде дүниеге келген 1 мың дараның тірі қалғандарының саны көрсетіліп құрылады.
Жалпы экожүйеде зат
алмасу процесі жүру үшін
Популяцияда түраралык байланыстың барлық формалары кездеседі. Популяциядағы өзіндік қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар. Бәсекелестік- тамақ,жер(территория), ұрғашы және т.б себептер үшін түрішілік және түраралық болуы мүмкін.Ал ынтымықтастық – бұл бір түрге жататын даралардың бір-бірімен бірігіп бір мақсатқа жету(арыстандардың бірігіп,жоспар құрып басқа түрге,яғни азықтарына шабуыл жасауы) Комменсализм (лат. commensalіs – табақтас, масыл) - симбиоздың бір түрі. Коменсализмде екі жануарлардың бірі, өзінің сыртқы ортамен қарым-қатынасын реттеуді басқа жануарғатолығымен жүктеп, өзі сыртқы ортамен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Мысал ретінде қарапус балықтарын келтіруге болады. Голотуриялардың ішек қуысына еніп, олар оны бас пана ретінде пайдаланады. Паразитизм-белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі.